29 мая 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Денис Тенді өлтіргендерге сот үкімі шықты

17 январь 2019, 17:31
Денис Тенді өлтіргендерге сот үкімі шықты


Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне айыпты деп танылған үш күдіктіге сот үкімі шықты.

Алматы қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында төрағалық етуші судья Кеңшілік Әбділдинов Нұралы Қиясовты 18 жылға, Арман Құдайбергеновті 18 жылға, ал аяғы ауыр Жанар Толыбаеваны 4 жылға бас бостандығынан айырды.

"Нұралы Қиясов Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 192-бабы 2-бөлімінің 2-тармағы (қарақшылық), 99-бабы, 2-бөлімі 7,8-тармақтары (кісі өлтіру) бойынша қылмыс жасағаны үшін айыпты деп танылсын, 18 жылға бас бостандығынан айырылып, қылмыстық-атқару жүйесінің жоғары қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеге қамауға алынсын.

Арман Құдайбергенов Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 188-бабы 2-бөлімі 2-тармағы (ұрлық), 192-бабы 2-бөлімі 1,4-тармақтары(қарақшылық), 99-бабы 2-бөлімі 7-тармағы (кісі өлтіру) бойынша айыпты деп танылсын және жаза ретінде 18 жылға бас бостандығынан айырылып, қылмыстық-атқару жүйесінің жоғары қауіпсіздік мекемесіне қамауға алынсын.

Жанар Толыбаева Қылмыстық кодекстің 434-бабы (қылмыс туралы хабарламау), 188-бабы 2-бөлімі 1-тармағы (бір топ адаммен алдын ала келісіп ұрлық жасау) бойынша айыпты деп танылсын және жаза ретінде 4 жылға бас бостандығынан айырылып, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесіне қамауға алынсын", — деп судья үкімді оқыды.

Жарыссөз кезінде марқұм спортшының анасы Оксана Тен кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі екі инспекторды Азамат Нұрпейісов пен Әділбек Мұсаевты салғырттығы мен әрекетсіздігі үшін жауапкершілікке тарту туралы қолдаухат берді. Еске сала етсек, полицейлер Денис Теннің сотталушылармен төбелесіп жатқанын көргенін мәлімдеген еді. Сотта тәртіп сақшылары куәгер ретінде жауап берді.

Оксана Тен қос полицейдің үстінен сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитетке арыз жазды, қазіргі таңда іс уақытша тоқтатылған.

"Бұл істе мен куәгер ретіндемін, оларға ешқандай талап қоя алмаймын. Неге екені белгісіз, қазіргі таңда іс уақытша тоқтатылған. Полицейлер сол баяғыдай жұмыс істеп жүр, қылмыстық іс болса да, қызметінен шеттетілген жоқ. Бұл іске жәбірленуші ретінде қатыса алуым үшін, істі сыбайлас жемқорлыққа қарсы бөлімнен басқа органдарға беруді тағы бір мәрте талап етемін. Әйтпесе, бұл полицейлердің үстінен жаңа арыз жазамын", — деді Оксана Тен жарыссөз барысында.

Оксана Тен сот процесі кезінде қылмыстың тапсырыспен жасалғанына сенімді екенін мәлімдеді. Жәбірленуші тараптың адвокаты Нұрлан Өстеміров алдын ала тыңдалым кезінде 2018 жылдың 20 шілдесінде Астана қаласында айна ұрлап ұсталған Арман Құдайбергенді сотқа дейін қаладан шықпау туралы қолхатпен босатып жіберген полиция қызметкерлерін жауапкершілікке тарту туралы шағым түсірді.

Сотталушы өзінің соңғы сөзінде Денис Теннің отбасынан кешірім сұрады. Бастапқыда Құдайбергенов пен Қиясов кінәларын мойындағанымен, кейін тек ұрлық жасағаны үшін айыпты екенін және кісі өлтіруді алдын ала жоспарламағанын айтып осы уақытқа дейін берген жауабын өзгертеді. Ал Жанар Толыбаева соңғы сөзінде өзінің не үшін айыпталып отырғанын түсінбейтінін жеткізді.

Оксана Тен сот үкім шығарарда қоңырауларды тексергеннен кейін Толыбаева мен кейбір куәгердің ортақ таныстары болғанын мәлімдеді.

"Сотқа дейінгі отырыста және сотқа дейінгі тергеу барысында телефон қоңырауларын тексеру арқылы Толыбаева мен бірнеше тұлғаның өлімнен бірнеше күн бұрын сөйлескені белгілі болды. Бұл жай ғана кездейсоқтық болуы мүмкін емес", — деді марқұм мәнерлеп сырғанаушының анасы.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы 2018 жылдың 19 шілдесінде 25 жасында қаза тапты. Спортшы көлігінің айнасын ұрлағандарды тоқтатпақ болғанда сан тұсынан пышақ жарақатын алды.


Дереккөз: Sputnik Қазақстан
Просмотров материала: 1 545

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 201 951 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 201 573 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 201 067 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 201 128 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 201 491 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 746 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 807 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 110 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 725 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 799 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 995 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 625 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 654 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 432 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 287 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 866 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 528 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 226 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 623 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 442 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 313 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 147 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 001 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 323 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 225 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 715 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 633 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 065 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 297 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 677 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 053 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 991 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 112 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 062 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 262 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 413 Просмотров





Опрос


«    Май 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031