27 января 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстанда баспана бағасы бұрқ етіп 17%-ға қымбаттады

10 февраль 2021, 16:43
Қазақстанда баспана бағасы бұрқ етіп 17%-ға қымбаттады
Елде баспана бағасы тағы шарықтап кетті. пайызға өскен. Мұны тұрғын-үй нарығындағы мамандар растап отыр. Олардың пайымынша, бұған бірнеше себеп бар. Жеке шаршы метрдің баға өсіміне не түрткі болды? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.


Соңғы бір жылда жаңа пәтер бағасы - 7,3 пайызға, ал, екінші нарықтағы баспана 17,9 пайызға қымбаттаған. Ұлттық статистика бюросы осындай ақпаратпен бөлісті. Ал, осы үйлерді тұрғызатындар жаңадан салынған баспана құны соңғы екі жылда әлдеқайда қымбаттағанын алға тартады.

Мадияр Жағапаров, құрылыс компаниясының бөлім басшысы:

2019 жылдан бастап санасақ су жаңа үйлер 20 пайызға қымбаттады. Бұған мемлекеттік бағдарламалардың қосылуы себеп. Өйткені олар тек енді салынған пәтерге арналады. Ал, екінші нарықтағы баспана нарықтағы түрлі өзгеріске тәуелді. Сондықтан ол да өскен.
Өткен аптада мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов «Нұрлы жер», «7-20-25», «5-10-20» сынды мемлекеттік бағдарламаларды сынаған еді. Халықтың баспана мәселесін шешеді деген бастамалар кей пысықайлардың оң жамбасына келіп тұр деген болатын.

Аманжан Жамалов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Әлбетте біздегі құрылыс компаниялары бұл жағдайды пайдаланып қалуға тырысады. Жұрт күткендей баспананың сапасымен емес, онсыз да қымбат пәтердің бағасын одан сайын көтеру арқылы жауап беруде. 2020 жылы жаңа баспананың құны 5 пайызға, екінші нарықтағысы 13.2 пайызға қымбаттады. Бұл ресми статистика. Ал Крыша кз порталының мәліметінше елде баспананың орташа бағасы 17,2 пайызға қымбаттап кеткен.

Ал, экономист Бауыржан Ысқақ соңғы бір жыл бойы жалғасып келе жатқан коронадағдарыс тұрғын-үй құнын арзандатуы керек еді, дейді. Өйткені, экономиканың дамуы бәсеңдеп, халықтың төлем қабілеті төмендеген.

Бауыржан Ысқақ, экономист:

Қазіргі уақытта 17-18 пайызға қымбаттап кетуінің негізгі себебі, бұл мына зейнетақы қорындағы қаражаттардың алынуы деп айтуға болады.

Сондай-ақ есеп-қисап маманы баспананың қымбаттауына үш себеп бар дейді.

Бірінші – сатып алушыдан да, сатушыдан да пайда көретін делдалдар мүддесі. Екінші – нарықтағы, қолданыстағы пәтерлерін сатып пайдаға жарату үшін барынша қымбат сатуға тырысатын жеке тұлғалар. Үшіншісі құрылыс компаниялары және олардың сыртында тұрған дөкей ағатайлар және солардың лоббиі.

Дегенмен, отандық құрылысшылар тұрғын-үй құнының өсуіне себепші емеспіз дейді. Сөйтіп, депутат пен экономист уәжімен келіспейді.

Талғат Ерғалиев, Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы:

Құрылыс саласының өз заңы бар. Мысалға құрылыс заттары қымбаттағаннан кейін, 3-7 айдан кейін ғана шаршы метрге әсер береді. Жаңа жылдың алдында құрылыс заттарының қымбаттағанына байланысты. Қазір ғана міне әсер беріп жатыр.
Ал құрылыс материалдары неге қымбаттайды? Себебі олардың дені шетелден және көрші елдерден келеді.

Мөлдір Меңсұлу, Құрылыс компаниясының басшысы:

Мәселен, мынау ғимараттың сыртын қаптайтын күйдірілген сырлы кірпіш. Біздегі құрылысшылардың дені осыны алады. Бұл Ресейден келеді. Бізде кірпіш жоқ емес, бар. Силикат та, қызыл кірпіш те, бәрі бар. Бірақ үлкен сұранысты, үлкен көлемді өтей алмайды. Бір тұрғын үй салуға там-тұмдап жетеді. Ал тұтас кешендерге қайдам.
Бірақ осының барлығына қарамастан, қазақстандықтар жылжымайтын нарықта бүгінде аса белсенді. Мұны риэлторлар растап отыр.

Жанна Мұстафина, жылжымайтын мүлік маманы:

Қалай дегенмен, қазір отандастарымыз үй алуға құштар. Бүгін міне, маған 10 адам келіп, кеңес алды. Олардың барлығы да баспаналы болуға даяр. Араларында жылдар бойы қаржы жинап, оған зейнетақысының бір бөлігін қосып баспаналы болмақшы.
Маман аймақтан да хабарласатындар бар дейді. Олардың көбісі елордада үй алуға ниетті екен. Мұны өңірлерде де жылжымайтын мүлік бағасының қымбаттауымен түсіндіруге болады. Мысалы, Петропавлда пәтер бағасы 28 пайызға, Павлодарда 26,5 және Семейде 25,2 пайызға баға өскен. Сондай-ақ жеке үйлердің құнының көтерілгені Нұр-Сұлтан мен Алматыда да байқалған.


Просмотров материала: 998

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 184 012 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 183 533 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 183 104 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 183 156 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 183 473 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 752 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 870 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 113 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 372 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 520 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 058 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 177 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 474 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 302 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 130 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 360 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 382 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 068 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 468 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 201 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 183 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 013 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 855 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 133 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 066 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 570 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 126 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 882 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 163 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 525 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 914 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 864 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 924 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 886 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 105 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 251 Просмотров





Опрос


«    Январь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031