11 ноября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Сенат депутаты заңдарды қазақ тілінде жазуды ұсынды

30 сентябрь 2019, 14:46
Сенат депутаты заңдарды қазақ тілінде жазуды ұсынды
Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы заңдар мен нормавтивтік құжаттарды орыс тілінде емес, алдымен, мемлекеттік тілде жазуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Шындап келсек, мемлекеттік заңдар, алдымен, сол мемлекеттің өз тілінде дайындалып, содан кейін ғана, қажет болса, орыс тіліне аударылуы тиіс. Бұрынғы Кеңес республикаларының ішінде Қазақстан мен Беларусьтен басқа елдердің барлығы да әлдеқашан осылай істейді", - дейді депутат сенатта заң шығару жұмысын одан әрі жетілдіруге арналған парламенттік тыңдауда.

Айтуынша, өткен сессияда бір топ сенат депутаты заң жобаларын мемлекеттік тілде дайындау сапасына қатысты Қазақстан үкіметіне сауал жолдаған. Оған парламентке түсетін заң жобалары мен халықаралық құжаттардың қазақ тілдегі нұсқаларының сапасыздығы мәселесі негіз болған. Алайда үкіметтің жауабы сенаторларды қанағаттандырмаған.

"Осы уақыт ішінде мемлекеттік органдар мамандарының терминдік қолданыстар мен стильді меңгеретін уақыты болды. Бірақ мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қазақ тіліндегі халықаралық құжаттарды парламентке қатесіз жіберуге шамасы да, ынтасы да жоқ сияқты. Өйткені уақытша лингвистикалық топтың қарауына, алдын ала лингвистикалық сараптамаға келіп түсетін халықаралық құжаттардың сапасы ешқандай сын көтермейді", - деп ашуланды Бақтиярұлы.

Оның айтуынша, министрліктер мен ведомстволардың қызметкерлері топтың жұмысына әбден сеніп алғаны соншалық, пысықталмаған, тексерілмеген материалдарды жібереді.

"Олар өз жұмысына немқұрайлы қарап, лауазымдық міндеттерін тиісінше сапалы атқармайды", - деп атап өтті Бақтиярұлы.

Тіпті, оның сөзінше, кейбір жағдайларда құжат жобаларының қазақ тіліндегі мәтіні мен орыс тіліндегі мәтіні мазмұны жағынан бір-біріне сәйкес келмейді. Қазақ тілінің грамматикалық және стилистикалық нормалары сақталмайды. Сол себептен бір құжатты бірнеше рет қарауға тура келеді.

"Біздіңше, бұл халықаралық құжаттар мен заң жобаларын мемлекетік тілде дайындауға деген атқарушы органның құлықсыздығын, ниетінің жоқтығын байқатып отыр", - деді ол.

Бақтиярұлы бай да көркем қазақ тілі нағыз заң тілін қалыптастырып, норма жасауға және жазуға өте қолайлы тіл екенін атап өтті.

"Мемлекеттің басты нышаны тіл десек, заңдардың мемлекеттік тілде жазылмауы біздің мемлекеттігімізге де, ұлт ретінде ар-намысымызға да үлкен сын деп білемін", - деді сенатор.

Халық қалаулысы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақ тілін халықаралық қатынас тілі ретінде қалыптастыруды қолға алғанын еске салды.

"Осы мәселені түпкілікті қолға алып, заңдар мен нормативтік құжаттарды, алдымен, мемлекетік тілде әзірлеуге көшетін уақыт жетті. Мемлекеттік деңгейде маңызды және нақты шараларды қабылдай отырып, орталық атқарушы органдар халықаралық құжаттарды мемлекеттік тілде сапалы дайындаудың жауапкершілігін мойнына алып, заң жобаларын, алдымен, мемлекеттік тілде дайындауды қолға алуы керек", - деді депутат.

Бұл үшін ол сенат қабырғасында заңдарды мемлекетттік тілде дайындауға байланысты мүдделі ұйымдар, заңгерлер, ғалымдар және тіл мамандарымен бірлесіп, дөңгелек үстел ұйымдастыруды ұсынды.
Просмотров материала: 1 571

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 226 407 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 226 102 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 225 607 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 225 653 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 226 009 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 14 061 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 13 083 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 425 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 18 133 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 18 147 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 349 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 957 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 086 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 701 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 582 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 638 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 819 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 576 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 990 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 767 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 582 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 433 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 274 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 645 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 511 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 18 010 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 449 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 327 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 562 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 962 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 310 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 246 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 388 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 324 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 584 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 700 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30