13 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Денис Тенді кім өлтірген сонда? Ұсталғандар қылмысын мойындамай жатыр

03 январь 2019, 12:49
Денис Тенді кім өлтірген сонда? Ұсталғандар қылмысын мойындамай жатыр
Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша басты сот талқылауы жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сот залынан.


Бүгінгі отырыста прокурор Қуандық Досов сотталушыларға қатысты айыптау актісін оқыды.

«2018 жылы маусымда бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатымен сотталушы Құдайбергенов Шагабутдинов Шевченко көшелерінің қиылысында тұрған Жаңқабаевтың Lexus көлігінің айнасын алып кеткен. Осылайша оған 608 мың теңге көлемінде шығын келтірді. Өзінің қылмысын жасыру мақсатында ол айналарды Шаңырақтағы сайға лақтырып кеткен. Сонымен қатар, Құдайбергенов 11-шілдеде заңсыз жолмен ақша табу мақсатында Астанадағы күйші Дина көшесінде Шəмшиевтің көлігінің айнасын шешіп кеткен. Осыған байланысты Құдайбергеновке ҚР ҚК 188-бабы бойынша айып тағылды. Кейін Қиясов пен Толыбаева, Құдайбергенов үшеуі «Магнум» сауда үйінен ас үй пышағын, қолғап сатып алған. 19-шілде күні Құрманғазы көшесінен шығысқа қарай Байсейітова көшесінде LEXUS 708 02 нөмірлі көлігінің тұрғанын байқаған. Олар көліктерін «Достық» қонақ үйінің қасына қалдырып, Теннің автокөлігіне қарай жаяу жақындаған. Толыбаева жан-жағына қарап, адамдардың қарасы азаюын, ыңғайлы сəтті күтіп, 7 метр ара қашықтан аймақты бақылап тұрған. Құдайбергенов болса көліктің айнасын шығарып алып, көлік иесіне 199 мың теңге шығын келтірген. Сол сəтте Денис Тен Толыбаеваның қасынан өтіп, көлігінің жанында тұрған бөтен адамды көреді. Оның көлік айнасын ұрлық жасап жатқанын байқаған соң айнасына жармаса кеткен. Құдайбергенов сол сəтте Байсейітова көшесіне қарай қаша жөнелген. Тен көп ұзамай оны қуып жеткен. Сол кезде Құдайбергенов пен Тен арасында төбелес басталған. Құдайбергенов шалбарының белбеуін алып Теннің бетінен ұра бастаған. Сол сəтте Қиясов рюкзактан пышақты алып арт жағынан келген. Қиясов өздерінің қылмысын жасыру мақсатында адам өлтіру қылмыстық ой пиғылы пайда болған. Құдайбергенов Тенді ұстай тұрады. Сол кезде Қиясов Денис Теннің оң жақ санының артериясының жоғарғы тұсынан екі рет пышақ салды. Тен алған жарақатынан сол жерде қайтыс болды»,- деді мемлекеттік айыптаушы Қуандық Досов.

Прокурор Арман Құдайбергеновке ҚР ҚК 192-бабының 2-бөлімі, ҚР ҚК 188-бабы, ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімі бойынша айып тағылғанын айтты. Ал Қиясовқа ҚР ҚК 192-бабының 2-бөлімі, ҚР ҚК 2-бөлімі, 7-8 тармағы бойынша айып тағылды.

Мемлекеттік айыптаушы Жанар Толыбаеваға ҚР ҚК 188-бабы мен ҚР ҚК 434-бабы негізінде айып тағылғанын жеткізді. Ал сотталушылар Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов өздеріне тағылған адам өлтіру айыбымен келіспейтіндерін айтты. «Мен ұрлық жасағанымды мойындаймын. Қарақшылық пен адам өлтіру қылмысын жасау ойымда болған жоқ. Жаңқабаев пен Шəмшиевтің, Теннің айнасын алғанымды мойындаймын»,- деді Құдайбергенов.

Қиясов та өз қылмысын мойындаған жоқ.

Сотталушы Жанар Толыбаева ҚР ҚК 188-бабын 30-бапқа ауыстыруды өтінді. Оның айтуынша, ол қылмысқа бара жатқанын білмеген. «434-бапты да мойындамаймын. Себебі, мен пышақ салып жатқанын көрген жоқпын»,- деді Жанар Толыбаева.

Мұның алдындағы отырыста қос тарап алдын ала тыңдалым барысында өз талап арыздарын айтқан болатын. Оксана Теннің құқығын қорғаушы Нұрлан Өстеміров Денисті біреулер тапсырыспен өлтіруі мүмкін деген оймен істі қайта тергеуге жіберуді сұраған болатын. Судья сот залынан тыс кеңесу бөлмесінде кеңесуден соң істі прокуратураға қайта тергеуге жіберу қажеттілігі жоқ деп шешті.

Сонымен қатар, жәбірленуші тарап Денистің ұрылармен жаға жыртысып жатқанын екі полицей көргенін айтты.

Сотталушы Жанар Толыбаева өзінің жүктіліктің 6,5 айлығында екенін мəлімдеген болатын.

Келесі сот отырысы қаңтарға таңертеңгі 10-ға белгіленді.

Еске салсақ, Денис Тенді биыл 19 шілдеде Алматы қаласында белгісіз біреулер пышақтап кеткен еді. Ауыр халде ауруханаға жеткізілген спортшы көз жұмған болатын. Денис Теннің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер іздестірілді.

Елбасы Денис Тенге қатысты қылмысты мұқият тексеруді тапсырды. Кейін ҚР ІІМ күдіктілердің ұсталғанын жария етті.

Ал, қыркүйек айының соңында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов аталмыш қылмыстық істің тергелуіне қатысты мәлімет берген болатын.

25-желтоқсанда Алматының қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотында белгілі спортшының өлімі бойынша алдын ала сот тыңдалымы өтті.
Просмотров материала: 1 369

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 195 282 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 194 874 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 194 387 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 194 441 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 194 792 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 371 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 465 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 757 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 219 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 318 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 645 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 478 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 589 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 393 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 236 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 725 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 477 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 171 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 568 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 345 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 271 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 104 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 950 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 254 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 168 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 671 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 486 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 001 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 259 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 633 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 009 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 952 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 040 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 004 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 206 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 362 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930