9 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



БОЙЖЕТКЕНДІ ҚҰТҚАРҒАН КУРСАНТ

БОЙЖЕТКЕНДІ ҚҰТҚАРҒАН КУРСАНТ Ішкі істер министрлігі Қостанай академиясының 3-курс курсанттары Еркебұлан Төлебеков пен Нұрбол Сәмке сол күні аулаларға, аялдамаларға хабарландырулар жапсырып, жоғалып кеткен әйелді іздестіруге волонтер қызметін атқарып жүрген болатын. Кешке қарай олар Тобыл өзенінің жағасына келді. Кенет олар өздерінен әудем жердегі көпірдің үстіне шығып, телефонмен сөйлесіп тұрған қызды байқады. Жігіттер «мына қыз машиналар жүріп жатқан жерде неге тұр?» деп, кідіріп тұрып қалды. Бұл жер тек көліктің ғана емес, жүргіншілердің де көп жүретін орны. Сол сәтте-ақ қыз өзенге секіріп кетті.

Курсанттар полиция пунктіне қарай жүгіре жөнелді, бара болған оқиғаны хабарлады да, көпірге қарай кері ұмтылды. Өзеннің қыз секірген жағы терең болатын, кезекшілікте жүрген жол-патрульдік полициясының қызметкері, полиция кіші сержанты Әділжан Жомартов «Жедел жәрдем» шақыруға кірісті.

Оқиға болған жерге адамдар да жиналып қалыпты, құтқару үшін суға түс­кен екі ер кісі қызды алып шыға алмады. Ал есінен танып қал­­ған қыз суға бір батып, бір шы­ғып барады.

Еркебұлан курсант киімін шешті де, көпірден қыз батып кеткен тұсқа секіріп кетті. Торғай өзені жағасында өскен жігіт суда жақсы жүзетін.

Ол сүңгіп барып, батып кеткен қызды шашы­нан тартып, бір қолымен, жал­дап жағаға қа­рай жүзе бас­тады. Жа­ға­да­ғы­лар жанын шүберекке түйіп тұр­­ды. Судың суығалы қашан, оның үстіне сол күні ауа райы да салқын болды.

Еркебұлан есінен танып қалған қызды жағаға жа­қын­датқанда Әділжан Жо­мартов киімі­мен суға түсіп, оның алдынан шықты. Бұл кезде Ерке­бұлан да шаршап қалған еді, қызды жағаға сүйреген соң, ол да судың тайыз жеріне келіп, аяғын тіреп, күш алды. Жұрт қызды өліп қалды деп ойлады.

Еркебұлан мен оның курстасы Нұрбол, кіші сержант Әділжан мен оның әріптесі Саят Иманбаев қызға алғашқы көмек көр­сете бастады. Полиция қызметкерлері жү­рекке массаж жасағанда, кур­сант­тар да сауаттылық танытып, қыздың тізесін ішке тіреп, аяқ­тарын созғылап, қозғалтты. Осы кезде аузынан су лық ете қал­ды да, демала бастады.

Сол сәт­те жеткен «Жедел жәрдем» қыз­ды қалалық ауруханаға алып кетті. Сөйтіп суға секіру ар­қылы өзіне қол жұмсаған 21 жастағы қыз курсант Еркебұлан Төлебековтың ерлікке пара-пар ісі арқасында ажал тырнағынан аман қалды. Ол қазір ауруханада емделіп жатыр.

– Біз Нұрбол екеуміздің тез жүгіргеніміз сондай, көпірге санаулы секундтарда жеттік. Су мұздай екен, бірақ менде ағып кетеміз-ау деген ой болған жоқ. Ойланып жатуға уақыт мұр­сат бер­мейді ғой мұндайда, өйт­ке­ні суға тұншыққан адам бес минут­тан асқанда тынысын тоқ­та­тады. Сондықтан құтқарып үл­геру керек деп шештім. Қызды аман алып шыққаннан кейін ажалмен арпалысқанда не өмір, не өлім екенін 1-2 минут ғана шешетіндігін ойлағанда, әрине адам ретінде денең тітіркенетіні рас, – дейді Еркебұлан.

Енді минут емес, бірер секунд кешіккенде өзіне қол жұмсаған қыз ажал тырнағында кетер еді, ал бұл жолы жас жігіттің батыл әрекеті арқасында аман қалды. Облыстық ішкі істер басқар­ма­сы тарапынан жол-патруль­дік полициясы қызметкерлері мен академия курсанты Еркебұлан Төлебеков және оған көмектескен до­сы Нұрбол Сәмке марапатқа ұсы­нылды.

Дереккөз: Егемен Қазақстан
Просмотров материала: 2 967

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 217 088 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 216 761 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 216 263 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 216 307 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 216 678 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 546 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 584 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 907 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 573 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 625 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 819 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 807 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 909 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 572 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 445 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 393 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 684 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 425 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 831 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 624 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 450 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 296 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 149 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 494 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 382 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 867 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 220 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 196 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 443 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 828 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 179 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 130 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 264 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 205 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 436 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 582 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930