2 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Тоқаев: Тәуелсіздік – мемлекеттігіміздің алтын діңгегі, дербестігіміздің берік негізі

14 декабрь 2020, 17:19
Тоқаев: Тәуелсіздік – мемлекеттігіміздің алтын діңгегі, дербестігіміздің берік негізі
Ақорданың баспасөз қызметі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күні қарсаңында өткен Мемлекеттік наградалар тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзін жариялады.

Құрметті отандастар!

Ардақты ағайын!

Баршаңызды еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – ұлттың рухын көтеретін, ұрпақтың мерейін өсіретін мәртебелі мейрам.

Тәуелсіздік – мемлекеттігіміздің алтын діңгегі, дербестігіміздің берік негізі.

Тарихы бай, тамыры терең Қазақ елі үшін бұдан асқан қастерлі құндылық жоқ.

Оны ең қымбат қазынаға, ең асыл аманатқа балаймыз.

Сондықтан бабалар аңсаған Тәуелсіздіктің қадірін жан-жүрегімізбен сезінеміз.

Егемендік – әр халыққа бұйыра бермейтін баға жетпес бақыт.

Тәуелсіздік шежіресі Тұңғыш Президентіміз – Елбасының тарихи тұлғасымен тығыз байланысты.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – жаңа дәуірдегі Қазақстанның негізін қалаған ұлы қайраткер.

Оның есімі жасампаздық жылнамасына Қазақ мемлекетінің авторы ретінде жазылды.

Міне, егемен еліміздің өміріндегі тағы бір мерейлі белес жақындап келеді.

Біз қастерлі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына қадам басамыз.

Бұл – баршамызға ортақ өнегелі өлшем, тағылымды кезең. Жаңа мемлекет құруға атсалысқан бүкіл халқымыздың ерен еңбегінің тарихи шежіресі.

Сондықтан, мен келесі жылды «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» деп жарияладым.

Өткен әрбір он жылдық атқарған миссиясы тұрғысынан ғасырдың жүгін арқалап тұр.

Алғашқы он жылдық егемен Қазақстанның өз дербестігін қалыптастыру кезеңі болды.

Екінші он жылдықта еліміз тұғырын нықтап, керегесін кеңейтіп, іргесін бекітті.

Үшінші он жылдықта мемлекетіміз шын мәнінде, кемеліне келіп, әлемдік саясаттың төріне озды.

Алдағы төртінші он жылдықта бізді жаңа міндеттер күтіп тұр.

Елімізді ілгері дамытып, әрбір азаматтың лайықты тұрмысын қамтамасыз етуіміз керек.

Оны жүзеге асырудың басты жолы – тиімді басқару жүйесі.

Мен Жолдауымда мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісіне баса мән бергенімді білесіздер.

Осыған орай, көптеген нақты шаралар атқарылуда.

Жалпы, жаңғырудың жан-жақты болғаны жөн.

Бүкіл халқымыз заман ағымына ілесе білуге тиіс.

Өзгерістерге бейімделе алатын жұрт қана уақыт тынысын дөп басады.

Біз білімді әрі білікті, ұқыпты және жауапты, іскер де еңбекқор жұрт болуымыз қажет.

Бұл – Ұлы Абай айтқандай, «толық адамның» айқын көрінісі.

Оған қоса, әркімнің жеке қасиеті мен мақсаты елдік мүддемен тығыз астасып, патриотизмге ұласуы керек.

Сонда ғана мемлекетшілдік идеясы басты құндылыққа айналады.
Просмотров материала: 10 871

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 206 931 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 206 580 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 206 068 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 206 126 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 206 491 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 014 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 063 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 366 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 005 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 087 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 267 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 689 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 725 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 468 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 332 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 092 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 568 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 275 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 681 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 494 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 352 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 189 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 049 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 375 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 269 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 751 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 876 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 102 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 339 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 716 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 085 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 028 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 158 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 100 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 306 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 469 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031