7 сентября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Шаңырақ «5-10-20» бағдарламасы. 1500 адамның өтініші мақұлданды

14 октябрь 2020, 11:50
Шаңырақ «5-10-20» бағдарламасы. 1500 адамның өтініші мақұлданды
«Шаңырақ» «5-10-20» бағдарламасы іске қосылған 2 айдың ішінде баспана алуға әкімдіктер кезегінде тұрған 1500 адамның өтініші мақұлданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Шаңырақ» пилоттық жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес баспаналы болуды армандаған қазақстандық азаматтарға жеңілдетілген шарттармен несие беру мақсатында әзірленген. Жоба операторы – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы).

Биыл 14 қазаннан бастап баспанаға мұқтаж жан ретінде 1986 жылдан 2017 жылға дейінгі мерзімді қоса алғанда, әкімдіктер кезегіне тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарынан өтініш қабылдаудың үшінші кезеңі басталады. Енді жобаға 2016-2017 жылдар аралығында әкімдік кезегіне тұрған азаматтар да қатыса алады.

Бағдарламаға қатысу үшін соңғы алты ай ішіндегі отбасының әр мүшесіне келетін отбасылық табыстың бір айлық көлемі 3,1 күнкөріс минимумынан аспайтын (2020 жылдың 1 сәуірінен бастап КМ – 32 668 теңгеге тең) еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістің (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығы мен басқа да міндетті аударымдарды есептемегенде) болуы талап етіледі. Яғни, 2020 жылы отбасының әр мүшесіне келетін табыс көлемі 101 271 теңгеден аспауы тиіс.

Бағдарламаның бірінші кезеңінде 19 140 өтініш қабылданды, оның 6690 кезекке тұру датасына (1986-2010жж.) сай келді. Нәтижесінде жалпы көлемі 6 млрд астам теңгеге 470 несиелік өтініш мақұлданды.

Бағдарламаның екінші кезеңінде 18 770 өтініш қабылданды, оның 14 061 кезекке тұру датасына (2011-2015жж.) сай келді. Нәтижесінде жалпы көлемі 14 млрд астам теңгеге 1031 несиелік өтініш мақұлданды.

Екі кезеңді қоса алғанда 37 910 өтініш қабылданып, оның 20 751 кезекке тұру датасына (1986-2015жж.) сай келді. Нәтижесінде жалпы көлемі 20 млрд 300 млн теңгеге жуық қаражатқа 1500 несиелік өтініш мақұлданды.

«Шаңырақ» пилоттық жобасын жүзеге асыру үшін ҚР Ұлттық банкінің еншілес ұйымының қаражатынан 210 млрд теңге көлемінде қаражат бөлу жоспарланған. Оның 90 млрд теңге көлеміндегі алғашқы бөлігі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне түсті. Осы бюджетке сәйкес, еліміздің шамамен 7-8 мыңдай отбасын баспанамен қамтамасыз етуді жоспарланып отыр. Жылдық мөлшерлемесі 5 пайызға тең (ЖТСМ 5,2%), жеңілдетілген заемды алу үшін, бағдарлама қатысушылары әкімдік кезегінде тұрулары қажет. Сондай-ақ Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шоттарына займ мөлшерінің 10 пайызынан кем түспейтін соманы бастапқы жарна ретінде жинаулары қажет. Несиелендіру мерзімі 20 жылға дейін.

Аталмыш бағдарлама бойынша, тұрғын үйді тек жаңа солынған үйлерден ғана алуға болады. Бұл «5-10-20» бағдарламасы бойынша жергілікті әкімдіктер соғып жатқан несиелік тұрғын үйлер мен жеке құрылыс компаниялары соққан үйлер (сондай-ақ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ кепілдігі бар).

«Шаңырақ» бағдарламасы бойынша пәтер алуға болатын құрылыс компанияларының тізімін www.hcsbk.kz сайтынан жүктеп алуға болады.

Әкімдіктер салған несиелік тұрғын үйлердің 1 шаршы метрі бойынша келесі баға мөлшерлері белгіленген: 240 мың теңгеге дейін – Алматы қаласында, 220 мың теңгеге дейін – Нұр-Сұлтан қаласында, 200 мың теңгеге дейін – Шымкент қаласы мен Алматы маңындағы аймақтарда, 180 мың теңгеге дейін – Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Түркістан, Қарағанды қалалары мен Қарағанды облысында, басқа өңірлерде – 160 мың теңгеге дейін.

Пәтерлер жеке құрылыс компаниялары соққан үйлерден сатып алынған жағдайда ең жоғары заем сомасы: Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 18 млн теңге, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Қарағанды қалалары мен Қарағанды облысында 15 млн теңгеге дейін, ал қалған өңірлерде 12 млн теңгеге дейінгі баға ұсынылған.

Әкімдік кезегінде тұрған азаматтар бағдарламаға қатысу туралы және төлем қабілеттілігін бағалау жөніндегі өтініштерін тек www.hcsbk.kz сайты арқылы электронды түрде бере алады. Бұл Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің клиенттеріне де, әзірше банктен салым ашып, клиенттер қатарына қосылып үлгермеген тұрғындарға да қатысты.

Өтініш беру мерзімі 2020 жылдың 14 қазан - 13 қараша аралығында.

Просмотров материала: 902

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 165 200 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 165 030 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 164 660 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 164 698 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 164 985 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 740 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 881 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 094 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 003 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 167 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 929 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 643 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 246 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 098 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 921 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 100 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 201 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 869 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 253 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 979 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 988 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 819 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 661 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 918 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 867 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 375 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 832 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 698 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 966 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 295 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 702 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 674 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 716 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 670 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 896 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 041 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930