8 апреля 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Бүгінгі ұстаным «рухтан қазақ», «ұлттан қазақ» болуы тиіс

28 январь 2019, 13:55
Отарлаудың бір құралы - қару болса, екіншісі - идеология. Соңғы үш жүз жыл арасында Ібілістік идеологияның білдіртпей еніп, рухымызды жаншып, ұлттық келбетімізден бірте-бірте айрылуымыздың нәтижесі ХХІ ғасырда айқын көріне бастады. Оны сізбен біз күнделікті көріп те жүрміз. Қарумен халықтың санын азайтып жерін иеленуге болады, бұл әрине іс жүзіндегі соғыс әрекеті, ал көзге көрінбейтін соғыс басқыншылық идеологиямен ше?. Ол - шекарасыз, шексіз кеңістікке кеңінен жайылып, бір ұлтты ғана емес, бірнеше халықтың рухын улап, жоюдың бірден бір амалы. Ұлтсыздану идеологиясы біздің ұлтымыз үшін төніп тұрған қасірет, одан сақтану қазақ үшін ауадай қажет.

Әлемде 200 ден астам мемлекет бар болса, соның бірі қазақтар, қазақтарды ұлтсыздандыру ХІХ ғасырда басталды. Біртұтас ұлт ретінде біріктіріп, дінін де, тілін де, салт-дәстүрін де берік сақтап тұрған хандар мен билер институты орыстың ұлтсыздандыру идеологиясының әсерімен әлсіреп, соңғы демін 1860 жылы бірақ шығарып тынды.

Қазақтық идеяны сақтап қалу біздің алдымызда тұрған үлкен аманат, ол үшін ең алдымен рухани шекарамызды бүтіндеу жолын таңдағанымыз жөн. Кезіндегі Алаш арыстарының ұраны «оян қазақ», «ойлан қазақ» еді. Бүгінгі ұстаным біздің ұлт үшін - «рухтан қазақ», «ұлттан қазақ» болуы тиіс.

Қазақ халқының тағдырын адамзат тағдырымен қатар қойып, ұлт ретіндегі даму жолымызды таңдағанда ғана өзге мәдениеттерге жұтылып кетпейтініміз анық. Адамзаттық сатыларда, философиялық рухани жағынан қойылар ерекше талаптар бар. Міне, осы талаптарға жауап бере алмаған ұлттар тез жойылып немесе өзге халықтың көлеңкесіне айналып кете бермек.

Әлемдегі электрондық-роботтану үрдісі арқылы технократиялық синтездеуге ұмтылған жаһандану көші көпшіліктің бас ауруына айналып отыр. Қазақ секілді аз ұлттар ғана емес, үлкен ұлттар мен алып мемлекеттер де оны сырт айналып өтудің амалын қарастырып, қамданып жатыр.

Ұлттың мәні - материалдық байлықта емес, ұлттың рухында. Рухы мықты ұлт, құзіретті - халық, толық адам толыққанды мемлекет. Ең алдымен ұлт ретінде, халық ретінде ғана емес, адам ретінде жойылып кетпеуді алдымызға шамшырақ еткеніміз жөн болар. Тіршілік үшін күресу уақытша, жалған нәрсе, ақиқаттың заңдылығымен жүріп, ақиқаттың мәнін ұғынып өмір сүрсек, адам ретінде ғана емес, ұлт ретінде мойындаламыз.

Рухты жетілдірген адам - адам, тіршілік үшін күрескен - пенде.Пенделер көбейген жерде саяси-әлеуметтік дағдарыстар, табиғи апаттар жиі орын алады. Пенделік қасиеттерді ұлы рухқа арнап, соның жолына ұлықтауды үйреніп барып, барлық пен байлыққа ұмтылған жағдайда ғана материалдық байлық ұлттың игілігіне айналады.

Қазақ беделге, оның ішінде өзінен үлкенге мойынсұнатын халық. Бізде шекаралық (маргиналдық) қасиеттер көп. Осы қасиеттерден айрылмаған жағдайда ғана ұлттық мінезімізден ажырамаймыз. Экономикасы дамыған алпауыт елдердердің қайсысы болмасын, олар тек экономикалық тұрғыдан емес, рухтың азғындауы тұрғысынан да алдыңғы саптан көрініп келеді.

"Ең көп қылмыс - біз өркениетті деп аузымыздың суы құри мақтайтын елдерде. Ең көп өзіне-өзі қол жұмсаушылық - Еуропада. Ең көп нашақор мен маскүнем, жезөкшелер - батыста" деп айтуын айтамыз-ау. Ал, бүгінгі қазақ қоғамы осы сорақылықтарды айналып өте алды ма? Өте алмаса, бұл нені көрсетеді? Кез келген қоғамда көпшіліктің мүддесі кейінге ысырылып, аяққа тапталса, тұлғаның қоғам алдындағы борышы мен парызы, перзенттік міндеттері маңызсыз мәселеге айналады.

Осы бір бәлекетті жат әдеттер біздің қоғамға да қауіп төндіріп тұрғаны құпия емес. Әркімнің өзі үшін ғана тіршілік етуі басты орынға көтерілген жерде «тіршілік етушілер» өз ортасына қауіп төндіреді. Иә, олар «өмір сүруші» емес,«тіршілік етуішілер». Себебі «өмір сүретін» - адамдар. Ал пенделік қасиеттері басым түскендер тек «тіршілік иесі» ретінде ғана «тіршілік» кешпек.

Әрбір қазақ өзін сол қазақтың жалғызымын деп ойлап, осы мінездерден аулақ болса, біз жанымызды жаман қасиеттерден аршып алатынымыз даусыз. Жан тазалығын алдыңғы қатарға қойған атам қазақтың ұрпақтары - біздердің, иә бәріде біздердің қолымызда. Осы бір бабадан қалған жан тазалығын әспеттеп, жаһандану аждаһасы мен ұлтсызданудың аузына ілікпей сақтана білсек, оны жеткіншек ұрпақ жанына сіңірсек, қан тазалығы да, қазақы мінез де өз орындарынан табылары сөзсіз!

Ол үшін рухтану мен ұлттану деген қасиетті сөздерді жадымызда жаңғырта берудің еш артықшылығы жоқ, оны қайталап айта берумен бірге іс жүзіне асыру ойлы да, арлы қазақтың мойнындағы борышы. Рухыңды биік ұстап, ұлтыңның ұлылығын ұлықтай білсең, жаңа заман, жаңа ғасыр - сенің ғасырың, менің заманым, қазақтың ғасыры болары даусыз.

Мақсат Әубәкіров, Abai.kz
Просмотров материала: 1 078

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 142 674 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 142 478 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 142 133 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 142 156 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 142 465 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 461 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 8 618 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 8 750 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 227 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 12 425 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 21 520 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 825 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 840 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 722 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 542 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 676 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 830 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 502 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 860 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 600 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 604 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 448 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 286 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 533 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 475 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 990 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 398 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 321 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 556 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 906 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 317 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 304 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 346 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 290 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 511 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 659 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930