15 декабря 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстандықтар зейнетақы туралы нені білулері тиіс?

18 июль 2018, 15:28
Қазақстандықтар зейнетақы туралы нені білулері тиіс? Қазақстанда 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы төлеу тәртібі өзгерді. Енді базалық зейнетақының мөлшері азаматтардың еңбек өтілі мен зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына тәуелді болады.

Қазақстанда зейнетақы мөлшері қалай есептеледі? Зейнетке кімдер ерте шығуға құқылы? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын Sputnik Қазақстан материалынан таба аласыздар.

Зейнетақы неден құралады?

Зейнетақы төлемі үш деңгейден құралады:
• Базалық зейнетақы
• Ынтымақты немесе еңбек зейнетақысы (1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтіліне байланысты)
• Жинақтаушы зейнетақы (1998 жылдың 1 қаңтарынан кейін қорға аударылып отырған жарна есебінен)

Базалық зейнетақы

Бұған дейін Қазақстанда базалық зейнетақы барлық зейнеткерге бірдей мөлшерде төленетін, яғни 15 274 теңге шамасында. 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыны тағайындау әдістемесі өзгерді. Енді оның мөлшері азаматтардың еңбек өтілі мен зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына тәуелді болады. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап базалық зейнетақы 6%-ға өсті.

Егер бүгінде барлық зейнеткерге базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54% мөлшерінде немесе 15 274 теңге төленсе, онда 1 шілдеден бастап оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты артты.

Егер зейнеткердің еңбек өтілі 10 жыл немесе одан кем, не мүлде болмаса оған ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%, яғни 15 мың 274 теңге төленеді. Яғни 10 жылға дейін – бұл кепілдендірілген көлем. Қазақстанда базалық зейнетақыны бұл сомадан төмен ешкім алмайды. Ал егер еңбек өтілі 10 жылдан асса, онда тағы 2% үстеме қосылады. Мәселен, 11 жыл еңбек өтілі барлар төменгі күнкөріс деңгейінің 56% алатын болады. Ал еңбек өтілі 33 жыл немесе одан да көп азаматтарға ең төменгі күнкөріс деңгейінің жоғары мөлшері – 100% немесе 28 284 теңге төленеді.

Қазіргі таңда Қазақстанда базалық зейнетақы алатын 2 млн 148 мың зейнеткер бар. Тоғыз жүз қырық мыңға тарта зейнеткерге базалық зейнетақы 100%, яғни 28 284 теңге төленеді. Тағы 43-44%-ы, яғни 931 мыңы 74%-тен 90%-ке дейін алады. Ал 120 мың зейнеткерге күнкөріс деңгейінің 54%-і, яғни 15 274 теңге төленеді.

Ынтымақты (еңбек) зейнетақы

Ынтымақты жүйеде 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі есептеледі және ол еңбек өтілі мен жалақыға тәуелді болады. Егер еңбек өтілі болып, бірақ зейнетақы есептеу үшін табысы жеткілікті болмаса (жалақысы төмен болды), онда ең төменгі зейнетақы төленеді – 33 745 теңге.
Ынтымақты зейнетақы 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс өтілі бар азаматтарға жұмыстағы үзiлiстерге қарамастан, қатарынан кез келген үш жыл iшiндегi орташа айлық табысы негізінде есептеледі. Басқаша айтқанда, азаматтардың зейнетақы мөлшері оның қатарынан тұрған үш жылғы табысын есептеу арқылы, яғни 36 ай бойы жұмыстан түскен табыстың жалпы сомасы 36 айға бөлу арқылы есептелінеді.
Ынтымақты зейнетақының мөлшері орташа айлық табыстың 60%-ын құрайды.

Орташа айлық табыстың жоғарғы шегі 46 айлық есептік көрсеткішпен шектеледі. Бұл 2018 жылдағы жағдай бойынша – 110 мың 630 теңге.
Ынтымақты зейнетақыны толық алу үшін еңбек өтілі ерлерде 25 жылдан, ал әйелдерде 20 жылдан кем болмауы тиіс. Ал 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі қажетті еңбек өтілінен артық жұмыс істеген адамға әрбір толық жыл үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 процентке өсіріледі, бірақ ол зейнетақы есептеу үшін ескерілетін табыстың 75%-дан аспауы керек.


