10 апреля 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ең төменгі кепілдендірілген зейнетақы енгізіледі: министрлік себебін түсіндірді

09 ноябрь 2020, 9:26
Ең төменгі кепілдендірілген зейнетақы енгізіледі: министрлік себебін түсіндірді
Қазақстанда базалық зейнетақының орнына ең төменгі кепілдендірілген зейнетақыны енгізу жоспарланып отыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі зейнетақы жүйесін жаңғырту тұжырымдамасына түзету енгізу шаралары аясында осындай ұсыныс жасады. Бұдан бөлек, бірқатар өзгеріс бар. Sputnik Қазақстан халық талқысына шығарылған құжаттың негізгі мәселелеріне шолу жасады.

Қазіргі зейнетақының көлемі еңбек өтіліне тәуелді

Бүгінде отандық зейнетақы төлемдері үш деңгейден тұрады. Олар – базалық, міндетті және жинақтаушы зейнетақы. Бұған дейін базалық зейнетақы барлық зейнеткерге бірдей төленген. Ал 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап оны тағайындау әдістемесі өзгерді. Содан бері базалық зейнетақының мөлшері азаматтардың еңбек өтілі мен зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына тәуелді. Мәселен, зейнеткердің еңбек өтілі 10 жыл, одан кем немесе мүлдем болмаса, оған ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 проценті, яғни 17 641 теңге төленеді. Еңбек өтілі 10 жылдан асса, онда әр жылға тағы 2 процент қосылады. Осылайша, 33 жыл немесе одан да көп жұмыс істеген азаматтар базалық зейнетақының 100 процентін – 32 668 теңгені алады.


Міндетті зейнетақы 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін кем дегенде 6 ай жұмыс істеген азаматтарға төленеді. Осы ынтымақты зейнетақыны тағайындау кезінде адамның кез келген уақытта алған үш жылдық жалақысының орташа мөлшері ескеріледі. Бүгінде бұл зейнетақының ең төменгі мөлшері – 40 441, ең жоғары мөлшері – 95 841 теңге. Оны толық көлемде алу үшін ерлердің еңбек өтілі 25 жылдан, ал әйелдердің еңбек өтілі 20 жылдан жоғары болуы тиіс. Осы межеден артық жұмыс істеген адамға әрбір толық жыл үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 процентке өсіріледі. Ал 1998 жылдың 1 қаңтарынан кейінгі еңбек өтілі үшін міндетті зейнетақы жарнасы Бірыңғай зейнетақы қорынан төленеді.

Базалық зейнетақы қалай өзгереді?

Жақында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанның зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін жаңғырту тұжырымдамасын өзгертуге қатысты ұсыныстарды жариялады. Құжат жобасын халықтың талқысынан өткізу үшін "Ашық НҚА" сайтына шығарған. Оған сәйкес, 2028 жылдан бастап базалық зейнетақы төлемдерін ең төменгі кепілдендірілген зейнетақымен алмастыру қарастырылып отыр.

"Зейнетақының ең төменгі кепілдіктерін беруге қолайлы жағдай жасау мақсатында базалық зейнетақының орнына ең төменгі кепілдік берілген зейнетақы тағайындалады", - делінген құжатта.

Осыған байланысты нақты бірнеше ұсыныс бар. Олар:

зейнетақы жүйесінде кемінде 5 жыл өтілі бар адамдарға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% мөлшерінде ең төменгі кепілдік берілген зейнетақыны белгілеу;

зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 5 жыл болған жағдайда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% мөлшерінде базалық зейнетақыны айқындау; 5 жылдан асқаннан кейін әрбір жылға оның мөлшері 2 %-ке ұлғаяды.

базалық зейнетақы тағайындауды алып тастау;

базалық зейнетақы алушылар үшін ең төменгі кепілдік берілген зейнетақыны базалық зейнетақы мөлшерін есептеу кезінде ескерілген зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін ескере отырып есептеу.

Осылайша, зейнетақы жүйесінде еңбек өтіліне басымдық беріліп отыр. Бес жылға дейін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 проценті төленеді. Оны қазіргі жағдаймен алсақ, 22 867 теңге. Бұл ең төменгі кепілдік берілген зейнетақының бастапқы мөлшері болады. Ол бүгінгі базалық зейнетақының минималды көлемінен жоғары болып тұр. Әрине, 2028 жылға қарай инфляция және тағы басқа экономикалық көрсеткіштерге қарай әлеуметтік төлемдердің сомасы да өзгереді.

Зейнетақы жүйесін өзгертуге қатысты ұсыныстар

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазіргі зейнетақы жүйесін өзгертуге қатысты тағы бірнеше ұсыныс енгізген. Олар:

зейнетақы аннуитетінің құнын есептеу үшін базалық негізді қайта қарау;

жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушылар үшін ғана өмір бойы төленетін зейнетақы төлемдерін (зейнетақы аннуитеті) көздейтін шарт жасау міндетін белгілеу;

әйелдер зейнетақысының неғұрлым төмен болуының гендерлік проблемасын ішінара шешуге мүмкіндік беретін бірлескен аннуитеттер тетігін енгізу;

салымшыға (алушыға) қалауы бойынша зейнеткерлікке "кейін шығу" құқығын беру; Бұл ретте оған осы кезеңге тағайындалған зейнетақы төлемдері берілмейді және ол жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуды жалғастыра алады. Салымшыға (алушыға) кепілдік берілген кезең қамтамасыз етілетін болады, сол кезде мұрагерлерге бюджет қаражаты есебінен (ынтымақты, базалық зейнетақы), сол сияқты жинақтаушы зейнетақы төлемдері де беріледі.

зейнетақы аннуитеті шартын жасасу кезінде сақтандыру ұйымдарынан төленетін төлемдер мөлшеріне ұқсас БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері, яғни республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен емес мөлшерде белгілеу; 2020 жылы ең төмен зейнетақы мөлшері 38 636 теңгені құрайды.

Министрлік мамандары осының арқасында зейнетақы төлемдерінің (ынтымақты, базалық және жинақтаушы зейнетақы) жиынтық мөлшері ұлғаяды деп санайды. Бұдан бөлек, азаматтардың барлық санаты үшін зейнетақы жинағының қазіргі құнының коэффициенттерін қайта қарау ұсынылып отыр.

Бұл ретте, қауіпті өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлер үшін, сондай-ақ 1 және 2 топтағы мүгедектер үшін (жынысы бойынша бөле отырып) зейнетақы жинағының қазіргі құнының жекелеген коэффициенттерін енгізу ұсынылады. Өйткені олардың өмір сүру ұзақтығы әртүрлі.


Просмотров материала: 2 677

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 142 996 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 142 798 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 142 454 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 142 477 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 142 786 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 480 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 8 636 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 8 769 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 249 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 12 449 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 21 540 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 837 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 845 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 728 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 548 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 681 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 836 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 508 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 867 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 606 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 609 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 453 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 292 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 540 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 482 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 995 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 404 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 326 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 562 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 913 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 322 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 310 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 352 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 295 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 516 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 665 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930