11 ноября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Рим Папасы, ІІ Елизавета, Трамп қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

13 декабрь 2018, 13:47
Рим Папасы, ІІ Елизавета, Трамп қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай шет мемлекеттердің басшыларынан құттықтау жеделхаттары мен хаттар келіп түсті.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Америка Құрама Штаттарының Президенті жеке өзінің және барша Америка халқының атынан Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 27 жылдығымен құттықтады.

«АҚШ Қазақстанның тәуелсіздігін 1991 жылы алғаш рет мойындаған уақыттан бері елдеріміз үнемі екі жақты байланыстарды нығайту жолында жұмыс жүргізіп келеді. Сіздің биылғы қаңтардағы Вашингтонға сапарыңыз осы жылдар ішінде елдеріміз арасында қалыптасқан қарым-қатынастарымызды ілгерілетуге және нығайтуға тың серпін берді», – делінген жеделхатта.

Дональд Трамп Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылық етуімен Қазақстанның ядролық қаруды таратпау ісінің көшбасшысына және бейбіт өмірдің жақтаушысына айналғанын атап өткен.

«Мен берік ынтымақтастығымыз алдағы уақытта да жалғаса береді деп ойлаймын. Сізге және Қазақстан халқына келе жатқан Жаңа жылда табыс пен бақ-береке тілеймін!», – делінген АҚШ Президентінің құттықтау хатында.

Ұлыбритания Патшайымы ІІ Елизавета Нұрсұлтан Назарбаевты және Қазақстан халқын алдағы Тәуелсіздік күнімен құттықтап, бақ-береке және табыс тіледі.

«Ұлттық мерекелеріңізге орай келе жатқан жылы Қазақстан халқына амандық пен бақыт тілей отырып, зор ілтипатымды жеткізгім келеді», – делінген жеделхатта.

Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Сауд және Сауд Арабиясы Корольдігінің тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бен Әбдел Әзиз Әл Сауд барша Қазақстан халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдіріп, барлық саладағы екі жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізеді.

Рим Папасы Франциск Нұрсұлтан Назарбаевты Тәуелсіздік күнімен құттықтап, бүкіл Қазақстан халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тілеген жылы лебізін жолдаған.

Морокко Королі IV Мұхаммед өз жеделхатында Қазақстан мен Морокко арасындағы қарым-қатынастарға жоғары баға беріп, екі мемлекет халықтарының игілігі үшін ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған жұмыстарды жалғастыруға ниетті екенін білдірді.

Сондай-ақ, Куба Республикасы Мемлекеттік кеңесінің және Министрлер кеңесінің төрағасы Мигель Диас-Канель Нұрсұлтан Назарбаевты және Қазақстан халқын Тәуелсіздік қүнімен құттықтап, бақ-береке тілеген жеделхатын жолдады.

Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов өзінің хатында: «Қазақстан тәуелсіздік жылдарында мемлекеттілікті нығайту, халықтың әл-ауқатын және елдің халықаралық аренадағы беделін арттыру жолында зор жетістіктерге қол жеткізді. Түрікменстан мен Қазақстанның екі жақты қатынастары жоғары деңгейде екені қуантады. Бұл елдеріміз арасындағы табысты ынтымақтастық пен өзара тығыз байланыстың түрлі бағытта дамып келе жатқанын көрсетеді», – деп атап өткен.




Дереккөзі: Baq.kz
Просмотров материала: 1 584

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 174 682 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 174 470 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 174 087 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 174 137 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 174 428 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 260 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 399 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 628 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 700 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 861 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 545 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 958 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 402 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 237 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 058 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 264 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 329 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 005 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 394 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 114 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 128 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 961 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 795 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 054 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 994 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 513 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 983 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 828 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 105 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 445 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 846 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 800 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 848 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 805 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 034 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 182 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930