19 августа 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



МЕМЛЕКЕТТІК САЙТТАР АТАУЫ НЕГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ЕМЕС?

10 декабрь 2017, 20:15
Ресми тіліміз де, мемлекеттік тіліміз де – қазақ тілі. Демек, мекеменің айнасы саналатын ресми интернет-ресурстардың атауы да не қазақ тілінде, не халықаралық стандарттарға сай ағылшын тілінде болуы тиіс. Осы бір қарапайым заңдылықты кейбір мемлекеттік ұйымдар ескере бермейтін секілді. Бірінде домендік атау орысша жазылса, бірінде сайт орыс тілінде ашылады. Осыған орай, біз барлық министрліктер мен облыс әкімдіктерінің, конституциялық маңызы бар органдардың және ұлттық компаниялардың ресми сайттарына шолу жасап, аталған олқылықты түзеуге асықпайтын мекемелерді тізіп шықтық, деп хабарлайды "Егемен Қазақстан".

Үкімет құрамындағы 16 министрліктің төртеуі өз сайттарын орысша атауды жөн көрген екен. Мәселен, Денсаулық сақтау министрлігі – mz.gov.kz (Министерство здравоохранения), Ауыл шаруашылығы министрлігі – mcx.gov.kz (Министерство сельского хозяйства), Мәдениет және спорт министрлігі – mks.gov.kz (Министерство культуры и спорта), Ішкі істер министрлігі – mvd.gov.kz (Министерство внутренних дел). Үш министрлік қазақ тіліне басымдық берген. Олар: Әділет министрлігі – adilet.gov.kz, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – enbek.gov.kz, сондай-ақ Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі – diakom.gov.kz. Қалғаны түгелдей ағылшын тілінде.

Мұндағы kz дегеніміз – бұл сайттың қай елге жататынын көрсететін бірінші деңгейлі домендік атау болса, gov – сайттың үкіметке қарасты екендігін білдіретін екінші деңгейлі домендік атау.

Әкімдіктердің интернет-ресурс­тары арасында үш облысты ерекшелеуге болады: Шығыс Қазақстан облысы – akimvko.gov.kz, Қарағанды облысы – karaganda-region.gov.kz, Солтүстік Қазақстан облысы – sko.gov.kz. Ал үкімет құрамына кірмейтін, конституциялық статусы бар органдардың ішінде Жоғарғы соттың sud.gov.kz және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің knb.kz сайттары көзге түседі. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (udp-rk.kz – Управление Делами Президента РК) мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (kfm.gov.kz – Комитет по финансовому мониторингу) де өз сайттарын орысша атаған. Мемлекетке қатысы бар өзге ұйымдардың ішінен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы (fprk.kz – Федерация профсоюзов РК) мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын (enpf.kz – Единый накопительный пенсионный фонд) ерекшелеуге болады.

Домендік атаудан бөлек, тек қазақ тілінде сөйлеп, сол тілде қызмет алуды қалайтын азаматтардың конституциялық құқығын шектейтін тағы бір мәселе бар. Халыққа қызмет ететін мемлекеттік мекеменің ресми веб-ресурсына кірсеңіз, бірден орыс тілді нұсқаға түсесіз. Содан кейін барып, мәзірден тілдік нұсқаны таңдау батырмасын тауып алып, қазақ тілін таңдауыңыз қажет. Қазақстанның Ата Заңы бойынша, мемлекеттік тіл орыс тілі болып, қазақ тілі ресми түрде онымен тең қолданылатын болса, мұның еш ағаттығы болмас еді. Алайда, Конституциямыздың 7-бабына сәйкес, мемлекеттік тіл – қазақ тілі.

Бүгінде Ауыл шаруашылығы, Қорғаныс, Энергетика, Білім және ғылым министрліктерінің, сондай-ақ, Жамбыл және Қостанай облысы әкімдіктерінің интернет-ресурстары бірден орысша ашылады. Бұл тізімге «Қазатомпром», «Қазақстан Инжиниринг», KEGOC, ҚазМұнайГаз, Қазпошта ұлттық компанияларының сайттарын да қосуға болады. Біздің түсінігімізше, мемлекеттік мекеме болған соң, оның веб-сайты не мемлекеттік тілде ашылуы тиіс, не бірден тіл таңдау терезесі шығуы қажет. Аталған мәселенің шешімі өте қарапайым және қыруар қаражатты қажет етпейді. Сайт атауын өзгерту үшін құны бес мың теңгеден аспайтын жаңа домен сатып алып, қазіргі базаны сонда көшіре салса болғаны. Ал онлайн ресурс бірден тіл таңдау мәзірімен немесе қазақ тілдік нұсқамен ашылуы үшін сайттың бағдарламасына жаңа код енгізсе жеткілікті.

Мемлекеттік ұйымдарға тиесілі веб-ресурстардың қазақ тілінде болмауы Қазақстан қарыштап дамуын тежейтін үлкен проблема деп айта алмаймыз. Дегенмен бұл қазақ тілінің ресми мәртебесі әлі толық мойындалмай келетінін көрсететін бірден бір мәселе екені анық. Домендік атау жайы бірінші рет қозғалып тұрған жоқ. Журналистер бұл туралы осыған дейін жазып келді. Бірқатар мекемелер уәждің орынды екендігін түсініп, тиісті шешімдер де қабылдаған болатын. Ендігі кезекте, осы бір оң қозғалыстан қалып қойған санаулы мемлекеттік ұйымдар да мәселенің мәнісін түсініп, сайттарына дұрыс атау бергені абзал болар еді.
Просмотров материала: 2 482

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 162 286 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 162 107 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 161 741 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 161 781 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 162 071 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 542 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 684 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 894 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 735 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 914 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 701 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 513 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 158 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 016 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 837 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 005 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 120 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 786 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 164 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 894 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 901 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 738 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 580 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 836 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 784 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 290 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 735 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 614 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 877 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 206 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 616 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 593 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 628 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 583 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 816 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 955 Просмотров





Опрос


«    Август 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031