22 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«МЕКТЕПТЕРДІ ҚАЗАҚ-ОРЫС ДЕП БӨЛМЕЙ, МЕМЛЕКЕТТІК МЕКТЕП СТАТУСЫН БЕРУ КЕРЕК»

27 сентябрь 2017, 10:37
«МЕКТЕПТЕРДІ ҚАЗАҚ-ОРЫС ДЕП БӨЛМЕЙ, МЕМЛЕКЕТТІК МЕКТЕП СТАТУСЫН БЕРУ КЕРЕК» Мәжілісте «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандарттарын енгізу мәселелері туралы» парламенттік тыңдау өткізілгені белгілі. Осы жиында тіл мамандары әзірлеген латын әліпбиінің жаңа нұсқасы да таныстырылған болатын. Алайда, бұл нұсқа қоғамдық пікірді екіге жарды. Бір тарап жаңа әліпбидегі қазақша таңбалар (ә, ү, ұ, ө) дұрыс таңбаланбаған десе, екінші тарап кері пікір айтып отыр. Ел алдында жүрген зиялылар бұл туралы не ойлайтынын білу мақсатында sn.kz порталының тілшісі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Смағұл Елубаймен әңгімелескен екен.

– Смағұл аға, қазақ тілінің латын әліпбиіне көшетініне енді күмән жоқ шығар. Бірақ, сіз өзіңіз бұл идеяны қолдайсыз ба?


– Латын әліпбиіне өтуіне ешкім қарсылық білдіріп жүрген жоқ. Мен де қарсы емеспін. Тек қана осыған байланысты бір проблеманы айтқым келеді. Егер біз тағы да бұдан әрі Қазақстандағы мектептерді орыс-қазақ мектептері деп екіге бөліп тастайтын болсақ, оның бірі қазақша әліпбимен, екіншісі кириллицамен оқитын болса, сол екі бөлінген ұрпақтың ара жігі ашыла беретін болмақ. Бұл біздің бірлік болсын, тұтастық болсын деген саятсатқа онша сәйкес келмейді.

Сондықтан, осы латын әліпбиі енгізілетін тұста Қазақстанда жалпы орыс-қазақ деп бөлмей, жалғыз ғана мемлекеттік мектеп деген статуспен өмір сүру керек. Сол мемлекеттік мектепте бүкіл балалар ұлтына қарамастан, бір бағдарламамен, мемлекеттік бағдарламамен оқуы керек. Ол қандай мектеп? Ол мектеп негізінен мемлекеттік тілде білім беретін мектеп болуы керек.

– Ал оның нәтижесі қалай болады?


– Нәтижесі – балалар біріншіден мемлекеттік тілде толық білім алатын болады, барлық балалар ұлтына қарамастан. Содан кейін орыс тілін де меңгеріп шығатын болады, оны кириллицамен оқитын болады. Ағылшын тілін онсызда латыншамен оқи береді. Сонда 12 жыл оқыған балалар осы үш тілді меңгеріп, әсіресе мемлекеттік тілде сайрап шығады, латынша да, кирилше де жаза білетін болады. Ол орыс бола ма, кәріс бола ма, қазақ бола ма, бәрібір. Айналасы бір 10-15 жылдың ішінде біз Қазақстандағы тіл мәселесін осылай шешетін боламыз.

Оның өзге ұлт өкілдеріне үлкен пайдасы бар. Күні ертең барлық мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік тілді білу керек деген талап қойылады. Соған біз жақындап келе жатырмыз. Мінекей, сондай жағдайларда қазақ-орыс болып бөлінетін болсақ, орыс мектебін бітіріп шыққан балалар да, өзге ұлт балалары да мемлекеттік тілді білмей шығатын болады. Қазіргі практика соны көрсетіп тұр.

Ал еңбек нарығында олардың құқықтары тапталатын болады. Адам құқығы тапталатын болады. Сондықтан сондай болмас үшін барлық ұлт балалары бір мемлекеттік бағдарламамен оқуы керек.

– Латынды да, кирилді де қатар алып жүреміз деп мектеп жасындағы балалар шатаспай ма? Милары ашымай ма?

– Милары ашымау үшін жаңағы айтып отырған мемлекеттік мектеп идеясын жүзеге асыруымыз керек. Негізгі басымдық қазақ тіліне беріліп, орыс тілі қосымша ретінде оқытылады, кирилл әліпбиінде. Бұл соншалықты баланың миына салмақ салмайды. Керісінше, ойлау өрісін, білімін жетілдіреді. Үш тілде сөйлеген бала ешқашан жаман болған емес.

