21 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ЛАТЫНҒА ҚАТЫСТЫ ҚОҒАМНЫҢ ПІКІРІ ЕСКЕРІЛУІ КЕРЕК!

06 ноябрь 2017, 12:59
ЛАТЫНҒА ҚАТЫСТЫ ҚОҒАМНЫҢ ПІКІРІ ЕСКЕРІЛУІ КЕРЕК! Қазақ қоғамы қызу талқылап жатқан мәселе бар. Ол - қазақ тілінің латын графикасына көшуі.

Президенттен пәрмен түсіп, арнайы құрылған комиссия латын гарфикасының нұсқаларын әзірлеуге көшкелі бері, көп жұртқа ұнағаны болмады, рас. Диграф нұсқасына өре түрегеліп назары болғаннан соң, Президенттің қарауына апострофты әліпбиі көрсетілді.

Апострофқа қатысты да түрлі пікірлер айтылуда. Анығында ұзын-ырғасы отыз екі әріптің тоғызын үтірлеп берген комиссия жұмысы әлі аяқталған жоқ. Дегенмен, Президент жарлыққа қол қойды. Қазақ тілі 2025 жылы латын графикасына толығымен көшеді. Бітті.

Ал әлеуметтік желі қолданушылар мен қоғамның сергек саналы азаматтары үтірі көп әліпбидің бұл нұсқасына көңіл толмайтындығын аңғартты.

Күні кеше ғана Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев та өз позициясын білдірді. Оның ойынша ұлттық комиссия қоғамның пікірін ескеруі қажет.

Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің "Твиттер" желісіндегі жеке парақшасында былай деп жазды:

"Ұлттық комиссия латын әліпбиі бойынша мардымды ұсыныстарды ескеруі қажет".

ЛАТЫНҒА ҚАТЫСТЫ ҚОҒАМНЫҢ ПІКІРІ ЕСКЕРІЛУІ КЕРЕК!


Тоқаевтың "твитін" қоғам белсенділер мен саясаткерлер де қолдап отыр.

Мысалы, "Қасекеңнің пікірін билік ескерсе...Жаңа үтірица əліпбиге "жаңғыртпаш əліпби" десек жараса ма? Жаңғыру мен жаңылтпаштың қосындысы..", дейді саясаттанушы Айдос Сарым.

Ал саясаттанушы Ерлан Сайыров өзінің "Фейсбуктегі" парақшасында: "Сонымен апострофтың сеңі үзіле бастады..." деп жазады.

Жалпы апострафқа қатысты А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек мырза да өзінің пікірін білдірген болатын.

ЛАТЫНҒА ҚАТЫСТЫ ҚОҒАМНЫҢ ПІКІРІ ЕСКЕРІЛУІ КЕРЕК!


Ерден Қажыбек:

- Мәселе латынға өтуде емес. Көп адамдардың ойынша, тілдік реформа - әріп ауыстырумен шектелу деп. Мәселе - қазір рухани жаңғыру деген үлкен бетбұрыс басталды ғой. Бұл төл дүниемізді түгендеу деген сөз. Ал біздің бүкіл руханиятымыздың бел ортасы - тіл. Тіл маңызды форма. Барлығы да тілмен басталады, тілмен аяқталады. Ал қазіргі біздің тіліміздің күйі жақсы емес. Тіл мамандары 20-30 жылдан бері қақсап келеді ғой. Қазіргі тілмен (кирилицамен-ред.) сауатты жазу мүмкін емес, сондықтан тіл бұзып жазу көбейді. Өйткені тілдік заңдылықтарымыз аралас.

Қосарлы таңбамен, қос әріппен жазу менің ұсынысым дегенді Елбасы өзі айтты. Яғни, жаңа дүние іздемей, бар латынмен жазу. Бірақ, латынды қолданатын көп елде бар, дәстүр болып кеткен тәсіл. Бірақ, халыққа ұнамаған соң, Елбасы да өз пікірін түбегейлі өзгертіп, қазір басқа тәсілді қолдандық. Бұл - дәйекше арқылы жазу.

Елбасының айтқан құнды ойы бар. Ол - тілдік реформа жасалып, іске асырылған жағдайда, бірде-бір тұтынушыға қиындық тудырмауы керек деді. Еркін, оңай болуы керек.

Ол үшін не істеу керек? Ол үшін -ғылыми методикалық базасын дұрыстап жасау керек. Және дайындық, сынақ, апробация кезеңін жақсылап өткізу керек.

Нүкте қойылды, жұмыс бітті деп ойлайды көп жұрт. Керісінше, бұл жұмыстың алғашқы кезеңі ғана. Қазір ел жеке дара дыбыстарды, таңбаларды ғана көріп отыр. Әр дыбыс буын құрамында, әр буын сөз құрамында, әр сөз сөйлем құрамында, әр сөйлем мәтін құрамында қалай болады?.. Осының барлығы толық зерттеліп болғаннан кейін ғана қорытынды шығаруға болады.

Бұл бүгін-ертең қабылданайын деп отырған жоқ. Дайындық жұмыстарының өзіне 2-3 жыл уақыт беріп отыр. Тіпті, осы нұсқа халыққа ыңғайсыздық тудыратын болса, әлбетте өзгертулер енгізіледі.

Дереккөз: abai.kz
Просмотров материала: 3 264

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 214 280 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 213 949 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 213 446 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 213 484 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 213 859 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 402 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 435 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 757 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 405 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 474 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 667 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 766 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 860 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 538 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 416 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 310 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 649 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 387 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 788 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 589 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 421 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 264 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 121 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 465 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 351 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 829 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 120 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 174 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 414 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 802 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 156 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 096 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 231 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 172 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 392 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 544 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31