3 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Журналист те мені түрмеге жапса үй-ішімді кім асырайды деп қаймығады - Мұхтар Түменбаев

"ҚОРҒАНСЫЗДЫҢ КҮНІ

Қазақстанда журналистика құрыды, жоқ енді, қазақ журналистикасы өлген деушілер көбейді бүгінде. Бүгінгі журналисттердің кәсіби мерекесінде осындай пікір айтушыларға бірер уәж айтсам ба деп едім. Сәл-пәл ұзақтау шықты, әрине.


Дегенмен, шыдам сақтап оқырсыздар деп сенем. Сонымен, журналистика өлуі мүмкін емес дер едім мен. Оның жекелеген мүшелері өлуі мүмкін, ал өзі өле алмайды. Себебі, журналистика да ауыл шаруашылығы, энергетика, медицина сияқты өз алдына бөлек бір сала. Ал бұл саланың бар екенін мойындамау мүмкін емес.

Демек ол тірі.

Дегенмен, өлмесе де өлместің күнін кешіп жүргені де рас, несін жасырайық. Бірақ, мұндай жағдай бүгінде барлық дерлік салада қалыптасқан. Қай сала оңып тұр еді? Медицина ма, жоқ, әлде білім беру саласы ма? Ауыл шаруашылығы ма әлде? Дәл сондай күйді бүгінгі таңда журналистика да басынан кешіп отыр. Салалық кризис дейді мұны (кризистің себептеріне төменде тоқталам әлі). Журналисттердің сапасы төмендеп кетті дейді көбісі.

Ол да рас.

Бірақ, бір нәрсені есте сақтауымыз керек, ағайын. Кез келген салада жүз пайыз кәсіби шебер болмайды. Қай салада көріп едіңіздер ондайды? Медиктердің бәрі түгел мықты маман ба? Әлде мұғалімдердің бәрі тегіс профессионал болар? Бәлкім инжинерлер мен ғалымдар бірінен-бірі асып, күнде ноу-хау жаңалықтар ойлап тауып жатқан шығар? Жоқ. Ондай табиғатта болуы мүмкін емес. Журналистикада да солай. Жақсы журналист сирек кездеседі. Ал жоғары профессионал журналист саусақпен санарлық. Журналист "штучный товар". Оны конвеерлеп, пачкілеп шығара алмайсыз.

Бірақ, жақсы журналисттердің азайғаны да шындық. Ал мұндай жағдай неден және қалай қалыптасты? Басқа заманды былай ысырып қойғанның өзінде, тәуелсіздік алған 91-ден бері қарайғы жылдарда елімізде небір мықты басылымдар да болды, талай мықты журналисттер де жұмыс істеді. Ал енді қайда солардың бәрі? Біреулерін жапты, екіншілерін жұмыстан аластатты, бірақ, негізгі бөлігі биліктің сойылын соғып кетті дейді көпшілік журналистиканы өлді деушілер. Кім біледі, бәлкім солай да шығар. Жапқаны да болды, жұмыстан кеткені де бар, биліктің сойылын соқпаса да, сен тимесең мен тименің күйін кешіп жүргендер де баршылық. Енді соларға келейік.

Кезінде Францияда "Шарли эбдо" журналының журналисттерін атып кеткенде бүкіл Франция, Франция емес ау, бүкіл Европа көшеге шықты, наразылық білдіріп. Шерулер бір қаладан бір қалаға жалғасып, апталап жүріп жатты. Халықпен қосылып билік иелері де шықты далаға. Ал бізде ше?

"Дат" газетін сан рет жапқанда қаншамыз наразылық танытып шеруге шықтық? Жоқ, әлде "Аңыз адам" мен "Адам бол" журналдарына миллиондап штраф іліп, жұмысын тоқтатқанда, "Республика" газетін жауып, редакторын қамағанда қолдау көрсеттік пе? Тіпті басқа-басқа, журналисттер одағының басшысын, баласымен қосып, абақтыға тоғытып жатқанда да үн-түнсіз қалдық ғой бәріміз. Бәлкім наразылық білдіріп, көшеге шықпаса да, мыңдап, он-жүз мыңдап қол жинап "Тарт қолыңды журналисттен" деген шығармыз? Жоқ. Ондай да болмады.

Сөйтіп отырып журналисттерге шындықты айтуды қойдыңдар, жалтақсыңдар деп өкпелейміз. Жалтақ болғаны рас. Мемлекет пен жекелеген билік иелерінің сөзін сөйлеп кеткендер де көп. Оған да ренжиміз жатып алып. Бірақ, журналист те адам, ол да ет пен сүйектен жаралған. Оның да үйінде қатын бала-шағасы бар. Ол да, мені түрмеге жапса үй-ішімді кім асырайды деп қаймығады. Ал енді сол журналисттер, артында тайсалмас күш барын сезсінші, қайтер екен?! Бірақ, ондай қорған болар қоғам бізде жоқ әзірге. Олай болса не істемек керек?

Менің қазір "QAZAQSTAN" арнасында шама-шарқымша жұмыс істеп жүрген жайым бар. Осында жүріп көп журналисттерді көріп жүрмін. Сөйлесесің, әңгімелесесің. пікір алмасасың. Байқағаным, ойлай да, жаза да білетін дарынды журналисттер баршылық. Әсіресе жастар арасында. Бастысы, олардың жанарларында от, жүректерінде ұшқын бар. Әзірге бар. Қанша уақытқа жететінін білмеймін. Бірақ бар. Ендігі жерде сіз болып, біз болып, қоғам болып, сол ұшқынды өшіріп алмауымыз керек. Сондықтан, алдымен, дәл бүгін журналист қауымға деген өкпе-наздарымызды ұмыта тұрып, қолдарынан келгенше халыққа қызмет етіп жүрген оларды кәсіби мерекелерімен құттықтап қойсақ. Ал кейін сол қорғансыздың күйін кешіп жүргендерге қорған бола білсек деген өтініш бар. Сонда сендер қалаған журналистика да қалыптасады.

Мұхтар Түменбаев, «Ұлттық техникалық даму агенттігі» АҚ орталық директорының орынбасары
Дереккөз: facebook
Автор: Мұхтар Түменбаев -
Просмотров материала: 2 406

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 220 562 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 220 245 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 219 748 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 219 782 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 220 159 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 726 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 753 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 087 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 763 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 796 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 999 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 837 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 958 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 605 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 479 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 444 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 715 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 466 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 870 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 665 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 480 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 320 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 170 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 529 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 412 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 901 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 268 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 222 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 464 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 860 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 213 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 160 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 299 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 227 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 470 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 608 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031