20 августа 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ОҚО-дағы ауыл имамы: "Үш әйеліммен тату-тәтті тұрып жатырмын"

29 май 2018, 14:01
Таяуда «Шымкент қаласының іргесінде орналасқан «Ворошиловка» ауылындағы «Амали Салих» мешітінің имамы Мухибулла қажы Хаджаев 5-рет үйленді» деген тақырыппен бір бейнежазба таратылды. Одан мешіт имамының жас шамасы 20 – 25-тердегі ұзатылып жатқан қыздың қолынан ұстап тойханадан шығып бара жатқанын анық көруге болады. Ал бұл жазбадағы көрініс қаншалықты шындыққа жанасады? Имамның бесінші мәрте үйленгені рас па? Осы сұрақтарды білмек болып Мухибулла Хабибуллаұлына хабарластық, деп жазады Замана.

– Мухибулла мырза, әлеуметтік желілерде тарап кеткен видеоға байланысты не айтасыз? Үйленгеніңіз рас па?

– Ол видеодағы көріністер жұрт ойлағандай емес. Түсінікті болуы үшін бәрін айтып берейін. Осыдан бір айдай уақыт бұрын Ташкентте тұратын туған әпкем қызын ұзатты. Отбасыммен, бала-шағаммен бірге соған бардық. Өкінішке қарай, жездем инсульт алып, жүріп-тұрудан қалған.

Ұзатар сәтте әкесі ретінде қызды тойханадан алып шыға алмағасын, бұл міндет маған жүктелді. Яғни, әлгі видеодағы қыз – менің жиенім. Нағашысы ретінде оны ұзатып салып тұрмын. Ал айналасында тұрған әйелдер – менің әпкелерім, туыстарым.

– Сол жазбаны өзіңіз көргенде қандай сезімде болдыңыз? Балаларыңыз, туған-туыстарыңыз не деді?

– Жалпы, бұл видеоны түсірген адам оны қандай оймен таратты, не мақсаты болды, мен оны білмеймін. Әлдекімдер әкеп көрсетті. Түк те ренжіген жоқпын. Себебі үйленбегенім рас, видеодағы жағдайды жан-жағымдағы адамдар түгел біледі. Кімнен қысыламын? Кімге не түсіндіремін? Айтқан адам айта берсін, дегендер дей берсін. Қайтем енді?

Негізі бар ғой, соңғы кездері көп адам тойларда жұрттың билегенін, басқа да іс-әрекеттерін видеоға түсіріп, оны келеке-мазақ ету үшін жұртқа тарататын болды. Мен мұны дұрыс емес, тіпті күнә тірлік дер едім. Мәселен, мені 5 мәрте үйленді деп қауесет таратқан адам менің бүкіл күнәларымды өзіне арқалап алғанын білмесе керек.

Пайғамбарымыздың: «Кімде-кім, мұсылманның қиыншылықтарының бірін кетірсе, Алла-тағала да оны қиямет күніндегі қиыншылықтардан қорғайды. Кімде-кім мұсылманның айыбын жасырса, Алла-тағала да оның дүние мен ахиретте айыбын жасырады. Адам досына жәрдемші болған мерзімде Алла-тағала да оның жәрдемшісі болады», – деген хадисі бар.

Яғни біреудің кемшілігін жұртқа жайғаннан керегең кеңіп, бүйірің томпаймайды. Керісінше, күнәға батасың. Осыны ойланайық дегім келеді.

– Ал енді өзіңіз, отбасыңыз туралы айтып беріңізші. Әлгі видеода 5-мәрте үйленді дегеніне қарағанда, сіздің төрт әйеліңіз бар болды ғой.

– Жоқ. Төрт емес, үш рет үйленгенмін. Үшеуінен 9 перзентім бар. Бәрі өсіп, үйленіп-жайланып кетті. Алла берген немерелерім бар, шүкір.

– Бәріңіз бір үйде тұрасыздар ма? Жалпы, жұбайларыңыздың бір-бірімен қарым-қатынасы қандай?

– Бізде қалыптасқан жүйе, тәртіп бар. Соған бәрі үйренген, бойұсынады. Жұбайларымды тең көремін, бөліп-жарған емеспін. Олай етсем діннің шартына қарсы келгенім болар еді. Әйелдерім де, балаларым да солай, шешелеріміз бөлек деп бірін-бірі жатсын­ған емес. Тату-тәтті тұрады. Той-жиын, өлім-жітімде бәрі жұмылған жұдырықтай кірісіп кетеді. Тәуба.

– Бір кездері кәсіп­керлікпен айналысуда деп естіп едік. Бизнесте жолыңыз болды ма? Меншігіңізде не бар?

– Мен Қожадан тарағанмын, яғни біз - Пайғамдардың тікелей ұрпақтарымыз. Сондықтан дінге бет бұрып, Исламды ел ішінде насихаттау, оны тарату атадан балаға мирас болып келе жатқан тірлік.

Имамдық – ата-бабамның алдындағы пер­зенттік парызым. Сондықтан оны кәсіп деп санамаймын. Және одан пайда тауып, бала-шағамды асырау ойыма келген емес.

Ал енді бизнеске келер болсақ, Аллаға шүкір, біреуге алақан жаяр жағдайда емеспіз. Жекеменшік балабақшамыз бар, «Рахима Бегім» деп аталады. Балаларым мал өсірумен айналысады, шаруа қожалықтары бар. Кәсібімізден түскен несібеден таяуда «Ворошиловкадан» Хабибулла қажы атындағы үлкен спорт кешенін салып бердік.

Биіктігі 20 метр, ұзындығы – 50, ені 28 метрді құрайтын шағын футбол алаңы бар екі қабатты үлкен спорт мектебін тұрғыздық. 700 балаға арналған. Спорттың кез-келген түрінен жаттығуға жағдай жасалған, қазіргі таңда жұмыс істеп тұр.

Одан бөлек, мешіт жанынан 200 орындық медресе салып жатырмын. Екінші қабаты бітуге таяу. Бұйыртса, жыл соңына дейін бітіріп, пайдалануға берсек деп отырмыз.

– Қателеспесек, осыдан оншақты жыл бұрын Алматыда өткен бір тойда жеті биге қатысып, бас жүлдені жеңіп алып едіңіз. Кезінде бұл туралы да жазғанбыз, есіңізде болар. Сұрайын дегенім, қазір де той-томалақта билейсіз бе? Өнерге қалай қарайсыз?

– Ол жағдай менің есімде, әрине. Қазір билемеймін. Дегенмен, жалпы, асыл дініміз өнерге қарсы емес. Бірақ өнер екен деп мәні, мағынасы жоқ әндерді айтқанды, харам сусындарды ішіп алып ортада ерсі қимылға салып билегенді жөн көрмейді.

Ал енді Майлықожаның термесі, Абайдың сөзіне жазылған әндер секілді дүниелерді тыңдаса құба-құп. Дінімізде жұртты имандылыққа, ата-ананы құрметтеуге, туыс-туғанға мейірбанды болуға үндейтін әндерді тыңдауға рұқсат етілген.
Просмотров материала: 3 408

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 162 509 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 162 331 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 161 964 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 162 006 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 162 296 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 554 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 695 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 907 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 750 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 934 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 717 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 523 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 162 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 020 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 841 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 010 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 123 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 791 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 166 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 896 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 907 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 741 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 584 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 839 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 786 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 293 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 743 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 616 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 879 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 210 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 621 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 595 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 632 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 586 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 819 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 959 Просмотров





Опрос


«    Август 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031