26 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



1 шілдеден бастап зейнетақы көбейеді. Қанша пайызға?

22 май 2018, 16:39
Осы жылдың бірінші шілдесінен бастап зейнеткерлердің зейнетақысы көбейеді. Себебі, базалық зейнетақы қайтадан есептеліп, жаңаша форматпен тағайындалады. Бұл өзгеріс зейнетақы алатындарға да, болашақ зейнеткерлерге де қатысты. Зейнетақы жүйесіне қатысты өзгеріс пен көптің көкейіндегі бірқатар сауалдың жауабын білу үшін "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу" орталығы ОҚО филиалы директорының орынбасары Несібелі Қаражановамен әңгімелестік, деп жазды Оtyrar.kz.

Базалық зейнетақы дегеніміз не?


Әңгімесін "1 шілдеден бастап барша зейнеткерге бірдей төленіп келген базалық зейнетақы көлеміне айтулы өзгерістер енеді. Енді базалық зейнетақының мөлшері еңбек өтiлiне байланысты болады" деп бастаған маман сөзінен білгеніміз:

Базалық зейнетақы — Елбасының 2005 жылдағы Жолдауы негізінде зейнеткерлікке шыққан азаматтар мен зейнет жасына жеткен мүгедектерге тағайындалады. Бүгінгі таңда оның мөлшері — 15 274 теңге болып отыр. Бұл сома зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қарамастан бірыңғай төленіп келген.

Алайда енді базалық зейнетақының мөлшері — ынтымақты және жинақтаушы жүйеге қатысу кезеңіне сәйкес болмақ. Яғни, 1998 жылға дейiн жиналған еңбек өтiлi мен 1998 жылдың 1 қаңтарынан кейiн зейнетақы жүйесiне аударылған зейнетақы жарналарына негізделіп тағайындалады.

Айта кетейік, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған базалық зейнетақы зейнеткердің іс-құжатында бекітілген стажына сәйкес қайта есептеледі.

Базалық зейнетақы қалай есептеледі?

Еңбек өтілі 10 жыл және одан кем болса, оларға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызы тағайындалады. Еңбек өтілі 10 жылдан асатындарға әр жыл үшін 2 пайыз үстеме қосылады. Егер еңбек өтілі 20 жыл болса, ең төменгі күнкөріс деңгейінің 74 пайызы, ал еңбек өтілі 35 жыл болса, базалық зейнетақы 100 пайыз көлемінде болады.

– Мәселен, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін — 15 жыл, содан кейін — 16 жыл жұмыс істесе, базалық зейнетақы тағайындау үшін жалпы — 31 жылдық еңбек өтілі қабылданады. Бұл жағдайда (31 жыл) 10 жылы үшін зейнеткер кепілдендірілген 54 пайызға ие болады. Қалған 21 жылы үшін оған 2 пайыздан — 42 пайыз қосылады. Осылайша, 31 жылдық еңбек өтілі бар зейнеткер 54-ке 42-ні қосқанда, ең төменгі көрсеткіштің 96 пайызын (шамамен 27153 теңге) алады. 1998 жылдың 1 қаңтарынан кейінгі еңбек өтілі жинақтаушы қорына аударылған зейнетақы жарналарының 10%-ның түсуіне қарай есептеледі, — дейді Несібелі Қаражанова.

Айтпақшы, есептеудің жаңа әдісі бойынша жеңілдік шартпен зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер, яғни 5 және одан да көп баласы бар аналар, Семей полигоны аймағында 1949-1963 жылдар аралығында кемінде 5 жыл тұрған азаматтарға базалық зейнетақы 63 жасқа толғанда ғана тағайындалады.

Ескерту: базалық зейнетақыны қайта есептеу кезінде басынан ешқандай құжаттар қабылданбайды. Барлық мәлімет базада толық сақталған. 1Зейнетақым дұрыс есептелмеді" деп оны қайтадан есептетуге болмайды. Бұл өзгертілмейді.

Әзірден мына құжаттарды құнттаңыз

Алайда жоғарыдағы ескерту 1 шілдеден кейін зейнетке шығатындарға қатысты емес. Ертеңгі күні зейнетақыдан қағылғыңыз келмесе, әзірден бастап құжаттарыңызды құнттаңыз.

