25 ноября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Бір тест - 2000 теңгеден" - ҰБТ қарсаңында "шпор" саудасы қызып тұр

18 апрель 2018, 13:05
Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеудің басталуына аз уақыт қалғанда шпаргалка саудасы қызып жатыр. Биыл пысықай саудагерлер оны жасырын емес, әлеуметтік желілерде ашық түрде жарнамалауға кіріскен. Тіпті, үйге дейін жеткізетін ақылы қызмет түрін де қосып қойыпты. Тест сынағының жауаптары жазылған құралдың әрқайсысын 2 мың теңгеден сатып алуға болады, деп хабарлайды Алматы арнасы. Заңсыз сауданың жыл сайын қызуына не себеп?

Әлеуметтік желіде шпаргалка сататындардың парақшаларынан көз сүрінеді. Онда қайдан алуға болатыны, кімге хабарласу керектігі жөніндегі барлық ақпарат айдан анық көрсетілген. Тіпті, біразы оны қосымша ақы төлесеңіз үйге дейін де жеткізіп беруге дайын.

Сатылатын шпаргалка биыл барынша шағын әрі жұқа етіп дайындалған. Саудагерлер дайын жауаптың Ұлттық бірыңғай тестілеуде 70 пайызы сәйкес келеді деп отыр. Қара базардағы тауардың құны әзірге 2 мың теңге. Айтуларынша, мамыр айына қарай 5 мың теңгеге дейін шарықтайды екен.

«100 пайыз дұрыс келеді деп айта алмаймыз, әрине. Бірақ 70 пайыз ғой минимум. Белгілі бір адам жоқ оны істеп жатқан. Бірақ балалар бар істейтін. Баяғыдан бері ҰБТ басталғанан бері. Жылдан жылға жиналып келе жатқан база ғой. Қазірден бастап кітапшаны пайдаланып үйрену керек қой. Негізі кітапшаның ішіне қойып, пайдаланады ғой оны. Көбі партаның астына қойып қарайды оны, тыға алмайды. Түсіріп алады».

Бет-бейнесін жасыруды сұраған сатушы шпаргалканы өзіңіз белгілеген уақыт пен сіз қалаған мекен-жайға жеткізіп береді. Оған қоса, 15-тен астам данасын алған жағдайда жеңілдік қарастырылған.

«Майда шпорлар шығады деп айтады. Жүреді, жүреді. Сонымен майда саны да азаяды. Бағасы да қымбаттайды. Алдыңғы жылы негізі жақсы өткен. 5 мыңнан астам саттық қой алдыңғы жылы. Алматы қаласы алған жоқ. Негізінен басқа қалалар алды. Көп қалаларда жоқ қой».

Ал білім және ғылым министрлігі Ұлттық бірыңғай тестілеудің сұрақтарын тауып алу мүмкін емес деп отыр. Сондықтан талапкерлерге өз білімдеріне сенуден артық жақсы тәсіл жоқ дейді. Биыл талап жылдағыдай қатал.

Егер талапкер телефон, шпаргалкамен ұсталса бірден аудиториядан шығарылып, нәтижесі есепке алынбайды. Оған қоса, мемлекеттік құпияны ашқан адам да ауыр жаза арқалайды.

«Ұлттық бірыңғай тестілеудің барлық сұрақтары мемлекеттік құпияға жатады. Сондықтан бұндай мәселелер болса, әрине, құптамаймыз және де бұл мүмкін емес. Өйткені, бұл сұрақтарды тауып алу мүмкін емес. Сондықтан балаларға тек қана өзінің біліміне ғана, өзінің дайындығына ғана үміттену керек. Сондықтан жаңағындай әртүрлі толып жатқан мәселелерді біз растай алмаймыз. Енді ол инстаграмда болсын, басқасында болсын. Әртүрлі адамдар өзінің ойын жаза алады», – деді ҚР білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов.

Биыл еліміз бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш берген талапкерлердің саны әлі белгісіз. Білім және ғылым министрлігі бұл 10 мамырда анықталады дейді.
Просмотров материала: 2 867

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 228 129 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 227 829 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 227 329 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 227 375 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 227 738 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 14 163 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 13 166 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 529 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 18 234 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 18 243 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 453 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 990 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 128 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 734 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 610 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 698 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 854 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 610 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 8 021 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 792 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 608 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 471 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 303 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 673 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 534 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 18 038 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 499 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 350 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 582 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 992 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 337 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 267 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 417 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 351 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 608 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 721 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30