8 февраля 2023 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



БАС ПРОКУРОР КЕҢЕСШІСІ ОРЫС ТІЛІНДЕ ЖАУАП БЕРУДЕН БАС ТАРТТЫ!

25 ноябрь 2017, 11:21
БАС ПРОКУРОР КЕҢЕСШІСІ ОРЫС ТІЛІНДЕ ЖАУАП БЕРУДЕН БАС ТАРТТЫ! ҚР Бас прокурорының кеңесшісі Нұргүл Қарағойшина «Руxани жаңғыру – патриотизм негізі» атты ведомствоаралық байқауы туралы өткен брифингте тек мемлекеттік тілде сөйлеп, журналист сауалына орыс тілінде жауап беруден бас тартты, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бүгінгі тақырыбымыз «Руxани жаңғыру» болғандықтан мен брифингті мемлекеттік тілде өткізгім келіп отыр. Егер сұрақтарыңыз орыс тілінде болса біз оған қазақ тілінде жауап береміз, рұқсат етсеңіздер, кейін өздеріңіз аударып алсаңыздар. Себебі «Руxани жаңғыру» дегенде мұның артында мемлекеттік тілдің мүддесі, ұлттық мүдде деген тақырып жатқанын жақсы түсінесіздер деп ойлаймын. Осы шараны өткізетін кезде баспасөз қызметі арқылы бір мәселе айтылуы керек болған. Біз «Руxани жаңғыру» тақырыбын бастағаннан кейін руxани жаңғырып жатқанымызды дәлелдеуіміз керек. Бүгінгі шараны сіздердің мекемелеріңізде (Орталық коммуникациялар қызметніде, ОКҚ – авт.) мемлекеттік тілде өткізейік дедік»,– деді Нұргүл Қарағойшина.

Мұндай шараның ОКҚ-да бірінші рет өткізіліп отырғанын да жасырмады.

Брифинг соңында орыс тілді журналист Нұргүл Қарағойшинадан ресми тілде жауап беруін сұрады. Бірақ ол бас тартты.

«Орыс тілінде өткен шараларды қазақ журналистері аударып жүрді, аударып та келеді, енді сіздер (орыс тілді журналистер – авт.) қазақ тілінде аударып көрсеңіздер деген ниет болды. Бұған дейін тіл мәселесімен айналысып жүргендіктен, сіздердің әріптестеріңіз болғандықтан xалықтың алдында басқа тілде сөйлеп отыруға ұялып тұрмын, шынымды айтсам»,– деді Нұргүл Қарағойшина.

Ол Бас прокуратурадағы қызметкерлердің мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергенін айта кетті.

«Прокуратура – қалыптасып қалған орган. Бізге келетін құжаттарды екі тілде де қарай алатын прокурорлар отыр. Бүгінгі таңда біздің прокуратурадағы өзгеріс басшымыздың екі тілде бірдей шешен сөйлейтінінен көрініп тұрған шығар деп ойлаймын. Талап өзгерді, бұрынғыдай бір тілді білетін маманнан гөрі екі, үш тілді білетін маманға таңдау жасалатын болды. Бәсекелестік заманында, әркім жақсы жерде отырғысы келетін, өзін көрсеткісі келетін, шен-шекпенді болғысы келетін заманда прокурор болу үшін бірінші кезекте мемлекеттік тілді білу – міндет. Басым көпшілігі, 80%-ы дерлік қазақ тілін жақсы біледі»,- деді ол.

Сонымен бірге ҚР Бас прокурорының кеңесшісі Нұргүл Қарағойшина прокуратураға келіп түсетін құжаттарға байланысты құжат айналымы көбіне орыс тілінде жүретінін жасырмады. Мұның себебі де бар.

«Себебі арыз жазушы көбіне өзіміздің xалқымыз, олар орыс тілінде жазып әкеледі. Біз өзіміз, xалық боп, ұлт боп, талабымызды өзіміздің жеке тарапымыздан бастамасақ, жеке шағым, арыз, айтатын әңгімемізді қазақ тілінде айтпасақ, онда жауап та сондай болады. Сол үшін байланыс екі жақты болсын дегіміз келді»,- деп сөзін түйіндеді.
Просмотров материала: 3 252

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 32 328 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 32 228 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 32 252 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 32 114 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 32 143 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 5 340 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 5 416 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 5 381 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 6 276 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 6 350 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 5 855 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 5 274 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 4 228 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 4 211 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 4 361 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 4 471 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 4 322 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 4 192 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 4 276 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 4 242 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 4 206 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 4 362 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 163 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 4 244 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 4 211 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 4 371 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 5 011 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 289 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 4 319 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 4 379 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 206 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 278 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 191 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 139 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 4 191 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 4 261 Просмотров





Опрос


«    Февраль 2023    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728