22 августа 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Тегіміздегі орыс тілінің қосымшаларынан арылатын кез жетті - Қыздархан Рысберген

09 октябрь 2019, 22:21
Тегіміздегі орыс тілінің қосымшаларынан арылатын кез жетті - Қыздархан Рысберген
Тегімізді орыс тілінің–ов, -ев, -ин қосымшаларынсыз жазу азаматтар тарапынан кей жағдайда қолайсыздық тудыратыны жайлы баспасөзде, әлеуметтік желілерде, түрлі басқосуларда толастар емес, соңғы кездері де жиірек сөз болып келеді. Осы мәселеге қатысты маман ретінде өз тұжырымымызды айтпақпыз.

Тәуелсіздік алған жылдардан кейін, ҚР Тұңғыш Президентінің арнайы Жарлығына сай орыс тілінің –ов, -ев, -ин жалғауларын алып тастап, -ұлы, -қызы сөздерін қосып, аты-жөнімізді ұлттық үрдіске сай жазу мүмкіндігіне ие болдық. Сол кезден бастап, орыс қосымшасынсыз жазу кісі есімінің қайсы, тегінің қайсы екендігінде қиындық тудыратыны жиі айтыла бастады. Көп жағдайда азаматтар қайсысы есім, қайсысы азаматтың тегін айыру қиындығына сілтейді. Бұрын-соңды мұндай мәселе туындамағанын білеміз. Кейбір ұлттардың Руставели, Брегвадзе, Сароян, Дапкунайте, Банионис т.б. тәрізді тектерінде айқын ұлттық тілдік маркерлер бар. Олар ерте замандарда қалыптасып, Кеңес дәуірі кезінде де өзгеріссіз қала берді.

Тілші мамандар, қатардағы азаматтар да кісі есімі мен тегін айыратын –тегі, -үбірі т.б. қосымшаларын жалғап жазуды ұсынады. Бұл жөнінде ҚР Неке және отбасы кодексінің 194-тармағында «Жеке адамның тегіне «тегі», «ұрпағы», «немересі», «шөбересі», «келіні» деген және басқа да сөздерді қосып жазуға жол берілмейді» деп анық жазылған. Бұған «ата» сөзін де қосуға болады. Рахымберді Дүйсеков деген қапшағайлық азамат Тіл білімі институтына жазған хаттарында қазақтардың тегіне «ата» сөзін қосып жазуды қисынды деп санайды. Ал қазіргі таңда қазақ аты-жөндері екі және үшмүшелі үлгімен жазылып келеді. Расында, көпшілік айтқандай, қосымшасыз Қасен Амангелді сынды аты-жөнде тегі қайсы, есімі қайсы екендігін ажырату қиын екендігі көрініп ақ тұр.

Бұл жайында мынаны айтуға болады, ресми төлқұжаттарда, кейбір ісқағаздарында, мысалы, келісімшарттарда тегі міндетті түрде есімнің алдында жазылады, ал қалған жағдайда алдымен есімі, бар болған жағдайда әкесінің аты, соңынан тегі жазылады. Бұлай жазу негізінен КССРО халықтарына ортақ үлгі ретінде қалыптасқан, тек балтық елдері ғана батыстық үлгімен есім бірінші, тегі екінші орында жазылады екен. Ал КССРО бұл үлгіні қайдан алды десек, жалпы шығыс елдерінде, әсіресе, Қытай, Жапония т.б. мемлекеттерінде бірінші тегі, екінші орында есімі жазылады екен. Мәселен,

Ли Чженьфань, Ши Жиң Пин, Кобо Абэ, Китано Такеши т.б. аты-жөндерінде бірінші орында тегі жазылған.

Еуропалық, батыстық үлгі бойынша есімі тегінің алдында жазылатындығы белгілі. Бір жағынан осы халықаралық үлгі ретінде қарастырылады, мысалы, Иоган ван Бетховен, Виктор Гюго, Маргарет Тэтчер, Дэвид Бэкхем т.б. Яғни көптеген еуропалық, азиялық тілдер мен мәдениеттерде тегі ешбір қосымшасыз қолданылады екен. Халықаралық стандарт бойынша тегі есімнен кейін жазылады, соған қарап қайсысы есім, қайсысы тегі екендігі қиындықсыз ажыратуға болады. Сондықтан батыс баспасөз беттерінде кез келген аты-жөн, еуропалық, не азиялық болсын, кісінің есімі бірінші орында жазылады. Еуропалық тілдердегі аты-жөндердің қосымшасы болғанның өзінде фонетикалық ерекшелігіне қарай ажыратуға болады, мысалы, Ксешинскийдің поляк екендігі, Чапектің чех екендігі.

