31 мая 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қоңыр әулие үңгіріндегі көлге бір сүңгіген адамның бойы сергіп, санасы серпіліп сала береді

16 май 2018, 2:04
Менің туған өлкем – әр тасы қасиет тұнған киелі Абай ауданы. Туған жерімнің әр ескерткіші, әр кесенесі тарихтан сыр шертеді.

Солардың бірі және бірегейі – Күшікбай батырға қойылған ескерткіш. Семей қаласынан Абай еліне дейін 60 шақырымдай, Арқалық тауынан асатын тұс «Күшікбай кезеңі» деп аталады.

Бұл ескерткіш өзінің атауына сай жоңғарларға қарсы шапқыншылық жорықтарда ерен ерліктің айғағына айналған Күшікбай батырға арналған. Орта жүз Уақ руынан шыққан Күшікбай – ойрат басқыншыларына қарсы күрескен атақты батырлардың бірі.

Елі үшін қасық қаны қалғанша соғысып, жанын берген, 21 жасында қыршыннан қиылған баһадүр әрдайым ел есінде. Дәл осы жерде қысы-жазы суы бір тоқтамайтын, шөліңді бір ұрттағаннан басатын бұлақ суы ағып жатыр. Өзім осы бұлақты батырдың киесіне балаймын.

Осы Күшікбай кезеңінде болған қайғылы оқиғаны «Қорғансыздың күні» деген әңгімесіне арқау етіп, әрі шынайы бейнелеген заңғар жазушымыз – Мұхтар Әуезовтің туған жері Бөрлі де менің туған өлкемнің керемет жерлерінің бірі болып саналады.

Қазақтың бас ақыны – ұлы Абайды әлемге танытқан ұлы жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезов те менің жерлесім екенін мен зор мақтанышпен айтамын. Бөрілі жерінде жазушыға арналған мұражай бар. Мұражай Мұхтар Әуезов туралы кітап іспеттес. Алайда, жай кітап емес, ерекше кітап.

Кітапта тек суреттер болса, мұражайда өзің көзбен көріп, қолмен ұстай алатын Мұхтар Әуезовтің ескерткіші, әртүрлі елдерден алып келген сыйлықтары, Алматыдағы үйінің макеті сияқты көптеген жәдігерлер бар. Мұражайға кірсең, бейне бір Әуезовтің әлеміне кіріп кеткендей күй кешесің.

Нағыз махаббаттың символына айналған «Еңлік-Кебек» ескерткіші «Махаббат мұнарасы» аталады. Бұл билер сотының кесімі бойынша құрбан болған қос ғашық – Еңлік пен Кебектің зиратына қойылған ескерткіш. Ескерткіштің қазіргі тұрған жері бұрын «Шұбартөбе» аталған. Ол ғасырлар бойы жаугершілік уақытта қарауыл қарайтын, ас пен тойларда бәйгеге қарақшы тігіп, көмбе болатын жиын орын болған.

Оның басындағы «Еңлік-Кебек» ескерткішінің өз тарихы бар. Он сегізінші ғасырдың сексенінші жылдарында сүйіп қосылған екі ғашықты қатыгездікпен ат құйрығына сүйретіп, өлтіруші топ олардың денесін өздерінің ақтық тілектері бойынша бірге көмеді.

Келесі жылы Шұбартөбені қоныс еткен рулар Еңлік пен Кебектің қабірін таспен сандықшалап, қайтыс болған ағайындарын «ер-азамат жалғыз жатпасын» деп сол арада жерлейтін болған.

Сөйтіп, бара-бара Шұбартөбе үлкен қорымға айналған. Осындай махаббат хикаясының куәсі болған өлкемнің қасиетіне қалай таң қалмаймын?!

Менің туған жерім тарихи орындармен қоса шипалы жерлерден де кенде емес. Сондай жердің бірі – Қоңыр әулие үңгірі. Қоңыр әулие үңгірі Тоқтамыс ауылынан 18 шақырым жерде орналасқан. Жайдарлы жаз мезгілі шыға бұл жерге ағылушы туристер бір толастамайды.

Бірі дертіне дауа іздеп келсе, енді бірі осынау ғажайып мекенді өз көзімен көруге асығады. Тау қуысында орналасқан үңгір бар деп, сол үңгірде суы мұздай көл бар деп кім ойлаған?

