30 мая 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ауылым менің Каспийдің жағасында...

22 май 2018, 1:46
Жалпы ауыл деген сөздің өзіндік ерекше мәні бар. Ауыл тіршілігі өте қызық. Қалада өмір сүретін адамдар ауылға келуді көп аңсайды. Мектеп жасындағы балалар жазғы демалыстарын ауылда өткізеді. Ата-әжесінің қасында жазғы демалыстарын өткізіп, әжесінің құрт-майынан дәм татып, атасының аңыз әңгімелерін сүйсіне тыңдайды.

Ауыл жаз мезгіліне қарай өте әдемі болады. Бау-бақшалар жеміске толып, жайлауда төрт-түлік мал жайылып жүреді. Жер беті жап-жасыл тіпті жасыл кілем жайып қойғандай түрленеді.

Менің ауылым Баутин деп аталады. Ауылымыз әртүрлі ескерткіштермен, кәсіпорындарымен, сауда кешендерімен, спорт мектебімен, саябақтармен, ауруханалармен, мәдениет үйімен, білім ошақтарымен және балабақшалармен дамып келеді.

Тарас Шевченко, Иса Тілембайұлы, Досан Тәжіұлы ескерткіштері сәнді бой көтеріп тұр. Тарас Шевченко атында тек қана ескерткіш емес, көз тартарлықтай мұражай бар. Бұл мұражайда қазірде екі жүзден астам көне жәдігерлер сақталған.

Морпорт, Каспиан Оффшор Констракшн және сондай көп кәсіпорындары бар. Үлкен спорт кешені бар. Ол жерде әр түрлі спорт түріне үйретеді. Мысалға волейбол, бокс, баскетбол, футбол, күрес. Осы спорт түрін үйренген оқушылар шет елдерге түрлі жарыстарға бақтарын сынауға барады.

Тарас Шевченко атына салынған әдемі саябақ та бар. Бұл саябақта ағаштар өте көп. «Тазалық-денсаулық кепілі» дегендей біздің ауылда үлкен аурухана халыққа қызмет көрсетуде. Бұл ауруханада әр сала бойынша дәрігерлер жұмыс жасайды.

Жалау Мыңбаев, А.М. Горький, Есбол Өмірбаев, ФШМИ - осындай төрт білім ошағы бар. Мен Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясында оқимын. Мектебімізде ұстаздар өте көп. Білгенің-бір тоғыз, білмегенің-тоқсан тоғыз деп, ата-бабаларымыз бекер айтпаған.

Білмегеніміздің барлығын ұстаздардан үйреніп келеміз. Жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіріп, ізгілікке баулып келеді. Ауылымызда Түпқараған жастар орталығы бар. Бұл ұйым жетім-жесірлерге, жағдайы жоқтарға, жарым жандарға қолдарынан келгенше көмектеседі.

Бұл ұйым өте жақсы игі істерге бастамашы болуда. Ауылды жағалай қоршап жатқан Каспий теңізінің тамашасын тіпті сөзбен жеткізе алмаймын. Ол үшін осында келуіңіз керек. Қазақстанның көрікті жерлерінің қатарына мен өз ауылымды қосар едім.

Жаз айында теңіз асып, мұхит асып шетелге барып демалудың еш қажеті жоқ. Сондай демалыстың көкесі – менің ауылымда. Келсеңіз, құшақ жая қарсы алатын, төрінен орын беріп, ерекше сыйлайтын қонақжай ауылдастарым бар.

Үйге жатам десеңіз үйім дайын, қонақүй қолайлы десеңіз, үйдің іргесінде «Шағала», «Теңіз», «Достық», «Терминал» т.б. аталатын 5 қабатты қонақүйлердің есігі әрдайым ашық. Жағажай жақсы демалыс сыйларына кәміл сенемін.

Яхта мен катамаран, тез жүретін моторлы қайық сізге қызмет етеді. Міне, ауылымыз осындай жақсы істерімен дамып келеді. Мен ауылымды мақтан етемін.

Тілектес СӘРСЕНОВА
8-сынып оқушысы
Жалау Мыңбаев
атындағы мектеп-гимназия
Маңғыстау облысы
Түпқараған ауданы
Баутин ауылы
Жетекшісі: Анар Төлеуова
Просмотров материала: 2 457

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 202 194 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 201 818 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 201 312 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 201 371 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 201 734 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 760 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 818 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 123 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 738 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 815 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 005 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 626 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 655 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 434 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 287 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 877 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 532 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 227 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 624 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 444 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 315 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 147 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 002 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 325 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 226 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 715 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 647 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 065 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 299 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 678 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 055 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 992 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 114 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 062 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 263 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 414 Просмотров





Опрос


«    Май 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031