17 ноября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Терминдердің ішінде көңілге қонбайтын аудармалар аз емес – депутат

09 декабрь 2020, 15:36
Терминдердің ішінде көңілге қонбайтын аудармалар аз емес –  депутат
Мәжіліс депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Кәрібай Мұсырман республикалық терминология комиссиясының мәртебесін қайта қарап, ол бекіткен терминдердің барлық жерде бұрмаланбай, бірізді қолданылуын заңманалық түрде бекітуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Депутаттың айтуынша, президенттің қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін күшейту туралы міндетін орындау үшін, ең алдымен, қазақ тіліндегі терминдерді қалыптастыру процесін жетілдіру және оларды біріздендіру қажет.

"Қазіргі қазақ тілі терминологиясы саласындағы көзге ұрып тұрған кемшіліктер әлі де толық түзетілмей, қоғам тарапынан орынды сынға ұшырап жүр. Үкімет жанындағы Республикалық терминология комиссиясы бекіткен терминдердің ішінде көңілге қонбайтын аудармалар аз емес. Мәселен, орыс тіліндегі "гостиница" терминінің қазақ тілінде үш түрлі атауы бар: "мейманхана", "қонақүй", "қонақ үйі". Ал тіс щеткасының қазақшасы "мәуесек" екен. Ауызекі тілде ешкім айтпайтын, ал іс қағаздарында тым сирек қолданылатын мұндай терминдердің өміршеңдігі өте күмәнді. Олар ана тілімізді байытпайды, қиындатады. Сондықтан да қазақ тілінің терминология саласы түбегейлі өзгеріс жасауды қажет етеді", - деді Мұсырман премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа жолдаған депутаттық сауалында.

Депутаттың пікірінше, мұндай олқылықтың үш себебі бар.

Біріншіден, Республикалық терминология комиссиясының құрамына тіл мәселелерімен айналысатын мемлекеттік қызметшілер, филологтар, аудармашылар, журналист-жазушылар енген. Бірақ, олардың арасында медицинадан басқа, әлеуметтік және экономикалық салалардың мамандары жоқ.

Екіншіден, Республикалық терминология комиссиясының жұмысына ашықтық жетіспейді.

Үшіншіден, Республикалық терминология комиссиясы консультациялық-кеңесші орган болғандықтан, оның қабылдаған терминдері ұсынымдық сипатқа ие, яғни, оларды қолдану міндетті емес.

"Жоғарыда баяндалғанның негізінде Республикалық терминология комиссиясының мәртебесін қайта қарау және ол бекіткен терминдердің мемлекеттік органдарда, меншік түріне қарамастан, кәсіпорындар мен ұйымдардың барлығында, қоғамдық бірлестіктерде іс қағаздарын жүргізуде, білім беру ұйымдарының оқу бағдарламаларында, көрнекі жарнамада бұрмаланбай, бірізді қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталған нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауды ұсынамыз", - деді ол.

Сонымен қатар, мәжілісмен Республикалық терминология комиссиясының құрамын әлеуметтік және экономикалық салалардың тәжірибелі мамандарымен, белгілі сарапшы-ғалымдармен, үкіметтік емес ұйымдардың және зиялы қауымның өкілдерімен толықтырған жөн деп санайды.

Республикалық терминология комиссиясының отырысында қаралатын терминдердің жобалары осы комиссияның ресми сайтында ғана емес, қазақтілді республикалық газеттер мен әлеуметтік желілерде алдын-ала жарияланып, кең қоғамдық талқылаудан өткізілуі тиіс.


Просмотров материала: 981

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 227 030 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 226 727 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 226 233 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 226 276 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 226 636 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 14 096 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 13 114 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 465 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 18 166 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 18 182 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 389 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 966 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 103 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 709 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 593 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 653 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 828 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 582 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 8 001 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 775 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 590 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 446 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 286 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 656 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 520 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 18 018 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 466 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 337 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 569 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 974 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 317 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 253 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 397 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 333 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 594 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 708 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30