23 декабря 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«5-10-20» бағдарламасы бойынша өтініш қабылдаудың төртінші кезеңі басталды

28 октябрь 2020, 11:30
«5-10-20» бағдарламасы бойынша өтініш қабылдаудың төртінші кезеңі басталды
28 қазаннан бастап баспанаға мұқтаж жан ретінде әкімдік кезегіне тұрған Қазақстан азаматтарынан өтініш қабылдаудың төртінші кезеңі басталады. Енді жобаға 1986-2017 жылдар аралығында кезекке тұрған адамдардан бөлек, 2018, 2019 және 2020 жылдары әкімдік кезегіне тұрған азаматтар да қатыса алады. Бұл туралы жоба операторы - Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Бағдарламаға қатысу үшін соңғы алты ай ішіндегі отбасының әр мүшесіне келетін отбасылық табыстың бір айлық көлемі 3,1 күнкөріс минимумынан аспайтын (2020 жылдың 1 сәуірінен бастап КМ – 32 668 теңгеге тең) еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістің (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығы мен басқа да міндетті аударымдарды есептемегенде) болуы талап етіледі. Яғни, 2020 жылы отбасының әр мүшесіне келетін табыс көлемі 101 271 теңгеден аспауы тиіс», - делінген хабарламада.

Бағдарламаның бірінші кезеңінде 19 407 өтініш қабылданды, оның 6 956 кезекке тұру датасына (1986-2010 жж.) сай келді. Нәтижесінде жалпы көлемі 5 752 000 000 теңгеге 447 несиелік өтініш мақұлданды.

Бағдарламаның екінші кезеңінде 22 834 өтініш қабылданды, оның 17 986 кезекке тұру датасына (2011-2015 жж.) сай келді. Нәтижесінде жалпы көлемі 22 325 000 000 теңгеге 1 620 несиелік өтініш мақұлданды.

Бағдарламаның үшінші кезеңінде 11 957 өтініш қабылданды, оның 9 511 кезекке тұру датасына (2016-2017 жж.) сай келді. Нәтижесінде жалпы көлемі 4 361 000 000 теңгеге 319 несиелік өтініш мақұлданды.

Үш кезеңді қоса алғанда 54 198 өтініш қабылданып, оның 34 453 кезекке тұру датасына (1986-2017 жж.) сай келді. Нәтижесінде жалпы көлемі 32 млрд 400 млн теңгеден астам қаражатқа 2 386 несиелік өтініш мақұлданды.

«Шаңырақ» пилоттық жобасын жүзеге асыру үшін ҚР Ұлттық банкінің еншілес ұйымының қаражатынан 210 млрд теңге көлемінде қаражат бөлу жоспарланған. Оның 90 млрд теңге көлеміндегі алғашқы бөлігі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне түсті. Осы бюджетке сәйкес, еліміздің шамамен 7-8 мыңдай отбасын баспанамен қамтамасыз етуді жоспарланып отыр. Жылдық мөлшерлемесі 5 пайызға тең (ЖТСМ 5,2%), жеңілдетілген заемды алу үшін, бағдарлама қатысушылары әкімдік кезегінде тұрулары қажет. Сондай-ақ Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі жинақ шоттарында займ мөлшерінің 10 пайызы көлеміндегі соманы бастапқы жарна ретінде жинаулары қажет. Несиелендіру мерзімі 20 жылға дейін», - деп түсіндірді.

Аталмыш бағдарлама бойынша тұрғын үйді тек жаңадан салынған үйлерден ғана алуға болады. Бұл «5-10-20» бағдарламасы бойынша жергілікті әкімдіктер салып жатқан несиелік тұрғын үйлер мен жеке құрылыс компаниялары салған үйлер (сондай-ақ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ-ның үлестік құрылысқа қатысу туралы кепілдігі бар келісімі болған жағдайда).

«Шаңырақ» бағдарламасы бойынша пәтер алуға болатын құрылыс компанияларының тізімін www.hcsbk.kz сайтынан жүктеп алуға болады.

Әкімдіктер салған несиелік тұрғын үйлердің 1 шаршы метрі бойынша келесі баға мөлшерлері белгіленген:

Алматы қаласында - 240 мың теңгеге дейін;
Нұр-Сұлтан қаласында - 220 мың теңгеге дейін;
Шымкент қаласы мен Алматы маңындағы аймақтарда - 200 мың теңгеге дейін;
Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Түркістан, Қарағанды қалалары мен Қарағанды облысында - 180 мың теңгеге дейін;
Басқа өңірлерде – 160 мың теңгеге дейін.
Пәтерлер жеке құрылыс компаниялары салған үйлерден сатып алынған жағдайда ең жоғары заем сомасы: Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары мен олардың шекарасымен іргелес елді мекендерде 18 млн теңге, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан мен Қарағанды облысында 15 млн теңгеге дейін, ал қалған өңірлерде 12 млн теңгеге дейінгі баға ұсынылған.

Әкімдік кезегінде тұрған азаматтар бағдарламаға қатысу туралы және төлем қабілеттілігін бағалау жөніндегі өтінішін тек www.hcsbk.kz сайты арқылы электронды түрде бере алады. Бұл Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің клиенттеріне де, әзірше банктен салым ашып, клиенттер қатарына қосылып үлгермеген тұрғындарға да қатысты.

Өтініш беру мерзімі 2020 жылдың 28 қазанынан басталады. Бағдарламаға қатысу үшін жасалатын 6 қадам:

1-қадам: www.hcsbk.kz банк сайтындағы «Қолжетімді тұрғын үй/«Шаңырақ» пилоттық жобасы бөлімі арқылы электрондық өтініш беру;

2-қадам: Банк сайтында өтініш берген күннен бастап 3 күн аралығында банк қызметкерінің қоңырауын күтіп, оған жауап беру. Ол несиелендіру шарттарыны мен бағдарлама талаптарын жіті түсіндіріп, өтініш тапсыру үшін сізді банк бөлімшесіне жазады;

3-қадам: Төлем қабілеттілігіңізді бағалау үшін құжаттарыңызды алып, банк бөлімшесіне белгіленген уақытта келу;

4-қадам: Займды мақұлдау жөнінде банктің оң шешімін алу;

5-қадам: Банк талаптарына сай, жеке құрылысшылардан жаңа тұрғын үй тауып (сондай-ақ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ-ның үлестік құрылысқа қатысу туралы кепілдігі бар келісімі болған жағдайда), кепілзат бойынша банк мақұлдауын алып, сату-сатып алу немесе үлестік қатысу келісімдерін жасау;

6-қадам: Банктен займ алу!

Займды алу үшін өтініш берушінің жинақ шотында несие көлемінің 10% кем түспейтін тұрғын үй құрылыс жинағы болу керек.

Әкімшілік кезегіне қай уақыттан бастап есепке тұрғаныңызды egov.kz сайты арқылы немесе жергілікті атқарушы билік органдарынан білуге болады.
Просмотров материала: 469

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 127 294 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 127 110 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 126 766 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 126 784 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 127 091 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 666 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 837 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 915 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 155 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 299 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 667 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 396 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 677 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 570 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 380 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 501 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 681 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 352 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 692 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 457 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 455 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 290 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 139 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 384 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 320 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 845 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 205 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 171 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 391 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 732 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 146 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 154 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 194 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 130 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 356 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 507 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031