13 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ауыл қалай Сарыкемер аталды?

20 февраль 2018, 3:52
Жалғай түсіп ескі Тараз қаласын,
Жағалай сап асау Талас саласын,
Ардақ тұтып батыр Байзақ бабасын,
Атын алып, тапқан ел бұл жарасым, - деп ақын ағамыз Қайыпназар Шотбасов айтқандай, әркімге шыр етіп дүниеге келіп, кіндік қаны тамған жері қымбат болары анық. Себебі әр адамның өмірінде туған жері маңызды орын алады.


Мен үшін туған жердің қадірі дүниедегі ең асыл қазына іспеттес. Себебі, ол айрандай ұйыған отбасымның тамырын тереңге өсіп-өрбіткен жері, әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, білім жолына жетелеген ұстаздарым мен сол білім жолындағы тай-құлындай тебіскен құрбы-құрдастарым дүниеге келген жерім.

Егер менен “туған өлкең несімен ыстық? “деп сұраса, кідірместен Мұқағали атамыз айтқандай туған жердің күні мен түні, қыбырлаған жәндігіне дейін ыстық дер едім .

Туған жерім мен үшін әлемнің жеті кереметінен ойып тұрып орын алар, нағыз бір Мысыр шаһарындай. Сол менің Мысыр шаһарым – айнадай сәуле беріп жарқыраған, гүрілдеп, асып-тасып сарқыраған Таластың жағасындағы киелі де сырлы өлкем – Сарыкемер ауылым. Талас өзенінің жағалауындағы сұр жусан, баялыш, күйреуік, көкпек табиғатқа ерекше көрік береді.

Мен туып-өскен ауылдың Сарыкемер аталуының да өзіндік себебі бар. Халық ауылға қоныстанбаған кезде ауыл маңындағы Талас өзенінің бойы сарыкемерленіп, күнге шағылысып тұратындықтан Сарыкемер аталған екен. Биылғы жылдың төртінші ақпанында Тараз қаласымен тамырлас Байзақ ауданының құрылғанына 80 жыл толып отыр.

Ауылымның дамуына үлес қосып отырған ауыл жұртшылығы мерейтойды елеулі , толымды табыстармен қарсы алып отыр. Әрине, ауылымның осындай толағай жетістіктері менің де көңілімді қуантады. Сонымен бірге « Батырлар мен ақындардың, спортшылардың» елі атанған өлкеден хас батырлар,белгілі жазушылар мен ақындар, даңқты спортшылар, жиырмадан аса еңбек ерлерінің шығуының өзі мен үшін үлкен мәртебе.

Тайсалмастан тасқа қайрап талабын,
Жаға білген нағыз намыс алауын ,
Үшкемпіров , Жұмаділов біздің ұл,
Желбіреткен олимпиада жалауын,
- деп жерлес ақынымыз жырлағандай, расында да, мен туып-өскен жер - елімізге танымал тұлғалар өлкесі.

Олардың қатарында грек-рим палуаны, спорт шебері Жақсылық Үшкемпіров, Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлікпен қаза тапқан Ағәділ Сухамбаев, белгілі айтыскер-ақындар Алтынкүл Қасымбекова, Мұхамеджан Тазабеков,Әзімбек Жанқұлиев сынды елге еңбек еткен елеулі азаматтар бар.

Бұл өлкеде Назира Бердалы, Әйгерім Шәймерден секілді танымал журналистер дүниеге келген. Мен осындай ел үшін ерен еңбегімен танылған аға-апаларымызды мақтан тұтамын, сонымен қатар осындай ұлылар шыққан ұлы мекеннің мерейін ары қарай өсіргім келеді.

«Елу жылда ел жаңа,жүз жылда қазан» дегендей ауданымыздың білікті басшылары мен еңбек адамдарының төгілген терінің арқасында әртүрлі өндіріс салалары да жылдан-жылға жақсы дамып келеді.

Біздің ауыл тұрғындары негізінен қант қызылшасы , биязы жүнді қой , құс , жылқы ,омарта шаруашылығымен айналысуға бейімделген еңбекқор халық. Бұл өлкеде отыздан аса ұлт өкілдері бір-бірімен тату,бейбіт өмір сүріп жатыр.

Бүгінде ауылымның көптеген талантты да талапты ұл-қыздары білім-ғылым, өнер саласында еңбек етіп, заман талабына сай кәсіпкерлікпен айналысып, халықтың құрметіне бөленуде.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың мынадай сөзі бар: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің көркеюі жолында маңдай теріңмен еңбек ет. Туған жеріңнің иесі өзің екеніңді ұмытпа!». Міне, дәл осы сөздерді ескере отырып, құт дарыған туған өлкемнің өсіп, өркен жаюына өз үлесімді қосуға тырысамын.
“Құшағыңда ойнақ салдым құлындай,
Анасына еркелеген қызындай.
Көңілім менің жайланбайтын секілді,
Шөбіңе аунап, бал суыңа жуынбай ”
деп ақындар жырға қосқандай, балалық шағымның бал өмірі, қызықты күндері, осы ауылымда өтті.
Өмір-өзен демекші, міне сол уақыттан бері он бір жыл да зымырап өте шығыпты. Биыл орта мектепті бітіруге санаулы ғана күн қалғанын , сыныптас достарымызбен жан-жаққа, Қазақстанның түкпір-түкпіріне білім іздеп кете баратынымызды , балалықпен қоштасуға тура келетінін ойласам,жүрегім қобалжып қоя береді.

Мен – алға ұмтылған жас түлекпін. Жас түлек – болашағы үлкен мамандық иесі , өмір атты керуеннің бір жолаушысы. Қалаған мамандығымның соңына түсіп, өмір-керуен қайда жетелесе, сонда жол тартпақпын.

“Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан” деп Абай атамыз айтқандай, әр адам өмірден өз орнын табуға тиісті. Дегенмен туған ауылымды тастап кетемін деген ойдың өзі менің киелі құт мекеніме деген сағынышымды қазірден арттыра түседі .

Ендеше өзімнің ойымды жүрегімнен шыққан мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді:
Барлық адам топырағыңнан жаралды,
Барлық адам бір өзіңнен нәр алды.
Туған жерім бір өзіңнің қолыңнан,
Әрбір адам өз бақытын таба алды.


Аружан ЖАҚСЫМҰРАТОВА
Ғани Мұратбаев атындағы мектеп-гимназияның
11-сынып оқушысы
Жамбыл облысы
Байзақ ауданы
Сарыкемер ауылы
Жетекшісі: Райхан Нурмолдаева
Просмотров материала: 6 492

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 222 134 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 221 824 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 221 322 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 221 356 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 221 731 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 821 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 856 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 188 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 866 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 896 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 104 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 875 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 008 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 639 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 516 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 534 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 756 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 511 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 909 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 700 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 517 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 360 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 203 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 572 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 446 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 938 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 366 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 265 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 503 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 900 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 242 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 189 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 336 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 263 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 507 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 642 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031