12 июля 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Күлгін түсті Көбейтұзды 49 жылға жалға беру үшін конкурс жарияланды

30 июнь 2020, 14:39
Күлгін түсті Көбейтұзды 49 жылға жалға беру үшін конкурс жарияланды
Ақмола облысы Ерейментау ауданына қарасты Көбейтұз атты көл қазір қазақстандықтардың, әсіресе, солтүстікқазақстандықтардың арасында, тіпті, Ресей туристерінің арасында танымал болып келеді. Оған дәлел – биыл карантинге қарамастан, туристік фирмалар арнайы «Нұр-Сұлтан-Көбейтұз» бағытында маршурт ашып, елордадан 6000 теңгеге күлгін түсті көлді көрсетуге дайын отыр. Ондай хабарламалар интернетте, әлеуметтік желілерде көп.

Көлдің күлгін түске боялуының, себебі әрине, бұған дейін де көп жазылған. Әлем бойынша «қызғылт түсті» ерекше оншақты көлдің бірі сияқты, Көбейтұздың астына да «Дуналиелла» бактериясы жиналып, ерекше түс береді. Көлдің суы өте тұзды. Көбейтұз бірнеше жылда бір рет күлгін түс жамылады. Биыл сондай сәтті пайдаланып, табиғаттың ерекше құбылысына куә болатын кез.

ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ КӨБЕЙТҰЗДЫ ЕНДІ ТАНЫМАҚ

Көбейтұздың емдік қасиеті, басқа да табиғи ерекшелігі туралы және көлге қалай, қанша сағат жүріп баруға болатыны туралы көп жазылып жүр. Азаттық рухы тілшісі ерекше көл облыстық деңгейде туристік нысан болып танылды ма, оны дамытып, қорғау үшін бюджеттен қанша қаражат бөлінді, туристер арасында инвестиция салуға қызыққандар болды ма деген мәселелерді көтеріп отыр.

Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сұрау салған соң, бізге "Visit Aqmola" туристік ақпараттық орталығының менеджері хабарласып, Көбейтұздың перспективасы туралы айтты. Жайнагүл Қаппасованың айтуынша, көлдің айналасында мүлде инфрақұрылым жоқ және әзірге көлді туристік нысан ретінде дамыту үшін инвестиция тартылмаған.

«Жалпы, әзірге көлге инвестиция салынып жатқан жоқ. Себебі, Көбейтұз бірнеше жылда бір рет күлгін түске боялатын көл. Біздің білуімізше, көл алдыңғы жылы күлгін түске боялды. Биыл тағы да қызғылттанады деп күтпеген едік. Өйткені, бұған дейін көлдің неше жылда бір рет боялатыны туралы ғалымдармен сөйлесіп, биыл түсі өзгермейді деген болжамда отырдық. Бірақ, биыл әдемі түске боялған соң, барамын деген азаматтарға Ақмола облысының туристік ақпараттық орталығы көлге қалай жетуге болады, оның қандай пайдасы барын айтып, ақпараттандырып отырмыз», - дейді Қаппасова.



Көбейтұзға сұраныс артқан соң, орталықтың жауапты қызметкерлері маусым айының соңында арнайы экспедиция жасап, Көбейтұзды видеоға түсіріп, әкімнің алдында презинтация жасауға дайындалып жатыр екен.

«Ол жақта туристік маршурттарды дамыту үшін салынып жатқан инфрақұрлыым жоқ. Осы айдың соңына дейін Көбейтұзға барып, видео түсіріп, ақпарат жинаймыз. Соның негізінде облыс әкіміне көлді таныстырамыз. Облыс әкіміне көлдің перспективасы, туристер үшін нысанның қаншалықты қызықты екенін айтамыз. Облыс әкімі қолдай ма, жоқ па, таныстырылым өткеннен кейін ғана білеміз», - дейді Жайнагүл Қаппасова.

ОБЛЫС ЕКІ ЖЫЛДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ҮШІН 140 МЛН ТЕҢГЕ ЖҰМСАЙДЫ

Ақмола облысының мәслихаты болса, 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджетті бекіте отырып, облыстық туризм басқармасына 141 млн 245 мың теңге бекіткен. Соның ішінде, жергілікті деңгейде туризм саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерге 60 млн, туристік қызметті реттеуге 68 млн теңге қарастырып отыр. Ал, Көбейтұз орналасқан Ерейментау ауданының екі жылғы бюджеті 2 млрд 806 мың 938 теңге бюджетке ие болып отыр.

ҚОРЖЫНКӨЛ МЕН КӨБЕЙТҰЗДЫ ЖАЛҒА БЕРУ ҮШІН КОНКУРС ЖАРИЯЛАНДЫ

Ал, бірнеше күн бұрын, дәлірек айтсақ, 2020 жылдың 25 маусымында «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» су объектiлерiн оқшау немесе бiрлесiп пайдалануға беру жөнiнде конкурс жарияланды.

Конкурсқа Көбейтұз және Қоржынкөл қойылған. Екеуі де Ерейментау ауданында орналасқан көлдер. Басқарма екі көлді де рекреациялық мақсатта пайдалану үшін 49 жылға жалға бермек. Әдетте, рекреациялық мақсатта пайдаланылатын жерлерде туризм мен сауықтыру дамиды және ондай мақсаттағы жерлерді пайдаланудың заң бойынша нақты бағыты анықталады. Конкусқа құжат ұсыну 27 шілде күні аяқталады. Конкурс нәтижесі шығып, жеңімпаз анықталған соң, Аzattyq ruhy Көбейтұз бен Қоржынкөлді кім жалға алды және оны жалға алу құны қанша екенін жазады.
Просмотров материала: 1 124

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 156 658 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 156 477 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 156 115 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 156 151 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 156 446 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 224 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 369 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 559 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 290 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 483 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 337 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 313 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 051 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 917 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 746 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 901 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 032 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 698 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 070 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 796 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 804 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 646 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 487 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 749 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 690 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 201 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 632 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 522 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 779 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 114 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 525 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 503 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 543 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 484 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 722 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 865 Просмотров





Опрос


«    Июль 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031