22 ноября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстанда келесі жыл «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» деп жарияланды

15 декабрь 2020, 9:52
Қазақстанда келесі жыл «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» деп жарияланды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсімде сөйлеген сөзінде жиынға қатысушыларды, сондай-ақ, барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, Тәуелсіздік – мемлекеттігіміздің алтын діңгегі, дербестігіміздің берік негізі екенін атап өтті, деп хабарлайды Ақорда.

«Тарихы бай, тамыры терең Қазақ елі үшін бұдан асқан қастерлі құндылық жоқ. Оны ең қымбат қазынаға, ең асыл аманатқа балаймыз. Сондықтан, бабалар аңсаған Тәуелсіздіктің қадірін жан-жүрегімізбен сезінеміз. Егемендік – әр халыққа бұйыра бермейтін баға жетпес бақыт. Тәуелсіздік шежіресі Тұңғыш Президентіміз – Елбасының тарихи тұлғасымен тығыз байланысты», - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия салдарынан еліміздің басты ұлттық мерекесін кең көлемде атап өту мүмкін болмағанын айтты. Азаматтарымыздың денсаулығы, өмірі және әл-ауқаты бәрінен жоғары тұрады. Сондықтан барлық іс-шара шектеулі форматта және онлайн режимде өтеді. Бірақ бұл жағдай Тәуелсіздік күнінің құны мен маңызын еш төмендетпейді. Президент ұлық мерекенің салтанатты рухы әр шаңырақты шаттыққа бөлеп, әр қазақстандықтың жүрегін қуанышқа толтыратынына сенім білдірді.

«Президент лауазымындағы менің басты міндетім – әлеуметтік әділдік және халықтың әл-ауқатын арттыру. Сондықтан мемлекеттің күнделікті іс-әрекеті азаматтарымыздың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталады. Биыл 4 миллионға жуық азаматтың зейнетақысы мен әлеуметтік төлемақыларының көлемін өсірдік. Әлеуметтік сақтандыру төлемақысын 5 пайызға көбейттік. Аз қамтылған отбасылардың 500 мыңнан астам балалары үшін кепілдендірілген әлеуметтік топтама енгіздік. Пандемия кезінде қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсету үшін өңірімізде бұрын-соңды болмаған қадамға бардық. Азаматтарға 42500 теңге көлемінде тікелей төлемақы берілді. Мемлекеттен 4,5 миллионнан астам адам қаржылай көмек алды. Несиелердің шегерілуі 1 миллион 900 мыңға жуық қазақстандықтың дефолтқа түсуіне жол бермеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент геостратегиялық белгісіздік жағдайында мемлекеттердің халықаралық аренадағы саяси өзімшілдігі мен экономикалық ұлтшылдығы күшейетініне назар аударды. Бүгінде халықтардың жаһандық мәртебесі көбінесе технологиялық көшбасшылық үшін болатын қатаң бәсекеде анықталады.

«Ел дамуының сыртқы және ішкі міндеттерінің өзара үйлесімді ұштасуының маңызы артып келеді. Біз Қазақстанның шынайы бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін барлық күш-жігерімізді және ресурстарымызды жұмылдыруымыз қажет. Бүгінде ұлттың шоғырлануы және әрбір азаматтың Тәуелсіздік құндылықтарына шексіз қызмет етуі өте маңызды. Біз көпжақты құрылымдар мен БҰҰ рөлін күшейтуге ықпал ете отырып, халықаралық қауіпсіздік жүйесін нығайту жолындағы сыртқы бағдарымызды жалғастыра береміз. Ұлттық мүдделерімізді қатаң ұстанып, заманауи көпжақты әлемде тиімділігін дәлелдеген үйлесімді әрі сындарлы сыртқы саясатымызды дәйекті жүргіземіз», – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздігіміздің 29-шы жылы күрделі, қиын әрі ерекше болғанын атап өтті. Мұндай тағдыршешті сынақтар әр ұрпақтың басына түсе бермейді. Жаһандық дағдырысты еңсерген мемлекетіміз бұдан да зор мақсаттар мен міндеттерді көздейді.

«Алдағы жыл – межелі кезең. Біз қастерлі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына қадам басамыз. Бұл – баршамызға ортақ өнегелі өлшем, тағылымды кезең. Жаңа мемлекет құруға атсалысқан бүкіл халқымыздың ерен еңбегінің тарихи шежіресі. Сондықтан, мен келесі жылды «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» деп жарияладым». Халқымыз үшін осы маңызды датаны нақты істермен және жаңа жобалармен қарсы аламыз. Даңғаза ақциялар мен даурықпа шаралардан бас тартып, бүкіл іс нақтылыққа құрылатын болады. Экономика, әлеуметтік сала, экологиядағы жүйелі шаралардың көлемді кешенін іске асыруды жалғастырамыз. Тұрғындардың барлық топтарының, әсіресе жастар, әйелдер, мүмкіндігі шектеулі жандардың қажеттіліктеріне баса мән береміз. Біз еліміздегі саяси жаңғырту үдерісін жалғастыра береміз», – деді Президент.

Мемлекет басшысы келесі жылдың басында жарияланатын жаңа реформалар топтамасы туралы айтты. Бұл «халық үніне құлақ асатын мемлекет» құруға, әділет және тең мүмкіндіктер қағидаттарын бекітуге бағытталған Қазақстандағы демократиялық түрленуге тың серпін береді. Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихаттарға сайлау өткізу келесі жылдың тағы бір маңызды оқиғасы болмақ. Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы сайлау жоғары азаматтық белсенділік танытып, қоғамның саяси сауатты екенін көрсететініне сенім білдірді. Сайлау науқаны қазақ мемлекеттігінің институционалдық тұрақтылығын дәлелдейді.

Президент өз сөзінде Мемлекет басшысының қолынан марапат алған қазақстандықтардың сіңірген еңбегіне жоғары баға берді.

Мемлекет басшысының салтанатты рәсімде сөйлеген сөзінің толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады
Просмотров материала: 720

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 176 190 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 175 862 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 175 471 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 175 522 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 175 814 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 326 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 463 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 693 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 797 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 962 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 614 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 995 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 417 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 245 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 067 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 276 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 339 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 016 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 404 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 126 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 136 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 969 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 806 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 065 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 007 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 524 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 001 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 839 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 112 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 461 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 855 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 806 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 855 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 814 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 045 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 190 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930