Бірақ, тағы айтамын, басымдық тек қазақ тіліне берілуі керек. Сонда ғана біз ұлттық бірлікке қол жеткізе аламыз. Барлық балалар бірінің тілін бірі білетін болады.

Латын мен кирилді қатар алып жүру керек. Өйткені онсыз да мектепте орыс тілі жүреді деп отыр ғой. Мемлекет басшымыз орыс тілінде білімді кириллицада алады деп айтты. Ендеше ала берсін. Ол қазақтың балаларына да керек. Өйткені мынау 100 жыл бойы кириллицамен жазылған дүниелерді игеруге кедергі болмайды. Кириллицамен орыс тілін үйренген қазақ балалары ертең кириллицамен жазылған мәдениетті, әдебиетті түгеліменен оқи беретін болады. Мен қатар алуды қолдаймын.

– Парламентте ұсынылған латын әліпбиінің жаңа нұсқасы қоғамда көп шу туғызды. Қос таңбалы әріптерді қолдамайтындар көп. Сіз қандай пікірдесіз?

– Мен лингвист болмағандықтан бұл туралы ойлап жүргем жоқ. Және осыны талқылай-талқылай келе нақты нұсқасы алынады деп ойлаймын. Сондықтан әріптердің орналасуына соншалықты мән беріп жүрген жоқпын.

Бір жағынан латын әліпбиін тура қазақшаға ыңғайлау өте қиын шаруа. Өйткені латын әліпбиінде жоқ таңбалар бізде ба. Оларды қайтеміз? Ойласаң, басың қатып кетеді. Үтір, ноқатсыз ол әріптерді қалай беруге болады? Тіл мамандары қазір осыны талқылап, нақты ұсыныстарын әзірлеп жатқан болар. Соңғы нұсқада екі әріпті қатар қойып, күлкілі бір сөздер шыға келгенін көрдік. Демек, ол нұсқаны қабылдамас бұрын тағы талқыға салу керек. Талқылай берсек дұрыс шешімі болады.

Негізінен сол копьютердегі пернетақтасындағы әріптерді бұзбай, қатар қойып, қазақ әрпін шығарса жақсы болар еді. Бірақ ол әріптерді қосқан кезде қазақ тілінің тілдік болмысын бұзбайтын болуы керек. Бұзылмауы керек, тілімізге зиян келмеуі керек. Лингивистер, ғалымдар осыны ойлайды деп сенемін. Алдыменен, тілдің жағдайын, болашағын, үндестік болмысының бұзылмауын ойлайды деп сенім білдіремін.

– Парламентке ұсынылған латын әліпбиінің нұсқасын ІТ мамандары жасағанын айтып жатыр. Бұған қалай қарайсыз?

– Мен де соны түсінбеймін. Негізінен ұсынысты лингивистер жасауы керек еді. Ал, қазір көрінгеннің бәрі жасап жатыр. Латын әліпбиінің Қазақстанның өзінде бірнеше нұсқасы бар. Бұл ертең жастарды да, өзімізді де шатастырады. Сондықтан, ғалымдардың ұстанымына тоқтау керек деп ойлаймын.

– Жалпы, тілге реформа жасайтындай деңгейге жеттік деп ойлайсыз ба?

– Латынға көшуді сол 2022 жылға дайындаймыз деп жатыр емес пе?! Менің ойымша, дайындалуға тағы 4-5 жыл уақыт бар. Қазір балабақшадан бастап осы реформаны енгізу керек. Түгелімен мемлекеттік тілде оқытып, тәрбие беруі керек. Сонда ол балалар 4-5 жылдан кейін мектепте қазақ тілінде, қазақ-латын әрпімен білім алуға дайын болады. Сөйтіп ары қарай мектепті толығымен бітіріп шыққан кезде ол балалар өте жақсы дайындықпен шығады.

Ал енді біз сияқты, кириллицамен қалыптасқандар сол кириллицасымен көпке дейін жүре береді деп ойлаймын. Біздің немерелеріміз қазір үш тілде білім алып жатыр. Солар үштілді мектепте екі әліпбимен де білім ала беруі керек. Оның тек пайдасы бар. Адам бірнеше әдісті білетін палуан сияқты болады. Мұны трагедияға айналдыруға болмайды.

– Әңгімеңізге рахмет!
Просмотров материала: 3 281

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 152 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 122 984 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 626 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 651 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 122 957 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 468 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 647 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 714 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 900 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 047 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 425 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 648 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 454 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 652 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 666 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 111 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 166 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 363 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 691 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 096 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930