23 декабря 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Қазақ әзіліне реформа қажет»

25 сентябрь 2018, 15:25
Жақында Қазақстанның медианарығы бір үлкен жаңалықпен дүр сілкінді. Жаңа арна – әзіл арнасы «Tamasha TV» ашылыпты деген жаңалық әп сәтте көпшілікке таралып, «Ол не істейді екен?», «Қандай бір тың идеялар алып келеді?» деген сұрақтар бәрімізде болды. Сізде де бар шығар. Осы сауалдарға тұщымды жауап алып, жалпы жаңа телеарнаның тынысымен танысып қайтайық деп Есен Елеукен мырзаның кабинетіне бас сұқтық.


- Есен мырза, жылдың басында өзіңізбен бір сұхбаттасқан едім. Ол кезде арна туралы тіпті сөз де қозғалмаған болатын, қызметіңіз құтты болсын. Қазір телевидениеде онсыз да әзіл көп.Керісінше сараптама, жаңалықтарды дұрыстап жеткізетін шын мәніндегі журналистика іздеп жүргенде әзіл арнасы деген қазіргі кезде артықтау емес па?

- Негізі бәрі солай ойлайды. Бірақ бір ғана Ұлттық арнада жалпы бағдармалардың барлығын жиып-қосқан кезде әзілге, ойын-сауыққа арналған бағдармалардың мөлшері 10 пайызға да жетпейді. Адам тек соны көргеннен кейін ба, әйтеуірбізге көп сияқты көрінеді.

Өткенде, осы канал ашылды дегенде арасында «Не керегі бар, білімге неге арналмайды?»деген пікірлер болды.Білімге арналған, мәдениет каналы болды ғой, бірақ неге жабылып қалды деген сұрақ ешкім көтерген де жоқ. Болашақта мәдениет пен руханиятқа арналған арналар болатын шығар, ал қазіргі «Tamasha TV» алдында тұрған басты мақсат әзілдің сапасын көтеріп, жалпы түсінікті өзгерту. Уақыт өте келе біз оны орындаймыз.

- Сонда қазіргі әзілге деген түсінік қандай, болашақта қандай болады деп жоспар, стратегия бар?

- Стратегия болғанда, бұл менің өз көзқарасым ғана емес.Бұл Ұлттық арна басшылығы да, министрлік те тапсырма берген кезде осы жағын мықтап тапсырды. Қазір көп коммерциялық арналарда қазақша контент бар, жұрт қарайды деген ұғыммен ішіндегі сапасына аса мән салып жатқан жоқ.

Мысалы, тіл шұбарлығы бірінші кезекте. Сосын тақырыптың ауқымдылығы, таңдалуы да өте аз. Жақында Алматыға барып барлық әзіл-сықаққа қатысты театр саласының мэтрлерімен, ситком жазып жүрген авторлармен, вайн түсіріп жүрген қазіргі жастармен, барлығымен кездесіп қайттым. Әрқайсысының өзінің мәелесі бар.

Үлкен театрлардың бірінші қиналатыны авторлық, яғни материал және менеджмент мүлдем жоқ деуге де болады. Олар заманына қарап қалыптасуы, өзгеру керек. Енді қазір әзілдің әр саласының басты мәселелерін анықтадық, осыған байланысты біз оларға ұсыныстыр береміз.

- Мысалға қандай? Енді не істейміз?

- Біз әзіл-ысқақ театрларына авторлық, редакторлық мойнымызға алайық, сіздердің бұрынғы білімдеріңізді қайтіп эфирге шығарайық, біз алаң болайықдеп ұсындық.

Мысал ретінде Ресейді алайық. Ол нарықта ұйымдастыру жағына баса мән береді, белгілі бір жүйе бар, сондықтан да нәтиже бар. Жалпы әзілді конвейерге салып жіберсең бір уақыттан соң дәмі кетеді. Осы ара қашықтықты да сақтау керек.
Осының барлығын ойлай келе театрларға ұсыныс айттық: жылына 2-3 концерт болса жоғарыда айтылған мәселелерді шешуге көмектесейік, ары қарай ұнайды ма, ұнамайды ма көре жатады.

- Түсінгенім сіздер арнаның контентін толтырып қана қоймай қазақ юморына деген бір жаңашылдық әкелгілеріңіз келеді ғой?

