22 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Оны кешірмеймін" - ауыл әкімінен таяқ жеген баланың анасы

26 февраль 2018, 16:11
Ақмола облысы Қорғалжын ауданында ауыл әкімінің соққысы салдарынан ауруханаға түскен Диас Мұраттың анасы Айгүл Бекжанова айыпкерді кешірмейтінін айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Маған он бір кезінде мектептің директоры қоңырау шалып, балаңыз бір баламен төбелесіп қалды деп хабар берді. Жерді қазып барсам да барамын дедім. Ата-анасымен сөйлесіп, кешірім сұраймын деген ем. Жолдың ортасына келе берген кезде интернаттың балалары қоңырау шалып, «апай тезірек келіңізші, Диас есінен танып қалды. Жедел жәрдеммен ауруханаға алып кетті» деді. Ары қарай не істерімді білмей қалдым», - деп еске алады сол күнді Диастың анасы Айгүл Бекжанова ауруханада БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Анасының айтуынша, ауруханаға келген кезде хирург Диастың ес-түссіз жатқанын жеткізген.

«Палатасына барған кезде баламның беті аппақ болып кетіпті. Көзі жартылай ашық. Қолы көкшіл. Баламның саусағын қысайын десем, қолы мұздай. Одан кейін ІІБ- не бара жатқанымда қасымдағы балалар жағдайды айтып берді. Мына кішкентай баламды (Диастың інісі Мирас - авт.) бірнеше рет итеріп, құлата беріпті. Мирас Диасқа осындай бала маған тиісе береді деп көрсеткен көрінеді. Диас сабақтан шыққан кезде кабинет жанынан әлгі баланы көріп қалып, оны шақырыпты. Менің балам «Ініме неге тиісесің. Ол менің інім, біліп қой» деген кезде әлгі бала итеріп, Диастың кеудесінен бір тартқан. Содан кейін менің балам келіп, оны да бір тартқан. Сол жерде басқа балалар оларды арашалап алып, татуластырған», - дейді анасы.

Балалар татуласқанымен, бұдан кейін іс насырға шауып кеткен көрінеді.

«Менің балам бөлмесіне келіп отырған кезде еңгезердей адам кіріп келіп, балалардың көзінше «Диас деген кім» деп сұраған. Жанындағы бала «әне» деп көрсетіп, Диас орнынан тұра берген кезде оң қолымен сол жақ бетінен ұрған. Сол кезде бала орындықпен бірге қоса құлап, тумбочкаға басы тиген. Ары қарай баланың есінде ештеңе жоқ. Ал қасындағы бала әлгі ер адамның құлаған орындықты айналып, баланың басынан үш рет тепкенін айтады. Төртіншісі соққысы денесіне тиген. Сол кезде директоры бәрі келіп, әлгі адамды жұлқылап алып кеткен», - дейді Айгүл.

Диас сол жерде орнынан тұра алмай, тілін жұта бастаған кезде дәрігер баланың аузына қасық салып, тілін тартып көмек көрсеткен.

«Баланың әкесі (ауыл әкімі - авт.) ІІБ-не келген кезде артымнан келіп, кешірім сұрай бастады. «Иә, мен хайуандық жасадым. Енді не істейсің? Кешір» деп менен қайта-қайта кешірім сұрай берді», - деп еске алады Айгүл. - «Егер де мені жұмыстан шығарып жіберетін болса саған біз ертең ешқандай көмектесе алмаймыз. Өзің баламен әуре болып қалып қаласың деп үгіт жүргізе бастады. Не істерімді білмей айтқанын істей беріппін. Келесі күні тергеушіге қайта барып, арыз жаздым. Елді қорғайды деген адам баламызды тепкілеп жатса, өзінің тиісті жазасын алсын. Оны кешірмеймін», - дейді анасы.

Еске сала кетейік, Қорғалжын ауданының тұрғыны Айгүл Бекжанова Фейсбук әлеуметтік желісіне А.Төлеубаев атындағы орта мектепте оқитын ұлы, 8-сынып оқушысы Диас Мұқанды Қорғалжын ауылдық округінің әкімі Жанат Омаров соққыға жыққандығы туралы жазған болатын.

Онда зардап шеккен баланың анасы ұлының «мидың шайқалуы» диагнозымен Қорғалжын аудандық аурханасына, кейін Астана қаласындағы №2 ауруханасына жеткізіп, нейрохирургия бөлiмшесінде жатқанын айтқан еді. Бұл жазба көпшілік арасында наразылық тудырып, әлеуметтік желі қолданушылары оқушыға қол көтерген әкімнің ісін қатаң сынға алды.

Осы мәселе бойынша ҚазАқпарат ХАА тілшісі прокуратура органдарына сауал жолдады. ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі Мұқан Диастың денсаулығына зиян келтіру фактісі бойынша Қорғалжын аудандық ішкі істер бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, тергеліп жатқанын атап өтті.
Просмотров материала: 6 629

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 192 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 024 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 665 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 689 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 122 997 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 470 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 649 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 716 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 903 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 050 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 429 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 648 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 454 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 652 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 666 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 111 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 166 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 363 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 691 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930