23 мая 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Ұлттық бірыңғай тестілеу" деген атауының өзі дұрыс емес

Елімізде осы күндері Ұлттық бірыңғай тестілеу-деген атпен жұртқа таныс, мектеп бітірушілердің білімін сынау жүйесі жұмыс істеп жатыр. Бұл жүйе бойынша алынған тест нәтижесі, жалпы және орта білім ұйымдары бойынша мемлекеттік аттестацияның қорытындысы және түлектердің колледждер мен жоғары оқу орындарына қабылдану емтиханы есептелінеді.

Қазақстан қоғамында тестің қолданылуына байланысты пікір қайшылығы бар. Ол туралы айтылып, жазылып келеді. Менің ортаға саларым ол емес,  айтпағым орыс тілінде "Единое национальное тестирование" деген  атпен санамызға енген, қазақшасы қысқаша ҰБТ деп аталатын осы атауға байланысты болып отыр.

Ұлттық бірыңғай тестілеу – осы бір білім мен ғылым саласындағы атышулы,  мәні мен маңызы зор, жас ұрпақтың болашағы мен тағдырына ықпалы мейілінше үлкен іс-шараның атауына көз салып, саралап  ойланайықшы, ана тіліміздің табиғатына қаншалықты сай келіп тұр?

"Атында тұрған не бар, заты дұрыс болса болды емес пе?" дейтін қазақы немкеттілікпен қарайтын ағайындар да бар, жоқ олай, емес, әрқандай игі бастаманың басы дұрыс болуы шарт, ол үшін оның аты да, дұрыс болуы тиіс.

"Ұлттық бірыңғай тестілеу"- бір сыдырып оқығанда құлаққа да, көңілге де томпақ келіп жатқан жоқ. Алайда, зер сала қарасаңыз, мүлде басқа...

Ал енді, осы үш ауыз сөзді талдап көрейік. "Ұлттық"сөзі ұлт деген түбірден шығып отыр. Ал ұлт дегеніміз – жер бетiндегi белгiлi бiр тiршiлiк аймағы мен әлеуметтiк ортаның бiлiгiнде жатқан салт-дәстүрi, тұрмыс-тiршiлiгi, шаруашылық кәсiбi, мiнез-құлқы, тiлi мен мәдени мұрасы бiр халықтар тобы.

Олай болса, қазақ, орыс, қытай, өзбек ұлттарының жеке қасиеттері ұлттық-деген сөзге келеді. Ал бізде ұлттық сөзі – мемлекеттік деген ұғым беріп келеді. Ұлттық университет, ұлттық компания дегендер осы негізде  пайда болған атаулар.

Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. 

Сондықтан мемлекет пен ұлт арасындағы ұғым мен міндет, құқық пен мүдде айырмашылығын айқындап алғанымыз жөн.  Біз түлектерді ұлтына қарай тестілеуге қатыстырып жатқанымыз жоқ, бәрі де Қазақстан Республикасының тең құқылы азаматтары ретінде бір уақытта, бір орында емтихан тапсырып жатыр. 

Демек,  ұлттық емес, мемлекеттік болуы тиіс. Біздің елде ұлттық деген сөздің мемлекеттік деген мағанада қолданылуы – кеңес одағының барша кеңес халқын бір ғана ұлт етемін деген жымысқы саясатының сарқыны. Қазіргі нарықтық мемлекетімізде ұлт пен мемлекеттің ара жігін ашып алғанымыз жөн.

Енді "Бірыңғай" сөзіне тоқталайық. Бірыңғай – кілең, тек бір ғана түр, сорт, түс, жыныс, жасты білдіретін шекті ұғымдағы, сандық-мөлшер сөз. Мысалы, бірыңғай қызыл киім, бірыңғай әйелдер немесе қазақтар-дегендей.

Ал тестілеуде жынысына, жасына, түріне, ұлтына қарап жатқамыз жоқ қой, тек, биылғы түлектер жаппай қатысып жатыр. Сол үшін бірыңғай сөзіне қарағанда біртұтас-деген сөзді қолдану ыңғайлы.  Ал соңғы сөз "Тестілеуге" келейік.

Бұл сөз қазақы сөз емес, тіпті, орыс тілі үшінде кірме сөз. Тесттің ауқымы кең атау. Ол – сынақ, бақылау, талдау, тексеру дегендей түрлі мағана береді. Адамдар денсаулығына байланысты, психологиялық жағдайына қатысты, тіпті, жүктілікті білу үшінде  тест өткізеді.

Ал қазақта емтихан деген тек, шәкірттердің білімін ғана қадағалап, екшеу ұғымын білдіретін арнаулы атау бар.

Қазақ Ұлттық энциклопедиясында "Қазақстанда емтихан қабылдау алғаш рет Алтынсарин мектептерінде қолданылды" деген анықтама да бар.  Классик жазушылардың шығармаларында да бұл сөз кездеседі.

Б.Соқпақбаевтың  «Алыстағы ауылында» Болат жетінші кластың ең соңғы емтиханын тапсырған күннің ертеңіне үйіне ауданнан бір жүк машинасы келді. Емтихан сөзі қазір де қолданыста бар, сол үшін оны тестілеу деген түбі жат, мәнісі мәңгүрт сөздің орнын бастыру керек.

Қорыта айтқанда, "Единое национальное тестирование" деген тіркестің қазақша аудармасы - "Ұлттық бірыңғай тестілеу" ана тіліміздің табиғатына сай келмейді. Бұл біздегі алдымен орыс тілінде ойлап, атауын қарастырғаннан кейін ғана оның қазақ тіліндегі баламасын самарқау, салқын, сараң іздейтін күнделікті әдетіміздің нәтижесі.

"Мәтіннің екі тілдегі мағынасы бірдей болсын" деген талап негізінде орыс тілінің жалпы қай сала бойынша қазақ тілінен үстем болуы, оның негіз әрі стандарт болуымен, ал қазақ тілінің баламалы тіл болып қалуын қалыптастырды.

Соның салдарынан қазақ тіліндегі аудармалар күлкілі, ұятты, мәнсіз, мағанасыз болып жатыр. Аударма сәтті шығуы үшін:

- Аудармашы екі тілді терең, жеткілікті меңгерумен қатар, екі халықтың дәстүрін, мәдениетін, дүниетанымын жақсы білуі тиіс. Сонда баспа-бас аудару, жалаң аудару болмайды.

- Аудармашыда мол, жан-жақты білім және үздіксіз ізденіс болуы тиіс.

- Қандай дүние болмасын, алдымен қазақшасы жасалып, соңынан басқа тілге аударылуы керек.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні - "Ұлттық бірыңғай тестілеуді" (ҰБТ) "Мемлекеттік біртұтас емтихан"(МБЕ) деп өзгерту керек деп ойлаймын.

Сіз қалай ойлайсыз ағайын?

Қастер Сарқытқан
Абай атындағы ҚазҰПУ
Елтану және туризм кафедрасының доценті,
ғылым кандидаты
Просмотров материала: 3 007

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 149 332 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 149 142 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 148 800 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 148 822 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 149 126 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 809 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 8 961 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 116 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 726 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 12 928 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 21 895 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 048 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 919 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 798 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 619 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 757 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 910 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 575 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 943 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 676 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 679 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 521 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 363 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 618 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 560 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 071 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 492 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 400 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 641 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 992 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 399 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 383 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 425 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 365 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 594 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 742 Просмотров





Опрос


«    Май 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031