12 августа 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстанда құрылыс заттары тағы қымбаттап жатыр

03 август 2021, 15:45
Қазақстанда құрылыс заттары тағы қымбаттап жатыр
Елімізде құрылыс материалдары тағы да қымбаттай түсті. Сарапшылардың сөзінше, нарық өзін-өзі реттемесе, баға өсе бермек. Ал индустрия министрлігі құрылыс заттарын өндіретін отандық кәсіпорындардың жұмысы қарқынды дейді. Бірақ баға неге өсті?

Бұл туралы "Еуразия" бірінші арнасы хабарлайды.

Елорда іргесіндегі Қоянды ауылының тұрғыны Рамазан Қайрат биыл үй салып, қар түскенше баспанама кірсем дегендердің бірі. Бар жиған-терген ақшасын құрылыс заттарын сатып алуға жұмсапты. Алайда мен жоспарлағаннан да көп қаржы кетіп жатыр, дейді. Өйткені үй тұрғызуға қажет дүниелер қымбаттап кеткен.

Рамазан Қайрат, Қоянды тұрғыны:

Мен бұл үйге биыл кірем бе деп ойлап едім, 12 млн-мен. Санағам өзім, былтырғы есеппен санағанда. Биылғы есеппен санап едім, міне, шатырына жаппай жатып 4 млн кетті, осы уақытқа дейін. Үйді бітіргенге дейін 25 млн-ға жақын ақша кететін сияқты, іші-сыртын бәрін бітіргенде. Бір Камаз ұсақ құмдар 70 мың теңге, былтыр 35-40, ең көп дегенде 40 мың болатын.
Құрылыс дүкендері заттардың қымбаттағанын растады. Оған шикізат құнының өсуі себеп дейді. Мысалы биыл 50 келілік цемент 15 пайызға қымбаттапты.

Темірлан Ырзаханов, құрылыс дүкенінің менеджері:

Біздің желі зауыттармен тікелей келісімшарт жасайды. Бағаның өсуін төменгі деңгейде ұстап отыр. Негізгі тауарлардың бағасы 15 пайыздан аспайды. Бірақ бағалар логистика мен шикізат бағасының өсіне байланысты өзгеріп отыр. Мысалға қазір цементтің бағасы 2 600 теңге. Бір ай бұрын 2 165 теңге болған.
Айта кетейік, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, болат арматура 45 пайызға, темірбетон конструкциялар 25 пайызға, қалған материалдар орта есеппен 15 пайызға қымбаттапты. Ал статистика комитетінің дерегінде 2020 жылы маусымда арматуранның тоннасы 202 407 теңге болса, биыл маусым айында 376 422 теңгеге жеткені айтылған. Сондай-ақ, қою езілген бояудың тоннасы былтыр 697 182 теңге болса, биыл үстіне 300 мың теңге қосылған. Ал жайма болаттардың бағасы 284 886 теңгеден 558 449 теңгеге жеткен.

Қазақстан құрылысшылар одағының президенті Талғат Ерғалиев құрылыс құнының өсуін теңгенің құнсыздануымен байланыстырды.

Талғат Ерғалиев, Қазақстан құрылысшылар одағының президенті:

Біріншіден, былтырға қарағанда теңгенің құлдырауы 35 пайыз. Сондықтан сырттан келетін 60 пайыз құрылыс материалдарына әсер береді. Екіншіден, бүкіл әлемде құрылыс заттары қымбаттап жатыр. Біз 40 пайызын Ресейден әкелеміз. Ресейдің өндіруші зауыттары көбінесе Еуропа мен Қытайға тасып жатыр.

Сондай-ақ, сарапшы елімізде өндіріс көлемінің аз болуы да бағаға әсер ететінін айтады. Дегенмен, жауапты министрлік отандық өндірушелердің жұмысы қарқынды, деп сендірді.

Мөлдір Мақышева, ҚР ИИДМ Құрылыс индустриясы және ағаш өңдеу өнеркәсібі басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

Отандық өндірушілер ішкі нарықты толықтай қамтамасыз етуде. Олар – цемент, кірпіш, құрғақ құрылыс қоспалары, темірбетон бұйымдары секілді материалдармен қамтамасыз етілуде. Ал, 11 позиция бойынша отандық өндірушілер сұранысты шамамен 50% көлемде қамтамасыз етуде. Олар: жылу оқшаулағыш материалдар, кабель, арматура, пластикалық құбырлар, кәрізге арналған құбырлар, шатыр материалдары болып келеді.

Монополияға қарсы орган өкілдері өткен аптада құрылыс нарығындағы субъектілерге бағаны төмендету жайлы 63 хабарлама жіберген. Нәтижесінде 29 компания тапсырманы орындапты. Алайда бұл жауап қымбатқа ұрынып, қонысының құрылысы тұралап тұрған жандарды қанағаттандырмай тұр.
Просмотров материала: 735

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 161 255 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 161 075 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 160 712 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 160 751 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 161 043 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 477 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 621 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 822 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 646 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 830 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 628 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 474 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 126 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 993 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 816 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 978 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 100 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 763 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 140 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 867 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 877 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 718 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 558 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 816 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 763 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 271 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 714 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 593 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 856 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 186 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 591 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 570 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 608 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 556 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 793 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 934 Просмотров





Опрос


«    Август 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031