3 июля 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Алматылық атқышқа елден шығуға 9 рет тыйым салынған

24 сентябрь 2021, 17:41
Алматылық атқышқа елден шығуға 9 рет тыйым салынған
Алматылық атқыш Игорь Дужновқа тоғыз рет елден шығуға тыйым салынған. Бұл ақпарат Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ашық ақпарат көздерінде Игорь Дужновқа шетелге шығуға 2014 жылдың сәуірінде бірінші рет тыйым салынғанын көруге болады. Оған "Нано-Плюс" компаниясының "Қостанай-Кама" компаниясына 2,6 миллион теңге көлемінде төленбеген қарыз себеп болған. Екінші рет оған 2014 жылдың шілдесінде елден шығуға шектеу қойылған. Мұндай шешімге Дужновтың Рафаил Хайбуллинге 1,7 миллион теңгені қайтармауы себеп болған.

Әрі қарай, оған 2014 жылдың тамызында "Банк Центр Кредитке" 121 миллион теңге қарызын төлемегендіктен тыйым салынған. Дужновтан басқа, оның әйелі Анаид Демирчян, сондай-ақ екі компания "Нано-Плюс" және "Идеал Сервис" борышкер болды. Төртінші рет оған 2014 жылдың қазанында "Нано-Плюс" компаниясының "Костанай-Кама" компаниясына жоғарыда аталған қарызы бойынша шектеу қойылған.

Одан әрі, 2015 жылдың наурызында сот Var TechAuto-ға 5,7 миллион теңге қарызды ұзақ уақыт бойы қайтармағаны үшін Игорь Дужновқа шектеу қойды. Ал 2016 жылдың наурызында алматылық атқышқа "Банк ЦентрКредитке" қарыз болғандықтан кетуге тағы да тыйым салынды.

Осыдан кейін Дужновқа 2017 жылы маусымда тағы шектеу қойылған. Бұл жолы ол Ольга Винокуроваға 5,1 миллион теңге қарызын ұзақ уақыт бойы төлемей келген. Кейін 2018 жылдың шілдесінде, "Банк ЦентрКредит" 121 миллион теңге қарызы бойынша оған Қазақстаннан сегізінші рет шығуға тыйым салған. Ал соңғы рет алматылық атқыш 2019 жылдың наурызында БЦК несиесі бойынша шектеу алды.


Суретте: Игорь Дужновтың тұрған үйі

Tengrinews.kz тілшісі Игорь Дужнов қарыз алған адамдардың бірімен хабарласты. Ол - Елена Винокурова, Ольга Винокурованың қызы. Әйелдер алматылық атқыштың отбасын ұзақ жылдар бойы білетінін айтты.

"Анаидтың әкесі мен әкем дос болды, отбасыларымыз бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болды. Бастапқыда Анаид кәсіпкерлікпен айналысқан - ол Car City-де автокөлік дөңгелектерін сатқан. Ал Игорь оған көмектесетін. Бір жыл ішінде көптеген танысынан қарызға ақша алып, тауардың үлкен партиясын сатып алып, жақсы табыс алды. Ол қарызды төлеп қана қоймай, бәріне алғысын білдірді. 15 жыл бұрын бұл отбасының беделі өте жақсы еді.

Алайда кейін, 2008 жылы сұлулық салонын ашып, осы салаға кетті. Игорь дөңгелек бизнесімен айналысты, ал оның ісі кері кетті. Бір жылдан кейін ол бәрінен қарыз ала бастады. Ол менің анамнан пәтерді сатудан түскен 35 мың еуро қарыз алған. Ақшаны оған 2009-2012 жылдар аралығында бірнеше траншпен берген", - деді ол.

2016 жылы Елена Винокурова қатерлі ісікпен ауырып қалған, сондықтан оны емдеуге ақша керек болған. Дәл сол кезде ол анасының банк шотында ақша жоқ екенін білген.

"Анама көмектесемін деп уәде берген екен. Бірақ ол осы уақыт ішінде анама 200 доллар ғана берген. Мен ақшаны қайтарып алуға барғанымда, ол өзгеріп шыға келді. Бұрын сыпайы және тыныш адам болса, 2016 жылы мақтаншақ және дөрекі болып шыға келді. Ол Донбасста болғанын айтып, мені шығарып салды. Сөйтіп мен оны сотқа бердім. Нәтижесінде сот бес миллион теңгені ғана қайтаруға шешім шығарды", - деп қосты алматылық әйел.

Бұған дейін сот ол қарыз алған адамдар Дужновқа қарсы алты рет сотқа шағым түсіргенін хабарлаған. Сондай-ақ, 18 рет жеке сот орындаушылары оны жауапкер ретінде сотқа шақырған.

Алматылық атқышқа елден шығуға 9 рет тыйым салынған


Естеріңізге сала кетейік, оқиға 20 қыркүйекте кешке болған, шамамен сағат 17.20 шамасында Ақбұлақ мөлтекауданындағы үй иесінің бірі аңшы мылтығынан оқ атқан. Куәгерлердің айтуынша, атыс бір минут ішінде болған.

Алматылық атқыш бес адамды өлтірді. Қаза болғандар арасында екі полиция қызметкері, сот орындаушысы, сондай-ақ үйдің жаңа иесі мен куәгер бар. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты.


Кейін полицейлер бес адамды атып өлтірген күдіктіні ұстады. Бұл сәтті куәгерлер видеоға түсіріп алған. Ол - 1997 жылдан бері осы жерде тұратын 54 жастағы үйдің қазіргі иесі. Егер оның кінәсі дәлелденсе, ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Кейін үйге қатысты дау несие төлемегендіктен туындағаны белгілі болды. Үй банкке кепілге алынған. Кейін үй банк меншігіне өтіп, одан кейін жеке адамға сатылған. Жеке сот орындаушылар палатасы борышкерге үйді босату керегін 2020 жылдан бері бірнеше рет хабарланғаны айтылды.
Просмотров материала: 1 640

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 155 296 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 155 107 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 154 753 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 154 787 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 155 081 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 157 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 302 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 485 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 197 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 389 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 260 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 269 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 037 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 904 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 732 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 881 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 018 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 684 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 056 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 784 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 790 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 632 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 471 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 733 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 676 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 185 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 614 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 508 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 763 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 101 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 513 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 489 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 530 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 471 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 710 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 853 Просмотров





Опрос


«    Июль 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031