13 ноября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



АСТАНАДА БАЛАНЫ ҚАЛАЙ БІРІНШІ СЫНЫПҚА ОРНАЛАСТЫРУҒА БОЛАДЫ?

15 август 2017, 10:36
АСТАНАДА БАЛАНЫ ҚАЛАЙ БІРІНШІ СЫНЫПҚА ОРНАЛАСТЫРУҒА БОЛАДЫ? Биыл Астана қаласында бірінші сыныпқа баратын оқушылардың рекордты саны тіркеліп отыр - 23 мың бала. Мектептегі орын тапшылығы 17 мыңды құрайтыны болжанады. «ҚазАқпарат» ХАА елорданың білім басқармасының мәліметтеріне сүйеніп, баланы мектепке орналастыруда ата-аналар жиі кездесетін сұрақтарға жауаптар іздеп көрді.

Электрондық үкімет сайтында, мектептер сайттарында және нақты қабылдау кезінде талап етілетін құжаттардың тізімі әртүрлі болуы ата-аналарда жиі түсініксіздік тудырады.

Әкімдіктен мәлім еткендей, оқушыларды бірінші сыныпқа тіркейтін қабылдау комиссиясы 2017 жылдың 1 шілдесі мен 30 тамызы аралығында жұмыс істейді. Бекітілген ережелерге сәйкес, мектепке қабылдау үшін келесі құжаттар талап етіледі:
1) баланың заңды өкілдерінен өтініш;
2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (нотариалды расталмаған);
3) денсаулық жағдайы туралы анықтама (медициналық паспорт);
4) тұрғылықты жерін растайтын мекен-жай анықтамасы немесе өзге құжат (мекен-жай анықтамасының орнына жылжымайтын мүлікке тіркелген құқық туралы №2 форма немесе жалға алу/сату-сатып алу туралы келісімшарттың көшірмесі (нотариалды расталмаған); 5) 3х4 см көлеміндегі 2 дана фотосурет.

Егер мектептерде мекен-жай анықтамасынан бөлек, анықтаманың, баспананы жалға алу немесе сату-сатып алу туралы келісімнің нотариалды расталған көшірмесін сұрайтын болса, 55-68-83 телефон нөміріне қоңырау шалу немесе zh.assanova@astana.kz поштасына хат жазу арқылы шағымдануға болады.

Астанада баспананың иесі де, жалға алушысы да болып табылмайтын, туыс-туғандарында тұратын отбасылар да кездеседі. Білім басқармасы мұндай жағдайда «Көші-қон туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңдарына сәйкес уақытша тіркеуге тұруға кеңес береді. Бұдан бөлек, елордалықтар қаланың құрылыс қарқынымен байланысты қиындықтарға тап болуда. Барлық тұрғын үйлер ресми тіркеліп үлгермей жатады, осы себепті ата-аналар балаларын мектепке орналастыруда екі ойлы күйде қалады.

«Апта сайын жаңа үйлердің тізіміне мониторинг жасаймыз. Ақпарат түсісімен, үйді жақын орналасқан мектептердің біріне тіркейміз. Одан әрі жаңа үйлерді білім беру мекемесіне тіркеу туралы бұйрық шығарылады», - деп атап өтті білім басқармасының баспасөз қызметінен. Қалада барлығы 95 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді.

Олардың 84-і - мемлекеттік, 11 - жекеменшік. 1 және 11 сынып аралығында білім беретін 90 мектептің 32-сінде сабақ - қазақ тілінде, 17 - орыс тілінде және 41 - аралас жүргізіледі.

Қалған 5 мектептің екеуі бастауыш мектептер, оларда сабақ қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі, 3 негізгі мектепте - орыс тілінде. Әкімдіктен атап өткендей, мектептерге жапсарлас тұрғызылып жатқан 5 нысанның құрылысы орын тапшылығы мәселесін шешуі тиіс. Олар жаңа оқу жылының қарсаңында пайдалануға берілуі тиіс.

Одан бөлек, жаңадан 6 мектеп бой көтере басталды, жыл соңына дейін тағы 4 мектептің іргетасын қалау көзделуде. Айта кетейік, Астананың орта білім мекемелерінде сондай-ақ мамандар тапшылығы бар, әсіресе бастауыш сынып мұғалімдері қажет.
Просмотров материала: 2 992

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 226 679 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 226 376 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 225 879 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 225 927 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 226 285 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 14 076 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 13 097 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 442 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 18 147 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 18 163 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 367 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 962 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 094 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 702 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 586 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 643 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 823 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 578 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 993 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 770 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 585 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 439 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 278 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 648 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 515 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 18 013 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 452 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 331 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 566 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 965 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 311 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 247 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 392 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 327 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 587 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 703 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30