19 августа 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



АУЫЗ СУ ТАЛАП ЕТКЕН ХАЛЫҚҚА ӘКІМ ЗЕКІП ТАСТАДЫ

АУЫЗ СУ ТАЛАП ЕТКЕН ХАЛЫҚҚА ӘКІМ ЗЕКІП ТАСТАДЫ Ақмола облысында білдей бір аудан орталығының тұрғындары екі аптадан бері сусыз отыр. Тура аптап ыстықта тіршілік нәрінің жоқтығынан зәрезап болған Егіндікөл жұрты наразылық шарасын өткізді.Әсіресе, аудандық аурухана дәрігерлері бұдан ары шыдай алмайтындарын ашына айтты. Олар мұны төтенше жағдайға теңеп отыр, деп жазды КТК телеарнасы.

Егіндікөлде судың сап тыйылғанына екінші апта. Бұл 40 градустық аптап ыстықтан аңқасы кепкен жұрт үшін жығылған үстіне жұдырық болды. Әкімдік суды тасып әкелдіргенімен, ол біріне жетсе, біріне жетпей жатыр. Бәрінен бұрын ауруханадағы жағдай қиындаған. Шыдамы таусылған ақ халаттылар науқастарды тастап, ауылдың басқа тұрғындарымен бірге наразылық шарасына шықты.

Әбден түңілген жұрт осылай пәлсапамен сөйлетін жағдайға жеткен. Балабақша да, мектеп те осындай қиындықты басынан кешіп отыр. Бұған дейін себебін біле алмай, сандалған жұрт әкімге де барған. Қабылдамапты. Жағдай ушығып, шу шыққан соң ғана, аудан басшысының қарасы көрінді. Ашынған тұрғындар ортаға алып еді, аудан басшысы зекіп тастады.

-Әй, қарағым ақылгөйсімеші?

"27 тамыздан бастап 31 тамызға дейін Қорғалжын су беретін шаруашылық су болмайтынын ескерткен. Бірақ жөндеуді уақытылы аяқтамаған. Ол бізге байланысты емес. Ол жақтан бізге су келмесе,бізде трассада су болмайды", деді Егіндікөл аудан әкімі Нариман Төлепов.

Егіндікөлге тіршілік нәрі Нұра су қоймасынан жеткізіледі. Содан тартылған құбырдың көрші Қорғалжын ауданына қарасты бөлігінде жөндеу жұмыстары жүргізілген екен. Ал тіршілік нәрінің әлі келмей жатқанына осы жұмыстар кезінде шыққан ақау себеп. Енді Егіндікөлде су қоры қалмапты.

Сыйымдылығы 2 мың текше метр резервуарда қазір бір тамшы су жоқ. Халықты тіршілік нәрінсіз қалдырмау үшін қаншама үнемдегенімен 10 күн бұрын таусылған. Енді көрші ауданда құбыр қашан жөнделіп, қашан елді мекен сумен қамтамасыз етіледі, оны мамандардың өздері де айта алмай отыр.
Просмотров материала: 3 023

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 162 237 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 162 058 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 161 692 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 161 732 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 162 022 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 539 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 681 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 891 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 727 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 910 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 698 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 510 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 157 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 015 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 836 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 004 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 119 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 785 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 162 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 893 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 899 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 737 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 579 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 835 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 783 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 289 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 733 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 612 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 875 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 204 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 615 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 592 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 627 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 582 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 814 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 953 Просмотров





Опрос


«    Август 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031