20 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мемлекет басшысы Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы жиынға қатысушыларды және барша Қазақстан халқын ұлттық мерекеміз – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда сайтында жарияланды.


Қазақстан Президенті тәуелсіздіктің 27 жылы ішінде мемлекетіміз өзінің даму жолында зор жетістіктерге жеткенін атап өтті.

Елбасы егемен еліміздің құрылу тарихында Қазақстанның жас астанасының маңызды рөл атқарғанына айрықша тоқталды.

– Еуразияның жүрегінде орналасқан жаңа елорда жаңғырған Қазақстанның символы саналады. Биыл Астанамыздың 20 жылдығын еліміздің барлық өңірімен бірге жоғары деңгейде атап өттік, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Қазақстанда жүргізілген ауқымды нарықтық реформалар миллионнан астам азаматтарымыздың кәсіпкерлік қабілеттерін экономикаға жұмылдыруға жол ашқанын айтты.

– Экономиканы жүйелі индустрияландыру өңдеу өнеркәсібінің үлесін айтарлықтай арттыруға септігін тигізді. Бүгінде мұндағы өнім көлемі шамамен 9,5 триллион теңгені құрап отыр, – деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Елбасы көлік-логистика инфрақұрылымына тартылған инвестицияның арқасында Қазақстан құрлықтық маңызы бар транзиттік хабқа айналғанын атап өтті.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдары табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен тұрғындар саны 15 есе азайып, ал нақты еңбекақы 4 есе артқанын айтты.

– Егемен Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі – халқымыздың саны 18 миллионнан асып, тұрғындардың орташа өмір сүру ұзақтығы 72,5 жасқа жетуі. Осы маңызды жеңістеріміз бен игі нәтижелеріміз біз таңдаған бағыттың дұрыс екенін растап отыр, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті 2018 жылы еліміздің сыртқы саясатта да, жаңғыру бағдарламаларын іске асыру аясында да қол жеткізген басты жетістіктеріне тоқталды.

– Біздің жауапты әрі сындарлы сыртқы саясатымыз әлемдік аренадағы өз орнымызды айтарлықтай нықтай түсуге мүмкіндік берді. Қазақстанның жемісті бітімгерлік қызметі Астанадағы Сирияаралық келіссөздердің нәтижелі болуына септігін тигізді, – деді Елбасы.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын, «Астана хаб» ІТ-стартаптардың халықаралық технопаркін және «Жасыл» технологиялар мен инвестициялық жобалардың халықаралық орталығын іске қосу жөніндегі жұмыстардың нәтижелеріне назар аударды.

– Қоғамдағы бірлік пен келісім біздің барлық жетістігіміздің бастауында тұрғанын әрдайым есте ұстауымыз керек. Этносаралық және конфессияаралық дамудың қазақстандық моделі бүгінде халықаралық брендке айналды, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті еліміздегі кейінгі бастамалардың бәрі тұрғындарымыздың тұрмыс сапасын жақсартуға, қоғамдық қауіпсіздікті жоғары деңгейде қамтамасыз етуге және әл-ауқатымызды арттыруға бағытталғанын атап өтті.

– Әлеуметтік саланы кешенді жаңғырту – біздің маңызды бағытымыз. Тәуелсіздік жылдары миллионға жуық азаматымыз баспаналы болды. Біз жуырдағы 5 жыл ішінде 70 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй саламыз. Бұл шамамен тағы екі миллионға жуық қазақстандық баспаналы болады деген сөз, – деді Елбасы.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз ел тұрғындарының қазіргі буыны уақыт талабына сай болып, Қазақстандағы әрбір отбасының игілігі мен берекесін нығайтуға үлес қосатынына сенім білдірді.


Мемлекет басшысы Тәуелсіздік күнімен құттықтады


Просмотров материала: 2 109

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 196 347 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 195 947 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 195 455 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 195 505 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 195 864 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 432 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 521 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 816 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 307 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 405 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 702 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 501 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 603 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 401 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 248 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 743 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 487 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 181 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 579 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 359 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 281 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 113 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 962 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 267 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 178 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 679 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 519 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 015 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 267 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 642 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 020 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 964 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 055 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 019 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 217 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 374 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930