Бұл үшін:

1. 1998 жылға дейінгі жинаған еңбек өтілін растайтын еңбек кітапшасы;

2. жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 1998 жылдан кейін үздіксіз аударылған зейнетақы салымдарының үзінділері қажет.

Бұдан бөлек зейнетақыны тағайындау үшін:

1. Жеке бас куәлігі;

2. Мекенжай анықтамасы;

3. Банктегі есепшот нөмірі;

4. Жұмыс орнынан табысты растайтын анықтама;

5.Әскери билет;

6. Балалардың туу туралы куәлігі;

7. Неке қию туралы анықтама;

8. Жалпы орта білім туралы аттестат;

9. Диплом сұрайды.

Бала күтімі еңбек өтіліне жата ма?

Бұл сауал да көпті жиі мазалайды. Әсіресе әйелдер қауымын.

Несібелі Қаражанованың айтуынша, бала туып, үйде отырған келіншектерге уайымдауға негіз жоқ. Себебі, бала тууға және оның күтіміне байланысты заңды түрде жұмыстан шыққан азаматшалар мен декрет демалысында отырған әйелдердің 3 жылы еңбек өтіліне жатады.

Егер әйел бала күтіміне байланысты 12 жылға дейін заңды түрде еңбек қатынасында болмаса, барлық баласының арасы — 3 жастан аспаған жағдайда осы аралық оның еңбек өтіліне есептеледі.

— Мәселен, бала күтімі үшін алынған еңбек өтілі 01.01.98 жылға дейін 7 жыл болса және әйелдің 10.05.1999 және 14.10.2001 жылы туған балалары болған жағдайда осы жылдар бала күтімі үшін 12 жылдан аспайтын еңбек өтілі болып есептеледі. Ал 1998 жылға дейін туған балалар үшін 7 жыл еңбек өтілі болып есептелінеді. Ал декрет демалысындағылар үшін мүлдем басқа. Жұмыс істеп декрет демалысына шыққан әйелдерге бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты зейнетақы жарнасы аударылады. Жалпы міндетті жарнаның бір бөлігін мемлекеттік сақтандыру қоры аударса, қалғаны республикалық бюджеттен субсидияланады. Бұл әйел бала күтімімен декрет демалысында отырған жылдары (3 жылдан аспауы керек) еңбек өтіліміне саналады деген сөз,- дейді маман.

Бас бостандығынан айырылғандар ше?

Ел арасында "бас бостандығынан айырылған азаматтардың түзету мекемесінде өткізген жылдары еңбек өтіліміне есептеледі" деген түсінік бар. Несібелі Қаражанованың сөзінше, бас бостандығынан айырылған уақытты еңбек өтіліне есептеу "ҚР Зейнетақымен қамсыздандыру" туралы Заңында қарастырылмаған.

Сондықтан да, түзету мекемесінде өткізген жылдар еңбек өтіліміне есептеледі деген ой қате. Ал әскерде болған кезі міндетті түрде еңбек өтілі ретінде саналады екен.

Айтпақшы…
1 шілдеден бастап мүмкіндігі шектеулі жандардың отбасына қатысты да өзгеріс енеді. Кәмелет жасына толған, І топтағы мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына не қамқоршыларына мемлекеттік жәрдемақының жаңа түрі төленеді. Мөлшері шамамен — 30 мың теңгені құрайды. Айта кетейік, бұған дейін қаржылай қолдау — 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі баланың ата-анасына не қамқоршысына ғана беріліп келген. Оның мөлшері — 29 мың теңге болатын.
Просмотров материала: 23 695

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 210 471 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 210 134 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 209 623 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 209 668 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 210 037 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 209 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 242 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 546 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 196 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 277 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 455 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 726 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 791 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 502 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 375 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 172 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 605 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 333 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 733 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 541 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 382 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 225 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 082 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 423 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 307 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 790 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 973 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 140 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 375 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 756 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 117 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 058 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 195 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 136 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 345 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 502 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031