18 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Төңкеріс мектебіндегі ең алғашқы қазақ сыныбын ашқан ұстаз

16 апрель 2018, 9:20
Бұл мақалада қарапайым ауыл мұғалімі туралы ой қозғалады. Ол кісінің қайтпас мінезінің, ұлтқа деген жанашырлығының арқасында орыс мектебінен қазақ сыныбын ашуы туралы айтылады.

Менің ауылым Алматы қаласының іргесінде орналасқан. Аты да қызық-Төңкеріс. Татулықты ту еткен бұл ауылда бірнеше ұлт өкілдері тұрады. Оның ішінде орыстар, немістер, түріктер, украиндар және қазақтар.

Ата-апаларымыздың айтуына қарағанда, кеңестік кезеңде, бұл ауылда қазақ мектебі түгілі, қазақ сыныбы да болмаған. Бүкіл бала орыс мектебіне барған.

Осы олқылықтың орнын толтыруда қарапайым география пәнінің мұғалімі, шәкірттерін білім нәрімен сусындатып жүрген ұлағатты ұстаз - Гүлшара Жәнекенқызы Мұсабаеваның ерен еңбегін бірі білсе, бірі білмейді.

Гүлшара Жәнекенқызы 1989 жылы Талғар ауданы, Төңкеріс ауылындағы №23 орта мектебінде 12 қазақ баламен ең алғаш қазақ сыныбын ашқан. Оларға қазақ тілінде оқулық жетіспегендіктен, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылындағы әріптестерінің көмегімен қазақ тіліндегі оқулықтар алып келген.

Осы бастамасы жөнінде апайымыздан сұрағанда, былай деп еске алады:

«Сыныпты жүгіріп жүріп аштым. Басында маған сыни көзқараспен қарағандар көп болды. Олардың ойынша, әр жақтан жинақтап барып ашқан сыныбының болашағы жоқ дегенге келді. Себебі, көптеген ата-аналар балаларын орысша оқытуға құмар болды. Ол бір жағынан, заман талабы еді. Кітап мәселесін шешкеніммен, кадр мәселесі қиындау болды. Алғашқы, сынып жетекшісі өзім болғанмен, келесі жылдарда ашылатын сыныптарға мұғалім тапшы болды. Қазақ сыныптар үшін жан-жақтан пән мұғалімдерін іздестіріп, мектепке тарта бастадым. Құдай қалап, ауылға сол жылдары келін болып, бірнеше мұғалімдер түсті. Солардың арқасында, осы мектепте қазақ сыныптары ашылды».

Бір кездері Гүлшара апайымыз іргетасын қалаған қазақ сыныптарының саны қазірде - 32, онда 700-ге тарта оқушы білім алады.

Сонымен қатар, Гүлшара Жәнекенқызы ұлттық салт-дәстүрді дәріптейді. Әр жыл сайын Наурыз мейрамында қазақтың ұмытылуға жақын қалған салт-дәстүрлерін көрсетеді. Әр түрлі көріністер қояды.

Ол кісі тек қана ұстаз болып қана қоймай жезтаңдай әнші, әрі биші болған. Бұрынғы кезде, Төңкеріс аулымызда жастарға арналған клуб болған екен. Сол клубта әр сенбі сайын әр түрлі аспаптармен ән айтатын.

Ауыл жастары бүгінде Әулие Валентин күні емес, 15 сәуірде Қозы Көрпеш - Баян сұлу күнін атап өтеді. Бұл да апайымыздың бастамаларының бірі. Қайсар мінезді, ұлты үшін жаны ашитын, жанашыр ұстазымыз қазірде 40 жыл еңбегі сіңген зейнеткер ұстаз.

Қарапайым ұстаздардың ішінде бүгіп жатқан сырлары, басынан өткен оқиғалары өте көп. Олардың әңгімелерін тыңдай отырып, «Ұстаз»деген сөз тек қана балаға білім беруге жаралған жан ғана емес екенін түсінеміз.

Жас ұрпақтың бойына елжандылық дәнегін сеуіп, көктететін де осы қарапайым жандар. Ауылымызда осындай қарапайым, бірақ еліміздің өркендеуіне зор үлесін қосып жүрген адамдар айтарлықтай көп. Мен өз ауылымның ардагер ұстаздарымен, қарттарымен мақтанамын!

Айданақ МЫРЗАҒАЛИЕВА
9-сынып оқушысы
№23 жалпы орта мектеп
Алматы облысы
Талғар ауданы
Төңкеріс ауылы
Жетекшісі: Ұлан Алпар
Просмотров материала: 4 139

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 218 393 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 218 070 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 217 578 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 217 616 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 217 988 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 613 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 646 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 970 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 640 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 688 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 884 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 818 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 926 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 581 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 456 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 408 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 693 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 439 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 848 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 643 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 462 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 305 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 156 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 505 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 391 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 883 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 237 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 210 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 451 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 843 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 193 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 140 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 277 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 214 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 449 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 591 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930