22 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Тұмса табиғат пен нағыз қазақы ауылды көргіңіз келсе, Үштөбеге келіңіз

02 апрель 2018, 8:41
Қазақ халқында «Туған жер - алтын бесік» деген нақыл сөз бар. Әр адамның туған жері болады. Адамзат баласы кіндік қаны тамған жерінде өсіп, білім мен тәрбие алады, ержетіп, оң-солын таниды, сосын ғана өмірде өз орнын табуға бел буады. Сондықтан кез-келген адамның туған жері - өзіне ыстық.

Туып өскен жеріңнің көлшігіне дейін көз алдыңнан кетпейді. Туған жерім - Үштөбемнің соққан самал желі мен салқын жазы, қоңыржай қысы, қара суығы мен ызғырығы, естен кетпейтін көгілдір көктемі мәңгілік ұмытылмасы анық.

«Туған жер» сөзінің мағынасы, құндылығы өте зор. Адам баласының бойындағы барлық рухани-адамгершілік қасиеттері осы туған жерде, жарық дүние есігін ашқаннан басталады.

Халқымызда "Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас", "Туған жер - тұғырың, туған тіл - қыдырың" секілді мақал-мәтелдер, нақыл сөздер аз емес. «Тұғырың» деген сөзде көп мағына жатыр. Ол «туған ұяң» деген мағынаны астарлап тұр.

Менің бойымдағы «туған ұяма» деген ыстық ықыласымды өзім қалаға барғанда сезінемін, себебі біраз күн өткеннен кейін өзімнің Үштөбемді сағына бастаймын. Анамның маздап жанған отын, сол үйде жұма сайын пісірілетін шелпегін, үйдің жанынан ағатын бұлақта батпақтан неше түрлі заттар жасайтынымызды, ауылымның ауасын, ауыл маңында асық ататынымызды, күн ауған кезде тайға мініп алып "кімдікі жүйрік" деп жарысатынымызды, тіпті қала берді кешке тақау ауылды мұнарға бөлейтін түтініне дейін сағынып кетемін. Сондықтан қала қаншалықты қызық болса да, ауылыма асығамын.

Менің Үштөбе ауылым Тарбағатай ауданының солтүстік батысында орналасқан. Солтүстігінде Тарбағатай ауылымен, солтүстік- батысында Үржар ауданымен, батысында Аягөз ауданымен, шығысында Би Боранбай елді мекенімен шектесіп жатыр. Жер көлемі - 130 шаршы шақырым.

Ауылға келген соң "шіркііін, біздің ауылға жап-жақын жердегі Қабанбай шатында демалу орны болса, қалаға да бармас едім" деп тәтті ойға батамын. Ол жерде сарқыраған Боғас өзені ағып жатыр, айналасы ағаштар, дәрілік өсімдіктерді де сол жерден табасың.

Биеңді байлап, сиырыңды сауып, ешқандай қоспасы жоқ өніміңді демалушыларға ұсынып, суға шомылып, ойыныңды ойнап, биік тауының басына шығып, сол жердің бабамызға мекен болған тарихына қанығып, үлкендерге көмектесіп, жер-жерден келген қонақтармен қоян-қолтық араласып жүрсек қой деп армандаймын.

Осы бір балалық арманымды өскенде іске асырып, ауылымның танымалдығын арттырып, жеріме жан бітірсем деп жақсы оқуға тырысып жүрмін.

Арманым орындалса, тұнып тұрған осынау шежіре табиғат сөйлеп қоя берер еді. Ол сөйлесе бірінші осы жер туралы мына деректерді айтар еді.

Желдіқара тау жотасында жатқан Қабанбай шаты - ауылымыздың оңтүстігінен 1 шақырым жерде. Шат ішімен Кіші Боғас өзені ағып өтеді. Шаттың екі жақ қабырғасы тік жартасты, қорым тас және шілік тал, итмұрын долана қалың өскен.

Шат ішімен атты кісі әзер жүріп өтеді. Бұл жерде өз заманында Қабанбай батыр басқыншыларға қарсы қолайлы бекініс жасаған деген деректерді ұстазымыз айтып берген.

Біздің ауылда одан басқа да тамаша жерлер жетерлік. Ол - адамдар алыстан іздеп келетін ауылдан 50 шақырым жердегі «Шипалы бұлақ» өзені. Ол суға тері ауруларымен ауыратын адамдар жуынса, жазылып кетеді.

Базар өзені бойындағы табиғаты ерекше жер. Жергілікті халық пен сырттан келушілер жаз айларында осында демалыс күндерін өткізеді. Өзен арнасы осы түста ірі-ірі тастармен бөгеледі де, сарқырама түзілген. Суы өте тұнық, бір мерт тереңдікке дейін су түбі анық көрініп жатады.

Сарқырамада бақтақ балығы бар. Жоғары өрлеген балықтардың сарқырамадан секіріп өткен көрінісін тамашалауға болады. Мұнда табиғаттың өзі жасаған мүсіні - жартас бар. Осыған байланысты бұл жер атауы Сынтас деп аталады. Біздің «Сынтасқа» келген адамның да қайтқысы келмесі анық.

Неге дейсіз ғой?! Бұл маңдағы табиғат көрінісі ғажап, оған кезінде қазақ киносының майталманы Досқан аға, айтыстың ақиығы Жүрсін аға да тамсанып кеткен деп үлкендерден естігем. Енді неше түрлі жерді көріп жүрген осындай мықтылар табиғатына тамсанған менің туған ауылым - мен үшін жер жаннаты.

Таза ауа іздесеңіз, бие сауып, қымыз ішкіңіз келсе, ешкі сүтімен емделемін десеңіз, табиғат жасаған «Кемпіртасты», «Әулие үңгірді», «Қойтасты» көргіңіз келсе, нағыз ауыл тіршілігін тамашалап, аттың құлағында ойнап, ауыл жанындағы мектеп түлектері жасап берген көкпар алаңында ұлттық ойын ойнағыңыз келсе, онда менің Үштөбеме келіңіз. Бұл жердің барлық адамдарға құшағы ашық.

Бекжан ДӘУІТБЕКОВ
9-сынып оқушысы
Өкпеті орта мектебі
Шығыс Қазақстан облысы
Тарбағатай ауданы
Үштөбе ауылы
Жетекшісі: Айгүл Ажығожина




Просмотров материала: 4 663

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 212 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 044 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 685 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 709 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 017 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 470 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 649 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 716 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 903 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 050 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 429 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 320 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 648 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 454 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 652 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 112 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 166 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 363 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 691 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930