13 ноября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Вакцинацияға арналған электрон паспорт: екпе салдырмағандарға шетелге шығуға тыйым салына ма?

22 январь 2021, 9:30
Вакцинацияға арналған электрон паспорт: екпе салдырмағандарға шетелге шығуға тыйым салына ма?
Қазақстанда вакцинацияға арналған электрон паспорт енгізіледі. Денсаулық сақтау министрлігі ол не үшін енгізілгенін және қазақстандықтар вакцинацияға арналған электрон паспортсыз шетелге шыға алу-алмауын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас сарапшысы Нұршай Әзімбаева Қазақстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация 1 ақпанда басталатынын айтты. Ол үшін электронды есеп жүргізу жоспарланып жатыр, яғни вакцинацияның электрон паспорттары енгізілмек.

"Вакцинацияға арналған электрон паспорт - профилактикалық екпе салынғаны туралы құжат. Ол жерде адам қандай препарат қабылдағаны, қандай мөлшерде және қай күні, сонымен қатар, екпеден кейін пайда болған қандай да бір белгі шыққаны туралы ақпарат тұрады. Адам коронавирус инфекциясына қарсы екпе алғаннан кейін ол туралы ақпарат жақын уақытта eGov mobile қосымшасында шығады. Екпе алған адам туралы ақпарат және екінші вакцинаны қашан салдыруы керек туралы ақпарат болады", - дейді Нұршай Әзімбаева.

Вакцина екі кезең бойынша салынады. Екінші кезең бірінші екпені салғаннан кейін 21 күннен соң салынады.

Сонымен қатар, ДСМ өкілі Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпе салдырмағандарға қандай да бір шектеу енгізіле ме, әлде жоқ па деген сұраққа жауап берді.

"Бәлкім болашақта кей елдер профилактикалық екпе алмаған адамдарға шектеу енгізуі мүмкін. Бұл болашақтағы әңгіме.

Бірақ бүгінде біздің елде екпе салдырмағандарға қандай да бір шектеу енгізуу жоспарланып жатқан жоқ", - деді Әзімбаева.

Оның айтуынша, электрон паспорт үшін қосымша қаражат бөлінбеген, себебі жүйе қолданыстағы базаға енгізілмек.

Нұршай Әзімбаева вакцина салатын медицина қызметкерлері алдын ала дайын болатынын айтты. Олардың оқуы 22 қаңтарда басталады.

ДСМ өкілінің сөзінше, вакцина салдыру еркін түрде болады. Кез келген адам одан бас тартуға құқылы.

Еске салайық, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцина салдырған адам еркін жүре алатын электрон паспорт енгізілетінін хабарлаған болатын.

Министр елімізде коронавирусқа қарсы вакцинациялау 1 ақпанда басталатынын және жыл соңына дейін 6 миллион қазақстандыққа екпе салынатынын айтқан еді. Сондай-ақ Цой вакцинациялау кезеңдері мен кімдерге бірінші кезекте салынатынын түсіндірді.



Просмотров материала: 1 025

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 226 745 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 226 444 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 225 947 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 225 994 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 226 352 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 14 080 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 13 100 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 447 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 18 150 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 18 165 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 369 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 963 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 095 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 704 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 589 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 644 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 823 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 579 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 994 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 770 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 585 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 439 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 279 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 648 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 516 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 18 014 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 454 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 332 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 566 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 967 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 311 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 248 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 393 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 328 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 587 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 705 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30