Көктем туып, көк шығысымен-ақ ауырған-сырқаған, бір перзентке зар болған жандардың Қоңыр әулие үңгіріне ағылуының себебі – сол көлдің емдік қасиеті ғой. Ені 80 метр, биіктігі 1,5 метрдей болатын жіңішке дәліз арқылы үңгірге кіріп, көлдің мұздай суына бір сүңгіген адамның бойы сергіп, санасы серпіліп сала беретін көрінеді.

Қаншама жүздеген, тіпті, мыңдаған адамдар осынау көлден дертіне дауа, еміне шипа да тауыпты. Алайда, үңгірге кірерде әр жанның бойында, ең бастысы, сенім болу керек. Былтыр үңгір іші күрделі жөндеуден өтіп, одан сайын келген адамдарға қолайлы бола түскен сияқты.

Міне, туған өлкемнің ғажайыптарының біріне Қоңыр әулие үңгірін нық сеніммен жатқыза аламын. Жаны ауырған адамды да, тәні ауырған адамды да емдейтін жерімнің құдіреті шексіз-ау,сірә!

Мен өзімді бақытты адамдар қатарына жатқызамын. Неге екенін білесіздер ме? Өйткені, мен ұлы Абай туған жерде туып, өсіп келе жатырмын. Хакім Абай басқан жерді басып, ұлы ақын жұтқан ауаны жұту – бақыт емей немене?!

Абай атамыз туған Сырт Қасқабұлақ, Абайдай ұлы тұлғаның ата қонысы – Жидебай менің туған өлкемде орналасқан. Осы жайлы бір ойланып кетсем, өзім де таңырқап қаламын. Жидебайда Абайдың өшпес ізі жатыр.

Онда ақынға арналған мұражай және де ұлы Абай мен артынан ерген інісі, шәкірті ізін жалғасытарушы – Шәкәрім бабамыздың кесенелері бар.Әр жыл сайын тек Қазақстаннан ғана емес, шет елдерден де баба рухына тағзым етуге адамдар келеді.

Мұның өзі үлкен құрмет деп ойлаймын. Мұражай ішіндегі әрбір зат – баға жетпес қазына. Онда Абай атамыз қолданған заттары: ер-тұрманы, шапаны, тіпті, өзі ойнаған тоғызқұмалақ тақтасы да сақталған.

Бұл жердің құдіреттілігін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Жидебайды өз көзімен көрген де арманда, көрмеген де арманда.

Мен өз туған жеріммен мақтанамын және де Алла Тағалаға маған осынау жерде тууды нәсіп еткені үшін мың алғыс айтамын. Адамды рухани байытатын, жанына рахат сыйлайтын өлкеде өмір сүріп жатқаныма бақыттымын. «Мың рет естігенше, бір рет көрген артық» деп бекер айтпаған ғой ата-бабаларымыз.

Даналыққа дауа бар ма өмірде?
Даналығы болса адамның тегінде.
Бір адамның даналығы ойында,
Бір адамның даналығы сөзінде.
Шыңғыстауға жетер жер жоқ сондықтан
Үш дананы туа салған елінде.

Дана Абайды алып шыққан жарыққа
Дана Мұхтар мақтаныш қой халыққа.
Шәкәрімді дана емес деп кім айтар?
Даналығын әркім сезер сөз ұқса.
Оны айтасыз бүкіл Абай елінің
Қара өлең мен қара сөзге бәрі ұста.

Сол бір елге шақырамын сіздерді,
Қонақ болып қуантыңыз біздерді.
Тамашалап келіңіздер көруге,
Ұлы адамдар салып кеткен іздерді.


Ажар УАТЖАНОВА
11-сынып оқушысы
Қарауыл гимназиясы
Шығыс Қазақстан облысы
Абай ауданы
Қарауыл ауылы
Жетекшісі: Аяулым Оразова
Просмотров материала: 4 118

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 202 361 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 201 986 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 201 481 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 201 537 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 201 901 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 769 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 828 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 132 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 750 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 826 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 014 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 629 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 658 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 437 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 290 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 886 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 532 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 227 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 625 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 445 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 317 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 147 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 005 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 327 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 227 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 715 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 654 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 065 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 301 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 678 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 055 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 993 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 115 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 062 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 263 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 415 Просмотров





Опрос


«    Май 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031