19 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Алматыдағы қанды оқиға: күдікті банкке ғана емес, таныстарына да миллиондап қарыз

23 сентябрь 2021, 10:13
Алматыдағы қанды оқиға: күдікті банкке ғана емес, таныстарына да миллиондап қарыз
Алматыда атыс шығарып, бес адамды бақилыққа аттандырған Игорь Дужнов банкке ғана емес, талай адамға миллиондап қарыз екені анықталды, деп жазды КТК арнасы.

Алматыда бес адамды атып тастаған Игор Дужновтан қарызын сот арқылы да өндіре алмай жүрген азаматтар шағымдануда.

Бұрынғы отбасылық досының айтуынша, Дужнов одан 35 мың еуро алып, он жылдан бері қайтармай жүр. Енді бірі қолхатпен берген 200 мың долларымды қайтармады деп әлеуметтік желіде шу көтерді.

Бес бірдей адамды атып тастаған Игорь Дужновтың отбасымен Елена Винокурова ұзақ жылдар бойы араласқан екен. Бірақ әулеттер арасындағы жақсы қарым-қатынасты қыруар ақша бұзыпты.

Игорь Дужнов Елена Винокурованың анасынан он жыл бұрын 35 мың еуро қолхатпен қарыз алған. Бірақ бұл берешекті Дужнов әлі күнге дейін қайтармаған.

"Мен Игорьдың отбасын 16 жылдан бері танимын. Менің әкем Анаиданың әкесімен дос болған. 2009 жылы әкем қайтыс болған соң, төрт күннен кейін Игорь анама келіп қолхатпен қарыз алып кетеді. Маған анам қарыз туралы бес жылдан кейін бірақ айтады. Сосын мен сотқа беріп жеңіп шығамын. Бірақ ақшаны қайтару мүмкін болмады. Сол кезде біз Игорьдің қарызға белшеден батып, дүние-мүлкінің барлығы кепілде тұрғанын көріп таңғалғанбыз", - деді ол.

Винокурованың айтуынша, айналасындағылардан қолхатпен миллиондаған ақша ала беріп, тығырыққа тірелген Дужновтың екі жыл із-түссіз жоғалып кеткен. Сол уақытта оның әйелі Демирчян полицияға арыз жазып, күйеуінің жоғалғанын қарыз берген адамдардан көріпті. Ал Игорь Дужнов болса сол уақытта Донбасстағы соғысқа барып келдім деп, жора-жолдастарына мақтанышпен айтып жүріпті.

"Неге адамдар қарызды оңай бере салды деген сұрақ туындайды. Себебі, бұл отбасы мүшелері діндар болған. Шіркеу салуға көмектесіп, қайырымдылықпен айналысқан. Ауқатты әулет болған. Демирчянның сол уақытта кәсібі дүркіреп тұрды", - дейді ол.

Винокурованың сөзінше, Анаида Демирчян екі мыңыншы жылдары Ресейден дөңгелек әкеліп, көтерме саудамен айналысқан белді кәсіпкер болған. Содан кейін бұл бизнесті күйеуіне тапсырып, сұлулық салонын ашыпты. Дегенмен күйеуінің қарызға белшесінен батқанынан әйелі хабарсыз болды дегенге сену қиын деп отыр.

"Игорьды кей адамдар жүйеге қарсы шыққан күрескер, оның бұл қылмысқа сот орындаушы, банк пен сот итермеледі деп айтып жатыр. Бірақ мен оны жақсы танитын адам ретінде айтайын. Бұл қате пікір. Өйткені Дужнов қарыз алып қайтармай үйренген адам. Осы қарыздары оған тыныштық бермеген. Сосын қылмысқа барды. Кешегі марқұмдардың орнында мен сияқты ақшаны қайтара алмай жүрген кез келген адам болуы мүмкін еді", - дейді ол.

Борышкерлердің тізімі жарияланатын арнайы сайтта Дужновтың он шақты компания мен жеке тұлғаларға қарызы бар екені көрсетілген. Сол үшін Қазақстан аумағынан шығуға тыйым салынған. Игорь Дужнов қазір қамауда отыр.

Алматыдағы трагедия
20 қыркүйек кешке Алматының Алатау ауданындағы қайғылы оқиға салдарынан бес адам – екі полиция қызметкері, жеке сот орындаушысы, дау шыққан үйдің жаңа иесі мен оның танысы оққа ұшты.

1967 жылы туған ер адам полиция қызметкерлеріне, сот шешімін орындауға келген сот орындаушысына және олармен бірге барған адамдарға оқ жаудырды. Бесеуі де сол жерде қайтыс болды.



Просмотров материала: 613

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 196 201 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 195 802 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 195 311 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 195 360 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 195 719 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 421 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 512 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 807 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 295 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 390 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 693 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 496 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 598 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 400 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 245 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 741 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 485 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 180 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 577 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 357 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 278 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 112 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 960 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 265 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 176 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 677 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 518 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 014 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 266 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 641 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 018 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 961 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 053 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 016 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 213 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 371 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930