Жинақтаушы зейнетақы

Әр жұмыс беруші қызметкердің ай сайынғы табысының 10%-ын міндетті зейнетақы жарнасы ретінде тұрақты түрде аударып отыруы керек. Ақша жұмысшының Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған жеке зейнетақы шотына аударылады.

БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқаруды Ұлттық банк ҚР президенті жанындағы зейнетақы активтерін басқару кеңесімен бірлесіп жүзеге асырады. Бүгінде қорда міндетті зейнетақы жарнасы бойынша 9,6 миллионан астам шот ашылған. Осы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша қорда 8 трлн теңгеден астам ақша жатыр.


Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатыса алмаған азаматтарға жасалатын жеңілдік

Белгілі бір себептермен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатыса алмаған азаматтарға жұмыссыз жүрген жылдар еңбек өтілі болып жазылады.

• Бала күтімімен үш жыл үйде отырып қалғандар, бірақ бұл уақыт 12 жылдан аспауы тиіс.

• І және ІІ мүгедектерді, 16 жасқа дейінгі мүгедек баласын, сондай-ақ, 80 жастан асқан қарияларды бағып отыратындар.

• Қызмет бабымен басқа бір жерге жіберілген әскери адамдардың жұбайлары. Егер оған сол жерде жұмыс табылмаса, онда жұмыссыз жүрген уақыт еңбек өтілі деп жазылады.

• Дипломаттардың жұбайлары


Зейнетке кімдер ерте шыға алады?

Қазіргі таңда зейнетке ерте шығатын бірнеше топ бар.

• 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шілдеге дейінгі кезеңде төтенше және жоғары радиациялық қауіпті аймақтарда тұрған азаматтар: ерлер – 50 жаста, әйелдер – 45 жаста.

• бес немесе одан да көп баланы өмірге әкеліп, оларды сегіз жасына дейін тәрбиелеген аналар. Олар зейнетке 53 жасында шыға алады.

• зейнетақы аннуитетін сатып алған жағдайда, ер азаматтар – 55 жасында, әйелдер – 50 жасында.



Зейнетақы қорындағы ақша қандай жағдайда толық көлемде төленеді?

1. Егер Қазақстан азаматы басқа елге қоныс аударып, сол мемлекеттің азаматтығын алса;

2. Азамат қайтыс болған жағдайда, отбасы мұрагер ретінде алты айдан кейін ақшаны алуға құқылы;

3. Зейнетақы аннуитеті арқылы. Ол үшін қорда жинақталған зейнетақы жарнасының сомасы аннуитетті сатып алуға жеткілікті болуы керек.
Аннуитет үшін ерлердің шотында – 9 млн, әйелдерде 13 млн теңге болуы керек.


Зейнет жасы

Бүгінде зейнет жасы ерлер үшін – 63 жас, әйелдер үшін – 58 жас және алты ай. Алайда жыл сайын әйелдердің зейнет жасы артып отырады, өзгерістер 1960-1964 жылдар аралығында туған әйелдерді қамтиды.

Әйелдер үшін зейнет жасының кезең-кезеңмен артуы:

2018 жылдың 1 қаңтарынан — 58,5 жас;
2019 жылдың 1 қаңтарынан — 59 жас;
2020 жылдың 1 қаңтарынан — 59,5 жас;
2021 жылдың 1 қаңтарынан — 60 жас;
2022 жылдың 1 қаңтарынан — 60,5 жас;
2023 жылдың 1 қаңтарынан — 61 жас;
2024 жылдың 1 қаңтарынан — 61,5 жас;
2025 жылдың 1 қаңтарынан — 62 жас;
2026 жылдың 1 қаңтарынан — 62,5 жас;
2027 жылдың 1 қаңтарынан — 63 жас.
Просмотров материала: 4 064

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 179 277 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 178 781 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 178 370 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 178 423 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 178 722 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 469 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 603 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 835 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 996 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 148 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 768 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 056 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 440 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 268 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 094 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 299 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 356 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 036 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 431 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 150 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 156 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 985 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 825 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 089 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 025 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 540 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 058 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 859 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 128 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 490 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 873 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 825 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 878 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 840 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 068 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 212 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031