22 ноября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Мен оны ұрған да, тепкен де жоқпын, өзі құлап қалды" - ауыл әкімі осылай ақталып жатыр

28 февраль 2018, 10:02
Жұдырығы жуан әкім қызметінен кетті. Ақмола облысында баланы соққыға жыққан Жанат Омаровты тәртіптік кеңес мемлекеттік қызметтен қуу туралы ұсыныс айтқан. Ал Қорғалжын ауданының әкімі іле-шала түн ішінде бұйрық шығарып, қоластындағы қызметкерді орнынан кетірді. Атқамінер жасөспірім орындықтан өзі құлады, мен бастан тепкен жоқпын деп отыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Жарты жыл бұрын аудан депутаттары бір ауыздан сайлаған ауыл әкімі ұрда-жық, қызуқанды болып шықты. Бойы 190 сантиметр, салмағы 130 келі Жанат Омаровтың 14 жасар жұдырықтай баланы тепкілеуі естіген елді шошытты. Әкім осылайша өз баласын қорғамақ болыпты. Қорғалжындағы мектеп-интернатқа рұқсатсыз кіріп келіп, оқушыға ұмтылғанда қаным басына шауып, өзімді ұстай алмай қалғанын айтады ол. Бірақ басынан тепкілеген жоқпын дейді.

Жанат Омаров, Қорғалжын ауылдық аймағының бұрынғы әкімі:

-Былай жақындап келдім де, жағасынан алмақ болдым. Директорға апарғым келген. Ол орындығымен құлап түсті. Мен оны ұрған жоқпын, шкафқа да соғылған жоқ. Баламның мұрнынан қаны ағып мейірбикеде отырғанын көріп, осылай өзімді ұстай алмай қалдым. Бірақ тепкіледі деген бекер сөз.

Жағасынан алмақ болғанда құлап қалды деген оқушы Диас Мұқан бөлмесінде ес-түссіз жатқан. Жұдырығы жуан әкімнің айтуынша, жанында мұғалімдер болыпты. Бала соққы алғаннан кейін мейірбике келіп көмек көрсеткен. Бірақ бұл оқиғаны көзімен көргендер ешкімге тіс жармауға бекініпті. Тіпті аудан әкімдігі аппаратының, білім бөлімінің басшылары да 2 күн өткен өткен соң естідік деп тұр.

-Соққыға жығылған Диас Мұқанның ата-анасы дабыл қақпағанда, бұл жағдай жабулы қазан күйінде қалар ма еді. Оқиға болғаннан кейін 4 күннен соң өткен облыстық Тәртіптік кеңесте олардың барлығына Қорғалжын ауданы әкімі орынбасарының дымдарың іштеріңде болсын дегені туралы айтылды.

Диасты ата-анасы алдымен аудандық ауруханаға апарған. Баланың халі мүшкіл болғанын бас дәрігер енді айтып тұр.

Марал Ақылбаева, Қорғалжын аудандық ауруханасының бас дәрігері:

-Баланы көтеріп әкелді. Ес-түзсіз, тілі күрмеліп жатты. Жағдайы ауыр болды. Денесі тартылып қала берді. Орындықтан құлап түсіп, осындай жағдайға жетуі мүмкін емес қой. Біз бір ауданда жұмыс істейміз, нақты кімнің қорқытқанын айта алмаймын.

Мектеп-интернатта екі баланың төбелесінен басталып, соңы осындай үлкен дауға ұласқан оқиға бойынша қазір полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Бұл жағдайдан кейін бір әкім ғана емес, жауапты біраз шенеунік қызметімен қоштасатын сияқты.
Просмотров материала: 18 345

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 176 151 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 175 821 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 175 431 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 175 483 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 175 775 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 324 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 461 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 691 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 795 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 958 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 612 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 994 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 417 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 245 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 067 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 276 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 339 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 016 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 402 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 126 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 136 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 969 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 806 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 065 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 007 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 523 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 001 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 839 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 112 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 461 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 855 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 806 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 855 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 814 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 045 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 190 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930