15 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ЖЕТІСУ ЖАҚҰТЫ – ЖАСЫЛКӨЛ

Дархан даласының жеті қырында гүрілдей аққан өзенінде бал дәмі бар, қара топырағында кешегі тарихтың ізі бар, белдерінде көк аспанмен таласқан заңғар таулары бар киелі Жетісу мекені «Жер жаннаты» емей немене?! Сондай жақұттың бірі – Жетісу Алатауындағы Жасылкөл көлі. Лепсі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 23 км шамасында орналасқан тұмса табиғатты көзбен көру үшін ақпараттық туры ұйымдастырылды. Шараның өтуіне облыстық туризм басқармасы мемлекеттік мекемесінің облыстық туризм және ақпараттық қызмет көрсету орталығы МКҚК ұйытқы болды.

Теңіз деңгейінен 1630 метр биіктікте орналасқан Жасылкөлге жетудің өзі қиямет. «Жалаңашкөл» орман шаруашылығынан 17 км шақырым жаяу, тауды қиялап өтіп, әзер дегенде жетеді. Соның өзіне қарамастан, биылдың өзінде мұнда 500-ге жуық турист демалған. Тіпті кейбірі көлдің басында 2-3 түнеп, табиғатпен үндестікте болатын көрінеді.

«Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі экологиялық ақпараттандыру бөлімінің маманы Айдана Тұрысбекованың айтуынша, көл өткен ғасырдың орта тұсында жер сілкінісінен кейін пайда болған. Таудан құлаған тастар өзеннің арнасын жауып қалып, бұл жер осындай әсем көлге айналыпты.

– Ағыны қатты өзеннің бір тармағы Кикөзен өзенінің орта ағысында жатыр. Көлдің ұзындығы 2 км, көлденеңі ең кеңейген тұсында 700 метрге жетеді. Тереңдігі 50-90 метр шамасында. Көлді жағалай өскен жапырақты тоғай күзде ерекше сұлуланып түрленеді. Төменгі Жасылкөл көлінен он үш шақырым жоғарыда «Жоғары Жасылкөл» деп аталатын тағы да бір сұлу көл бар. 2200 км биіктіктегі көл Кикөзен өзенінің бүйір тармағы Қызылауыз өзенінде орналасқан. Ол да күшті зілзалаланың салдарынан пайда болған. Оң жақ беткейдің құлауынан жартас кесектері шатқалды бөгеп тастаған. Көлдің ұзындығы 3,3 км, орташа көлденеңі – 300 м. Көл өзінің пішіні жағынан жетісулық тістібақаны (Жетісу Алатауында ғана мекендейтін жойылып бара жатқан құйрықты қосмекенді) еске салады. Көл жағалауындағы алпілік шалғындар және сирек аласа бұталы тоғай көмкерген жап-жасыл баурайдың түсімен астасып, көк-жасыл түспен құбылып жатады, – деген Айдана Тұрысбекова суы мұздай болғандықтан ешқандай балық тіршілік етпейтіндігін айтты.

Айта кетерлігі, көлдің түсі қардың еруінен ғана емес, тәулік мезгілі мен ауа райына да байланысты құбылып тұрады екен. Мысалы, көктем-жаз маусымында сүтті кофеге ұқсас лай түсті болса, күз-көктем мезгілдерінде көгілдір тұнық түске енеді. Талтүс кезінде көкшіл түске боялады. Шайдай ашық аспанда су көкпеңбек түсті болса, бұлтты ауа райында қорғасындай сұрғылт түске енеді.

Өкінішке орай, жақұт мекеннің шалғайда орналасқандығынан туристер санының аздығына тоқталған «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі экологиялық ақпараттандыру және туризм бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ринат Беделханов:

– Кордоннан көлге дейінгі жол ауырлау. Десе де, табиғатқа сай осылай тұрғаны дұрыс деп ойлаймын. «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде 2010 жылы небәрі 40 шақты турист болса, биыл мұнда 500-ге жуық адам келіп-кеткен. Әдетте саяхатшылар қатары тамыздың ортасы ауа көбейеді. Олар үшін барлық жағдай жасалған. Жататын орны, ішетін тамағы, тауға шығатын техника мен аттарға дейін әзір тұр, – дейді.

Мысалы, қонақ үйдің бағасы жайлылығына қарай адам басына 2000-6000 аралығында. Сондай-ақ, ұйықтауға арналған қап, шатырды жалға беру – 500-600 теңге айналасында. Егер тауға көтерілетін жерге дейін көлік, ат жалдаймын десеңіз 2000-3000 теңгеңіз кетеді. Ең қымбатқа түсетіні – кәсіби фото-видео, кино съемка жасау. Яғни, 22 000 мен 50 000 теңге.

Айта кетерлігі, Жасылкөлдің табиғатын өз көзімен көру үшін тек өзімізден ғана емес, шетелден де меймандар келеді. Ақпараттық тур барысында Қырғыстан Республикасынан келген саяхатшы Арлан Харов:

– Өзім көршілес Қырғыз еліндегі туристік компаниялардың бірін басқарамын. Маған достарымның кейбірі: – Қазақстанда табиғаты тамаша жерлер жоқ, дейтін. Оның керісінше екеніне 15 жыл гид ретінде қызмет атқарғанда көз жеткіздім. Қазақстанның барлық облысын араладым десем болады. Соның өзінде Жасылкөлдей тұмса табиғатты бірінші рет көруім. Табиғаты өте әсем, маған қатты ұнады. Болашақта туризмнің Меккесіне айналдыруға болатын жер екен. Халықаралық дәрежедегі туристік мекенге айналары сөзсіз. Өз тарапымнан да осы бағытта жұмыс істейтін боламын, – деген ол Жетісу жерінің әсемдігін көргендегі таңданысын жасыра алмады.

Өз кезегінде «Tumar Trans» туристік компанияның өкілі Альбина Әмренова:

– Негізі Жасылкөл туралы естігелі келгім келді. Бірақ, талай жылдар бойы еш сәті түспеді. Енді өзім бірінші рет келіп, көріп, тамашалап, кетіп бара жатырмын. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың: «Отанымның орнығып кең төріне, Айналасын ақ таулар көмкеруде. Жаралғандай Жетісу ертегіден, Еркелейді Жетісу ерке күнге...» деген өлеңі есіме түсіп тұрғаны. Туристік компанияда қызмет еткелі бері Жетісудың ертегілер мекені екеніне көзім жетті. Ендігі мақсат – шетелден келген адамдарды осы жерге алып келу, – деді.

Облыстық туризм басқармасының бастамасымен биылдың өзінде өңірдегі бірнеше мемлекеттік ұлттық табиғи паркке ақпараттық тур ұйымдастырылды. Оншақты жыл бұрын Көлсай көлдері мен Шарын шатқалының жағдайы тап осы Жасылкөлдегідей еді. Тақтайдай тегіс жол салынуының арқасында қазір ол жерлерде күніне мыңдаған адам демалуда. Инфрақұрылымын жақсартса, Жасылкөлдің де сондай туристік нысанға айналары сөзсіз.

Еңлік ҚАБДЕШ
Просмотров материала: 2 424

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 170 614 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 170 447 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 170 073 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 170 122 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 170 405 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 056 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 191 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 416 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 416 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 582 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 308 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 837 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 342 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 196 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 015 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 206 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 293 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 959 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 348 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 066 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 083 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 915 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 749 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 014 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 955 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 468 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 934 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 789 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 060 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 388 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 802 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 759 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 811 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 760 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 988 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 135 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031