17 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



14 жасар баланы соққыға жыққан ауыл әкімі 35 мың теңге айыппұл төлеп, оңай құтылып кетуі мүмкін

Ақмола облысында Қорғалжын ауданының соты экс-әкім Жанат Омаровқа қатысты қылмыстық істі тоқтатып, істі әкімшілікке ауыстырыпты. Ендігі сегізінші сынып оқушысын сабап тастаған әкім жазадан оңай құтылып кетуі ықтимал. Ал істің осылай жұмсаруына сот сараптамасы себеп болған көрінеді, деп хабарлайды КТК арнасы.

Алайда бұрынғы әкімнен таяқ жедім деген Диас Мұқанның анасы баласының жеңіл жарақат алғаны туралы сараптама қорытындысына сене алар емес. Дәл осы себепті қайтадан сараптама тағайындатып, әкімді жазаламақ ниетте.

14 жастағы Диас Мұқанның ата-анасының сөзінше, экс-әкім анасы мен аудан депутаттарын араға салып, жәбірленушілерді кешірім беруге мәжбүрлеп жүрген көрінеді.

«Олар менің баламды ойламайды. Кешіріммен келді. Алайда баламды емдету, сол арқылы көмек беру туралы ойламады. Ойлап отырғандары – тек Жанат Омаровтың жағдайы. Соққы салдарынан балам кеміс болып қалса, не істер еді?» – дейді Диастың әкесі Төлеген Күлпейісов.

Ал аудандық судьяның сөзінше, бұл іске қатысты сараптама тағайындалып, оның қорытындысы шыққандықтан, Жанат Омаровты қылмыстық жауапқа таруға айтарлықтай себеп жоқ. Сараптама қорытындысы бойынша, Диастың алған жарақаты жеңіл. Істің әкімшілікке ауыстырылуына дәл осы сараптама қорытындысы себеп болыпты.

«Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы шықты. Онда жасөспірімнің денсаулығына жеңіл жарақат келтірілгені көрсетілген. Сондықтан Омаровты қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз жоқ», – дейді Қорғалжын ауданы сотының төрағасы Данияр Темірханов.

Алайда Диастың ата-анасы сараптама қорытындысымен келіспей отыр. Олардың сөзінше, ұлдары айға жуық уақыт емделсе де, әлі де толық сауықпапты. Сондай-ақ, соққы салдарынан үнемі басы ауыратын көрінеді. Осы себепті олар істің тоқтатылғанына қарсы. Олар экс-әкімді жазаға тарту үшін, қайтадан сараптама тағайындауға өтініш білдірген.

Диастың ата-анасының әрекетін судья қолдап, екінші рет сараптама тағайындаған. Қайтадан тағайындалған саратама бір айға жуық жасалуы мүмкін.

Қазіргі уақытта Диас Мұқан интернатқа қайта оралған. Алайда көп сабақты жіберіп алғандықтан, үлгеріміне әсерін тигізбей қоймапты.

Екінші қайтара тағайындалған сараптама нәтижесі өзгермесе, бұрынғы әкімге қатысты 35 мың теңге айыппұл немесе 15 тәулікке қамау түріндегі әкімшілік жаза тағайындалуы мүмкін. Ал сараптама қорытындысы Диастың денсаулығына айтарлықтай зақым келгенін растаса, Жанат Омаров екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал.

Естеріңізге сала кетсек, Ақмола облысында 8-сынып оқушысын соққыға жыққан Қорғалжын ауылдық округінің әкімі Жанат Омаровтың үстінен іс қозғалған еді. Ол Төлеубаев атындағы орта мектептің оқушысы Диас Мұқанды соққыға жығып, денсаулығына зиян келтірген.
Просмотров материала: 8 200

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 222 626 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 222 322 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 221 816 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 221 852 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 222 227 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 848 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 879 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 211 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 890 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 922 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 130 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 877 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 014 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 646 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 522 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 544 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 759 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 516 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 915 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 707 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 524 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 366 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 208 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 580 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 455 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 943 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 376 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 273 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 509 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 902 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 249 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 192 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 342 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 270 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 513 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 646 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031