14 декабря 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Валентин күні ер балалар мен қыздар ойына келгенін істейді

24 январь 2018, 15:59
Әнеу бір жылдары баспасөз бетінде «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деген мәтел жиі қолданылатын. Ақылымыз кеш кіретін жұртпыз ба, қайдам, сол мақал ол заманда қазақты жаны да, тәні де сау, салауатты да саналы ұрпақ тәрбиелеп шығаратын озық та үздік, салт-дәстүрлерінен айыру үшін жиі қолданылғанын енді-енді ғана ұғынып жүрміз. Оның есесіне сол киелі үрдістеріміздің орнына қазақты ұлтсыз-интернационалистікке, көзжұмбай кеңесшілдікке, әйелдері мен қыздарын еркек сыйламауға, көргенсіздікке тәрбиелеуге арналған мейрам, мереке дегеннің түр-түрі бар болатын.

КСРО құлаған бойда көршілес, қазақ пен тілі бір, діні бір, үрдіс-дәстүрлері ұқсас республикалар сол мейрамдардың «Жеңіс-күні», «8 март-әйелдер күні» сияқты басқа да түрлерінен бірден бас тартты.

Керісінше, бүгінде Қазақстан бірыңғай қисапсыз мейрамдардың, қысы-жазы, күндіз-түні өткізілетінін той-думанның еліне айналдырылды. Бұның аржағында кейбір жоғарыдағылардың халықтың ой-санасын ең басты әлеуметтік, мемлекеттік мәселелерден басқа жаққа бұрып, қарын тоқтығы мен киім бүтіндігінен өзгені ойлауға қабілетсіз тойшы, думаншы қара тобырға айналдыру саясаты жатқанын екінің бірі түсіне бермейді.

Қарап отырсаңыз, мына тұрған Өзбекстанда бір жылда бар болғаны «Тәуелсіздік (мустахиллик) мейрамы», «Құрбан айт», «Наурыз мейрамы» сияқты 3-4 қана мемлекеттік деңгейдегі мейрам бар екен. Ал Қазақстанда ше? Қазақстанда бір жылда болатын мейрамның ұзын саны 30-дан асып жығылады.

Қайран қазекемнің кей жағдайда іске шорқақ болса да ой тереңдігі сұмдық тұңғиық қой. Оның «Арсыз жұртқа күнде мейрам, күнде той» деген қанатты сөзінің өзі неге тұрады. Ол аз болса, бұл орайда ғұлама шайыр Әбубәкір Кердері «Пенденің бәрі арманда, ақымақтың ғана мұңы жоқ» деп ащы мысқыл тастайды.

Шынында да біз соңғы 26 жылда шет-шек, ынсап-қанағат деген ұғымдардан рабайсыз аттап, барып тұрған даңғой, дарақы, ерсі, үлкен-кішісі жәркелеш думанқұмар ұлтқа айналып, көршілеріміздің мазағына қалған жоқпыз ба деп ойлайтын күн туды.

Кейбір әсіре ұлтсүйгіштердің талағы тарс айрылса да айтайық, қазақтардың «Рождество Христово» мен 8-Наурыз, яғни, әйелдер мейрамы күні дегенді әлі де мемлекеттік дәрежеде атап өтетінін күлкі қылатын көрші өзбек, тәжік, түркімен жұртшылығы Қазақстанда «Валентин күні» деген азғындық мейрамды қазақтың ұл-қыздары дүркіретіп өткізетінін, солардың телеарналардан көрсетіліп жататынын көргенде қазақтар туралы айтқан сөзін айтуға да аузың бармайды.

Иә, «Валентин күні» дегеннің қайдан, қалай, кім ойлап тапқаны туралы тарихы талай айтылды. Бұл мейрамсымақ өзінің дінін, ата-бабасының салтын, үрдістерін, дәстүрлерін, тілін сыйлайтын, аз да болса ұлттық санасы, ұлттық намысы бар, өзін мұсылманмын дейтін ұлт үшін ең азғындық мейрам екені көрініп-ақ тұр.

Бұл «Валентин күні» бойынша сол күні, сол түні ер балалар мен қыздар ойына келгенін істеуіне болады деген қағида Қазақстанда емін-еркін сайран салады. Базарлар мен көшелерде гүлсауда, қағаздан жасалған жүрек саудасы қазандай қайнайды. Бірін-бірі құттықтап, құшақтасып, көшенің қақ ортасында ерінге-ерін жабысып сүйісіп тұрған қазақ ұл-қыздары. Оны айтасыз-ау, қазақтың жасы егде тартқан еркектері мен қатын-қалаштары бірін-бірі жаңа көргендей қауқылдасып, құттықтап жатқанын көргенде неткен санасыз, намыссыз едік деп өз ұлтыңнан өзің безіп кеткің келеді екен.

Бұл түні талай-талай үріп ауызға салғандай әлі шіп-шикі қыздарымыз бен ұлдарымыз төсектес болып жататынын да жасыруға болмайды. Жоғарыдағы «европизированный», «глобализованный», «цивилизованный боламыз» деп ұрандатып жүретін «горлопан», бержақтағы соларға ерген итаршы «крикундарды» қойшы, сол қыздар мен ұлдардың ата-аналары қайда қарап отыр десейші. Әлде 26 жыл ішінде бүкіл қазақ ұлтсыздандыру саясатының құрбанына айналды ма?

Бірақ, «е-е, мемлекетіңнің өзін «бұл тек қазақатың елі емес, бәріне ортақ ел», «орысқа қазақша жауап берсең, жауапқа тартылып, жұмыстан шығарыласың» деп, бүкіл жиын, мәжілістерін орысша өткізетіндер басқарып отырғанда қазақ байғұстың не кінәсі бар?!» дейсің тағы да.

Әйтпесе, өз елінде ана тілін, ең биік төрге шығарып бірі: «Бұл ең әуелі өзбек мемлекеті», десе екіншісі «Түркіменстанда ең әуелі түркімен ұлтының жағдайын жасауға көңіл бөлінуі керек» дейтін ұлтшыл ерлер басқарып отырған елдерде «Валентин күні», «Татьяна күні» дегендерді тойламақ түгіл, оны тойлап жүргендердің өзі жауапқа тартылады. Біз кім болдық, неге (кешіріңіз, кімге) айналып барамыз.


Мырзан Кенжебай

ДЕРЕККӨЗ: abai.kz
Просмотров материала: 2 150

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 179 220 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 178 723 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 178 313 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 178 365 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 178 664 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 467 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 601 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 832 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 993 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 143 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 765 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 055 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 439 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 267 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 093 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 299 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 356 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 035 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 431 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 150 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 156 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 984 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 824 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 089 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 025 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 540 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 058 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 858 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 127 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 490 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 872 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 825 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 875 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 839 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 068 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 211 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031