- Әрине, не шықса да алдымен сапа болсын дейміз. Қазіргі қалыптасқан ұжымдардан бөлек сериал, ситком жасасақ та жылт етіп жоқ болмай, ұзақ уақытқа жоспарлап, мысалы алдағы 5 маусым қандай болатынымызды бірден анықтап алғымыз келеді. Әйтпесе Отандық телеарналарда жағдай болса шығарып, болмаса ұмытып қоя салатын жобалар бар екені рас. Бұлай болмауы керек, өндіріс циклға айналған кезде ғана айтып отырған жаңашылдық келеді.

- Әзірге барлығы жоспар сияқты, нақты іс бар ма?

- Бірінші жобамыз жақында шығады. Әзілге арнап арна ашылған соң қазақ сатирасына еңбегі сіңген жандарға деген құрметпен бастасақ па деп отырмыз. Оспанхан Әубәкіров, Шона Смаханұлы, Үмбетбай Уайдин сияқты саңлақтарға арналған бағдарлама болады.

Оны, әрине, Көпен аға Әмірбектен басқа ешкімнің жүргізуге құқығы жоқ деп ойлаймын. Көпен аға өзі арасында болған, еске алған әңгімелерімен жас буынға әзілдің аталарын таныстырып, рухани жаңғыруларына үлкен себепші болады деп сенемін.

- Юморға қайта оралайық. Көптеген тың реформалар қолға алып жатыр екенсіздер. Реформа десем тым артық емес қой? Енді бұл алыс-жақын болашақта неге алып келеді? Қалай елестетесіз?

- Мысалы әнге арналған арналар бар ғой? Бір емес, бірнешеу. БасындаОтандық өнім қалай болады деген дүдамал сұрақтар туындап, тіпті алғашқы бейнеклиптерге күле қараған кездеріміз де болды. Бірақ уақыт келе олар өз көрерменін тапты, өнімдердің сапасы артты, қазір мықты индустрияға айналды...

- ...мен айтар едім, біздің шоу бизнесті дамытқан телевидение емес, дамытқан – той. Той қаржы әкелді, қаржы сапа әкелді. Ал осындай сапа болуы үшін әзілге қаржы қайдан келеді?

- Қаржының көзін, табудың жолын қарастыруға болады. Арна өмірі мемлекеттің мойнына емес, уақыт өте келе табыс табатын мекеме болғысы келеді. Қаржы көзі деп жарнаманы айтуға болады. Әр бағдарламаның жеке демеушісі болады. Ондай практикада бар.

Кейбір үлкен ұйымдар бар өзін насихаттағысы келетін, сондай-ақ ішкі туризмді дамытуды қолға алып жатыр, бірлескен жобалар шығуы да ықтимал. Жалпы ақша табамын деген адамға еш қиындық көріп тұрған жоқпын. Және «Tamasha TV» тек әзілден тұратын арна емес қой, ішінде ойын-сауықтық бағдарламалар да болады, осыған да күш салатын боламыз.

- Соңғы сұрақ: цензура мәселесі. Саяси әзіл ең тұщымды, ең өтімді. Бірақ «Tamasha TV» Ұлттық арнаның құрамына кіреді...

- ...және егер астарлы да қағытпа әзіл болса еш шектеу болмайды. «Жайдарманда» жастармен көп жұмыс жүргізгеннен кейін олар көп саяси әзілдер алып келеді. Енді әзіл деп айтуға да қиын кездер болады, тура шекесінен соққандай айта салу әзіл емес қой? Ал мақтамен бауыздап, тігісін жатқызып, түсінер адамға жеткізе білетін, күлдіре отырып ой тастайтын әзілге ешқашан еш тараптан шектеу болған емес, талай эфирге де шыққан, шыға да беретін шығар.

- Рахмет Есен мырза! Шығармашылық табыс тілейміз!

Сұхбаттасқан Алмас Тоқабаев @kozildirik
Просмотров материала: 4 323

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 127 306 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 127 122 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 126 778 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 126 796 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 127 103 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 666 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 837 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 915 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 155 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 299 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 667 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 396 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 677 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 570 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 380 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 501 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 681 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 352 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 692 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 457 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 455 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 290 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 140 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 384 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 320 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 845 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 205 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 171 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 391 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 732 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 146 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 154 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 194 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 130 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 356 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 507 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031