25 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Астана шенеуніктері тек қазақша білім беретін мектепке орыс сыныптарын енгізбек болған


Фото: inform.kz
Қазақтың саны өсіп жатқанда, қазақ мектебінде орыс сыныптарын ашу кімге қажет? Астанада нөмірі 77 мектептің ата-аналары шу шығарып, білім басқармасының бастамасына қарсылықтарын білдірді, деп хабарлайды 31 арна. Наразы топ елордадағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын жалғыз білім ордасына орыс тілінің араласуын қаламаймыз деп отыр.

Оқу жылы аяқталып, өзге ата-аналар балаларымен бірге демалып жүрсе, бір аптадан бері Астанадағы нөмірі 77-ші мектептен маза қашқан. Гимназияда орыс тілі сыныптары ашылады дегенді естігендер күнде жиналыс өткізіп, қала әкімдігінің табалдырығын тоздырумен жүр.

Қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектепке орысша оқитындарды араластыру ұрпағымыздың болашағына қауіп төндіреді дейді наразы топ. Өйткені, онсыз да ана тіліне шорқақ қаланың балалары, үзілісте орысша шүлдірлеп кетеді деп қауіптенеді.

«Үзілісте балалар орысша сөйлейді. Аулада орысша сөйлейді. Өтірік емес, әке-шешелері де балаларына орысша сөйлейді», - дейді аталған мектепте баласы оқитын Жандос Өстемір.

Тіліміз тереңдетіліп оқытылатын мектепке орыс сыныптарын кіргізуге басшылық та қарсы. Алайда, білім басқармасынан ауызша бұйрық беріліп, электронды поштаға хабарлама келгеннен кейін, бастауышқа орысша оқитындарды қабылдауға мәжбүр болыпты. Қазір орыс сыныбына оқуға 14 бала өтініштерін беріп те қойған. Білім басқармасының бұл бастамасын мектеп ұжымы да түсінбедік дейді.

«Біз әрине қарсымыз. Устав бойынша тіл мен әдебиетті дамытып қана емес, салт-дәстүрімізді, рухани жаңғыру бойынша ұлттық сананы оқушының бойында дәріптеуіміз керек», - дейді Астана қаласы №77 мектеп-гимназиясы оқу ісінің меңгерушісі Айман Сүбебаева.

Осы шудан кейін іле-шала білім басқармасы гимназияға орыс сыныптарын ашуға ата-аналар тарапынан ұсыныс болғанымен, ешқандай шешім қабылданбағанын айтып ақталды. Ал, орыс сыныбына қабылданған оншақты оқушыны басқа білім ордаларына орналастырмақ.

«Орыс сыныптарын ашу бойынша шешім қабылдаған жоқпыз. Мемлекеттік тілде мектеп болды, сол бойынша жұмысын жалғастырады», - дейді Астана қаласы әкімдігі Білім басқармасының баспасөз қызметі өкілі Жазира Асанова.

Яғни, қазір елордадағы 77-мектепте орыс сыныптарына оқушы қабылдау жұмысы тоқтатылды. Білім басқармасы бұл дау қабылдау комиссиясы мен гимназия басшылығы арасындағы түсінбеушіліктен туындаған деп өздерін ақтап отыр.

Тағы бір айта кетерлігі, соңғы жылдары ресми статистика бойынша сұраныс орыс емес, қазақ сыныптарына артыпты.
Просмотров материала: 3 159

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 223 927 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 223 632 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 223 126 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 223 159 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 223 528 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 927 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 958 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 291 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 980 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 18 004 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 203 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 917 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 042 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 668 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 549 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 581 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 780 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 540 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 950 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 732 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 546 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 394 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 231 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 606 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 481 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 964 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 406 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 296 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 533 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 925 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 272 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 217 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 360 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 295 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 542 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 670 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031