22 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Орыс тілінде құжат толтыру мен орысша сөйлеуді талап ету – заңсыздық, - Д.Көшім!

06 июнь 2018, 12:29
Қазақ елінде 29 жыл бойы келе жатқан бір заңсыздық бар. Ол – мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік қызметкерлердің тарапынан орыс тіліндегі құжатты, орыс тіліндегі мәтінді қазақ тілімен қатар беруді талап ету.

Бұл заңсыздық пен бассыздықтың шектен шыққаны соншалықты, Әділет министрлігі (!) заңды тұлға болып тіркелу үшін өткізілетін құжаттардың екі тілде (қазақ және орыс тілдерінде) берілуін ұялмай-ақ талап етеді.

Өткен жылы Дін істері және Азаматтық қоғам министрлігі жақсы жұмыс істеген үкіметтік емес ұйымдарға сыйақы тағайындады. Біздің қоғамдық бірлестік те өзінің құжаттарын дайындай бастап еді, сыйақы тағайындау Ережесінің соңындағы «берілетін құжаттар мемлекеттік және орыс тілінде болуы керек» деген сөйлемді көріп, қуанышымыз су сепкендей басылды да, министрліктің орыс тіліндегі құжаттарды талап етуге құқы жоқ деп тауып, конкурсқа қатысудан бас тарттық…

Осыдан соң бұл мәселенің заңдық негізін анықтау үшін Қазақстанның Бас Прокурорына, Мәдениет және спорт министрлігіне арнайы сауал жолдадық. Бас Прокурор, республикалық деңгейдегі қозғалыстың сауалына жауап беруді өзінің дәрежесіне сай келмейді деп санаған болуы керек, біздің сауалымызды Алматы қаласының прокурорына жіберіпті.

Ал Алматы қаласының прокуроры, бюрократияның алтын заңын бұлжытпай сақтай отырып, біздің хатымызды Алматы қалалық тіл басқармасына бағыттапты. Қысқасы, Бас Прокурор мырза жауап бере алмаған мәселеге қалалық тіл басқармасы жауап беріпті. Меніңше, егер олар өздерінің жауап беру құзіретін біріне бірі жолдаса, соңғы жауапты Қазақстанның Бас Прокурорының жауабы деп қабылдауға әбден болады.

Сол жауаптың қысқаша мәтінін ұсынамыз:

«…Қойған сауалыңыз бойынша төмендегіні хабарлаймыз:

Қазақстан Республикасында мемлекеттік органдары мен меншік нысанына қарамастан басқа да ұйымдардың (олардың қызметкерлерінің) жеке азаматтар мен ұйымдардан құжаттарды орыс тілінде жазу мен толтыруды және орысша сөйлеуді талап етуге құқығы жоқ.

Құжаттарды орыс тілінде толтыруды талап еткен жағдайда Қазақстан Республикасы Конституциясы 7-бабының 1-тармағы, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңының 4 және 8 баптары бұзылды деп есептеледі.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік органдар мен меншік нысанына қарамастан басқа да ұйымдар (олардың қызметкерлері) ешқандай заңға сүйеніп азаматтардан құжаттарды орыс тілінде жазу мен толтыруды және орсша сөйлеуді талап ете алмайды
Басқарма басшысы: Р.Шимашева»


Енді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің (Тіл комитеті осы министрлік қарайды) жауабынан үзінді:

«…Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелері немесе заңды тұлғалары азаматтардан тек орыс тілінде құжат толтыруды талап етуі, Конституцияның, ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 10-бабы және ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңының 11-бабы өз деңгейінде орындалмауына әкеп соғады.

Жоғарыдағы аталған тіл туралы заңнаманың талаптары бұзылған жағдайда, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 75-тармағының 1) тармақшасына сәйкес лаузымды адамның тіл білмеуін уәж етіп жеке және заңды тұлғалардың құжаттарын, өтініштерін қабылдаудан бас тартуы, сондай-ақ оларды мәні бойынша қарамауы – ескерту жасау немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде… айыппұл салу жолымен әкімшілік жауапкершілікке тартуға әкеп соқтырады.

Вице-министр: Е. Қожағапанов»


Қазақ елінде әлі де мемлекеттік тілді меңгере алмай жүрген азаматтарға берілген жеңілдік бар. Ол – мемлекеттік органдарға өтініш, арыздарын, сауалдарын орыс тілінде беруге болатын мүмкіндік. Орыс тілінде немесе қазақ тілінде жолданған сауалдарға берілетін жауап та сол тілде болуы шарт. Алайда бұл – барлық азаматтардан мемлекеттік тілде жазылатын құжаттардың жанына орыс тіліндегі мәтіннің болуын талап етуге болады деген сөз емес.

Осы уақытқа дейін көптеген мемлекеттік органдар өздерінің қазақ тілін білмейтіндерін жасыру мақсатында өзімізді аудармашы етіп келді. Оған мүмкіндік беріп отырған да – өздеріміз. Ал орыс тіліндегі құжаттардың көшірмесін сұраудың не екі тілде берілуін талап етудің ешқандай құпиясы жоқ – сол жерде отырған қызметкерлер мемлекеттік тілден мақұрұм, сондықтан аударманы өздерінің жұмыстарын жеңілдету үшін біздерден сұрайды (қазақ тіліндегі нұсқасы қоқыс салынатын жәшікке лақырылады).

Ол – заңсыз талап, сондықтан бұл заңсыздықпен бар күш-жігерімізді салып күресуіміз керек!

Дос Көшім, қоғам қайраткері

Дереккөз: Qazaquni.kz
Просмотров материала: 2 273

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 262 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 094 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 735 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 759 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 067 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 474 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 651 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 718 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 906 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 052 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 431 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 321 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 649 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 455 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 653 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 113 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 166 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 364 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 130 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930