Түркітілдес бірқатар халықтарда да ұлттық нышаны бар қосымшалар жоқ деуге болады, мысалы, өзбек, қырғыз, татар, башқұр, ұйғыр, түркімендерде. Оларды фонетикалық ерекшеліктеріне қарап ажыратамыз, мәселен, Кутлумурат, Бохтиер, Сооронбай, Женишбек, Минигул, Дильшат, Бердымухаммед, Аннадурды т.б. Бұлардың ішінде қазақ есім-тектерінің де ерекшелігі негізінен бірден көзге түседі, мәселен, Тоқтар Жақып, Үсен Жылқайдар, Күләш Тоқтасын т.б.

Ал жоғарыда көрсеткен –тегі, -ұрпағы, -немересі, -шөбересі, -келіні және -ата сөздері этникалық тарихымызда фамилия ұғымы болмағандықтан ұлттық жадыдан орын алып, қалыптаспаған. Бұл сөздерді жасанды түрде қосып жазғанмен, әзірге тұрақталмай келе жатқанын көріп отырмыз. Қазақ бұрынғы кездері аты-жөн сұрасқанда «қай тумасың?», «тегің кім?», «қай атаның баласысың?» деп азаматтың қай ру-тайпаға жататындығын меңзеген.

Қазақ әліпбиінің латын графикасына көшіруге байланысты аты-жөндердің ережесі әзірленіп жатыр. Сарапшы мамандардан аты-жөнімізщдің ретін батыс, яғни халықаралық үлгіде жазсақ, кез келген жағдайда адамның аты қайсы, тегі қайсы қателеспей ажыратуға мүмкіндік туар еді дегенді атйады. Әрине, бұл пікірдің жаны бар, маман ретінде біз де қос қолдап қолдар едік. Бірақ бұл тез арада оңай шешілетін шаруа емес. Алдымен бұл мәселе ұлттық, мемлекеттік деңгейде оң шешімін табуы керек. Біріншіден, азамттарды құжаттайтын министрліктер мен республикалық мекемелердің қаржылық-техникалық мүмкіндіктеріне келіп тіреледі. Өйткені Ішкі істер министрлігі мен Әділет министрлігі, Азаматтарға арналған үкіметтің бүкіл құжатжасаушы қазіргі техникалық базасында азаматтардың тегі бірінші орында, әкесінің аты екінші орында, есімі үшінші болып жазылады. Екіншіден, бұл жайында жалпықоғамдық біржақты пікір қалыптасу керек. Біздің мақсатымыз көпке ой тастау. Болашақта аты-жөнімізді халықаралық үлгіге сай жазсақ, орыс тілінің –ов,-ев қосымшаларынан арылар мүмкіндік туады, олардың тіптен керексіз болып қалары хақ.

Сондықтан әзірге тегімізге арнайы қосымша ойлап таппай ақ, қалыптасқан тарихи дәстүрімізге сай -ұлы, -қызы сөздерін қалауымызша тегі

ретінде немесе үшмүшелі үлгіде әкесінің аты ретінде жазып, ұстанғанымыз жөн болар.

Күні бүгіннің өзінде байқап отырғанымыздай, биліктен бастап, қатардағы азаматтарымыздың дені тегіндегі –ов, -ев, отчествосындағы –ович, -евич, овна, евна қосымшаларынан арылуға асығар емес.

Жазуымызды латын графикасына көшіргенде ешкімге ұқсамайтын жаңа әліпбиіміздің ерекшелігіне қарай қазақ ономастикалық атаулардың, оның ішінде аты-жөндеріміздің ұлттық ерекшелігін бірден ажыратуға мүмкіндік беретін қалыбын сақтауымыз керек. Сондықтан ел боламыз десек, есімізді түзейтін, ұзын созбаққа салмай тектеріміздегі орыс тілінің қосымшаларынан арылатын кез жетті.

Қыздархан Рысберген, филология ғылымдарының докторы, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ономастика бөлімінің меңгерушісі

Дереккөз: Qazaq uni
Просмотров материала: 1 360

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 162 698 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 162 528 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 162 155 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 162 198 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 162 485 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 567 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 709 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 921 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 769 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 952 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 732 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 532 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 169 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 027 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 849 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 017 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 130 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 798 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 174 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 904 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 916 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 747 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 591 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 846 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 795 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 299 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 750 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 627 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 888 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 220 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 629 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 602 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 641 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 593 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 825 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 966 Просмотров





Опрос


«    Август 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031