22 ноября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Менің жерұйығым - Алға қаласы

10 май 2018, 14:38
Менің кіндік қаным тамған жерім, «іңгәләп» дүние есігін ашқан мекенім - Ақтөбе облысы, Алға ауданы. Бұл жерді киелі деп те атасақ, кем болмас. Әр адам өз жерін жұмақтай көріп, алыс кетсе сағынып, қуанышы мен қайғысына ортақ болады. Сол сияқты менің де Алға десе жүрегім бір сілкінетіні сөзсіз. Қасиетті де, киелі жерде батыр атамыз Есет Көкіұлы, жерлес ақын Ізтай Мәмбетов, аты әлемге әйгілі ғарышкер В.И.Пацаев, ақын Өтеубай Тіналин секілді ұлы тұлғалар дүниеге келген.

Алға - Қазақстанның солтүстік-батысындағы қала. 2014 жылғы мәлімет бойынша 39 мың 691 адам тұрады. Елек өзенінің оң жағалауында орналасқан. Бұрын "Киров" деп аталған екен. Өңіріміздің тіршілігі, тұрмысы облысымыздың өмірімен тығыз байланыста өрбиді, бірақ өзіне тән тарихы, табиғаты, шаруашылығы басқа да ерекшеліктері бар.

Жоғарыда айтып өткендей, қаламыздаң шыққан Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық күресін ұйымдастырушы-батыр, мәмілегер, қайраткер Есет Көкіұлымен (1667-1749ж.ж.) әрбір алғалық мақтана алады. Шыққан тегі - Кіші жүздің Жетіруы.

Есет батыр көптеген ел үшін Тәуке ханның тұсындағы шайқастарда, Ақтабан шұбырынды, Бұланты шайқасында, Аңырақай соғысында, Бөгенбай және Жәнібек батырлармен бірлесе отырып, «Қалмаққырылған» деген жердегі соғыстарда аянбай ерлік көрсеткен. Өз туған жеріне жетіп қайтыс болады.

Қазіргі таңда Есет батыр кесенесі жаңартылып, жанынан музей ашылып, музейде батырдың киген сауыттары, қолжазбалары, сол тұстағы дүниелер сақталған. Өңірімізге келген қонақтар ол кесенеге соқпай кетпейді. Биыл Есет Көкіұлының 350 жылдығына орай Бестамақ ауылында ескерткіш орнатылды.

Қала тарихына үңілсек, 1929 жылы Ақтөбеден 45 шақырым жердегі Орынбор-Ташкент теміржол бойында ірі құрылыстың бірі, Қазақстандағы химия өнеркәсібінің тұңғышы - алып химия комбинатының құрылысы басталған екен. Әр жерден жиналған бірнеше ұлттың өкілдері, жергілікті тұрғындар бірігіп, өзімізге ыстық Алға тарихын қолдан жасады.

Зауытта құрылысшылар, жұмысшылар еңбек етті. Әлі күнге дейін химзауытта жұмыс жасаған ардагер жұмысшылар өмірінің көп бөлігін осы зауытпен байланыстырады. Бұл кездегі алғалықтардың тұрмыс жағдайы басқа қалалармен салыстырғанда жоғары деңгейде болды.

Себебі тұрғындардың көбісі жұмыспен қамтамасыз етіліп, «дефицит» болған заттарға қол жеткізе алды. Сонымен қатар, алғалықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында батыр бабаларымыздың ізін жалғап, мыңдаған жерлестеріміз соғысқа аттанды.

Аудан тарихында өшпестей із қалдырған І.Мәмбетов, В.Пацаев, Ғ.Ахметов, Р.Айымбаев, Р.Ағниязов, т.б. есімдері ұлықталып, бүгінгі ұрпаққа насихатталып жүр.

Әлемде дамыған 4 діннің бірі - Ислам. Қалада еліміздегі ең әдемі ғимараттардың бірі – Мұхаммедқазы Меңдіқұл хазіретінің мешіті орналасқан. Алға қаласындағы бұл мешіт 2005 жылы Қазақстан валютасының дизайнер – суретшілерінің бірі, кәсіпкер Х.М.Ғабжәлеловтың және аудан халқының демеушілігімен салынған.

Мешіттің жалпы көлемі – 418,52 шаршы метр. 320 адамдық намазхана, әйелдер намазханасы, шәкірттерге сауат ашу бөлмелері жұмыс істейді. Бұл ғимараттың Алға тұрғындарына аудай қажеттілігін байқауға болады. Қашан көрсең де, кісі қарасы мол.

Жасөспірім, ақсақалдар әлгі күнге дейін ризашылығын білдіріп жүр. Өскелең ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие осыдан бастау алып отыр.

1933 жылы алғашқы аурухана кішкене жер үйде орналасқан екен. Мамандар жетіспеген, ауру адамның үйіне атпен барған. Бұл мағлұматтарды атамнан еститінмін. Кейбір мейірімді, қамқор адамдардың арқасында үлкенірек аурухана салынған.

1971 жылы қан құю орталығы құрылды. Қан құю орталығының міндеті - препараттар мен құрамын дайындау. Қазіргі мемлекеттің дамыған кезінде аурухана заман талабына сай жабдықталған.

Ключевой қалалық өнер бөлімі 1937 жылы қалалық атқару комитетінің өнер бөлімі болып құрылды.1938 жылы мәдениет үйі салынып, 1939 жылы аяқталды. 1941 жылы пайдалануға берілді. Хор, драма, би, ән, аспапта ойнау секілді басқа да үйірмелер жұмыс істей бастады. 1977 жылы мәдениет үйі Алға қаласының мәдениет бөліміне берілді. Жұмыстар ұйымдастырылып бірнеше әнші, биші, оркестр, хор топтары құрылды.

Алға теміржол станциясының тарихы кеңестік кезеңге дейінгі дәуірден бастау алады. Орынбор-Ташкент темір жолы 1912 жылы салынды.1918 жылы Азамат соғысы кезіңде темір жол өртеніп, 1921 жылы қалпына келтіру басталады,1929 жылға дейін далалық болып қалады.1935 жылы ғимарат болып қайта салынады.

1965-1995 ж.ж. Алға қаласы халық соты құрылады. 1996 жылдан Ақтөбе облысы, Алға қалалық соты деп аталады. 80 жылдық тарихы бар қалалық халық соты. 1933 жылы Ключевой аудандық прокуратурасы құрылды. Губерния, округ, уездерге бөліну жойылып, әкімшілік-аумақтық құрылыс аудандарға бөлінді.

1963 жылы бүгінгі орталық стадион және спорт залының ғимараты іске қосылды. Қалалық спорттың тарихы С.М.Киров атындағы Ақтөбе химия зауытымен тығыз байланысты. Күрес, бокс, волейбол, баскетбол, пионербол, футбол, т.б. командалар биіктен көрініп, жеңіске жетуде.

Кешегі Алға мен бүгінгі Алғаның айырмашылығы көк пен жердей. Көп өзгерістер болып, қалам құлпыру үстінде. Қаншама әкімдер, басшылар өзгерсе де, қаламның көркеюіне өз үлестерін қосып, қазіргі көрінісі ауыз толтырып айтарлықтай.

Мен өзімнің туған жерімді мақтан етемін және оның алдындағы перзенттік борышымды өтеуге әзірмін. Туған жерім менің тұлға болып қалыптасуыма осы дүниеге келген сәтімнен бастап өз әсерін тигізіп келеді. Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары демекші, өз елім өзіме ыстық.

Дүниенің алты құрлығында жүрсем де, туған мекеніңде өткен күндер есімнен кетпейді. Онда өткізген әрбір күнім естелікке толы. Міне, бой жетіп, асулардан асуға дайынмен. Көп жерлерді шарлаймын, саяхат жасаймын. Дегенмен, қайта оралып, өз туған қалам Алғадай Жерұйық таппайтыным рас. Қалам көркейіп, әлі де биіктерден көріне берсін!

Анаргүл АСЫЛБЕК
10 «А» сынып оқушысы
В.И.Пацаев атындағы
№2 Алға орта мектебі
Ақтөбе облысы
Алға ауданы
Жетекшісі: Мөлдір Мухамбеталина
Просмотров материала: 7 093

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 176 085 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 175 756 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 175 366 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 175 417 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 175 709 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 321 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 459 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 689 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 793 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 955 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 610 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 993 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 417 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 245 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 067 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 275 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 339 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 015 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 402 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 126 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 136 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 969 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 806 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 065 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 006 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 523 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 000 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 839 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 112 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 461 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 854 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 806 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 855 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 814 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 045 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 190 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930