9 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Гүлге оранған Шымкентіммен мақтанам

02 май 2018, 2:18
Әсем табиғатымен ерекшеленетін, 15 ғасырдан бері тарих қатпарларын кітап даналығындай сақтап келе жатқан жасыл қаламыз Шымкент – ел мұратының айғағы, ел тарихының асқақ шыңы. Ел Шымқаламызды шырайлы шаһар деп жатады. Олай болса, қаламыздың шырайы неде екен? Осыған жауап іздеп көрелік.

Біріншіден, таң шапағын атқаннан, күн ұясына батқанға дейін сұлулығын жылылығымен танытатын қаланың тұрғындары да жылы, қонақжай. Осы арада отбасы жағдайымен басқа қалаға қоныс аударған досымның: «Ол қаланың тұрғындары «Неге көңілсізсің? Неге жыладың?» деп сұрамайды. Шымкенттің халқы сияқты емес», – деген сөзі ойыма оралады.

«Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деп Абай атамыз айтқандай, шымкенттіктердің жүректері жылылыққа толы. Иә, шаһар тұрғындарының қиналғанға қол ұшын созып, демеу боларына дау жоқ.

Екіншіден, Ұлы Жібек жолының тоғыз жол торабында орналасқан көне қала ұлттық нақышты өрнектеуімен ерекшеленеді. Неге десеңіз, қала 19 ұлттық мәдени орталықтармен едәуір көште.

Қайнаған шаруаның ортасында қазақилықтың иісі аңқиды. Онымен қоса мұнда қазақтың тілі мен діні де жоғары мәртебеге ие. Қаймағы бұзылмаған салт-дәстүр мен әдет-ғұрып та осында.

Үшіншіден, Оңтүстіктің жүрегіне айналған шаһарымыз айнала биік Қаратау, Қазығұрт тауларымен көмкерілген. Шымкентті текке «жасыл қала» деп атамайды. Шымқала гүлге толы, бақтар мен бүршік атқан ағаштарға толы. Тамсанарлық тамаша табиғаты тағы бар.

Келесі ауыз толтырып айтарлықтай мақтанышымыз, әрине, инфрақұрылымымыз. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев бір сөзінде: «Шымкент Астана мен Алматыдан кейінгі халқы миллионды қамтитын үшінші алып мегаполиске айналуы тиіс», – деген еді.

Шынында да, Шымкентіміз алып мегаполиске айналуға әбден лайық. Зәулім сарайлар мен ғимараттарға толы қалада Абай атындағы демалыс және мәдениет саябағы, Бәйдібек ескерткіші, «Кең баба» этнографиялық саябағы, «Altyn eye», Дендросаябақ, зообақ, ипподром, «Mega Planet» ойын-сауық және сауда кешені, «Тәуелсіздік» ескерткіші мен алаңы, Жастар саябағы, «Shymkent plaza», «Nimex Land» ойын сауық орталықтары қала халқын шаттық пен қуанышқа бөлейді.

Сонымен қатар қос бірдей Елбасының Зияткерлік мектебі қаламызды нұрландырып тұр емес пе?!

Ал осындай сәулеті сәнді, өмірі мәнді Оңтүстік төрінде талай жас бас қосып, талай сәби иісі қаланы хош иіске бөледі, қаншама бақытты шақтар салтанат сарайларында аталып өтілсе, қаншама бүлдіршіндер мектеп табалдырығын аттады.

Елбасымыз атап өткен «миллионға» да табан тіредік. Осы тұста 2016 жылғы рейтинг бойынша қаламыздың «Ең ыңғайлы қала» атауына ие болғанын да тілге тиек етейік.

Білімі мықты елдің болашағы да баянды екені күмәнсіз. Міне, сондықтан да шырайлы қаламызда қаншама жас мамандар даярлануда. Қаланың шамшырағы ретінде Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ-ді және техникалық университетті атауға болады.

Қазақстан бойынша құрылыс мамандығын Ресеймен пара-пар әзірлейтін факультет те Шымкентте. Түрлі мамандықтарға бағытталған дәрістерді жоғарғы деңгейде өткізетін білікті ұстаздар осы өңірден шыққан. Талай ақын, талай жазушы, спортшы мен әнші - Шымкенттің тумасы.

Шымкенттен қанат қаққан қаншама студенттер әлемдік ареналарды бағындырып, әлемді басып озуда. Талай кәсіпкерлер мекені де Шымкент қаласында және өнер орталықтары да Шымкенттің келбетін ашуда.

Тізбектей берсек, Шымкентіміздің тамашасы таусылмас. Қорыта айтқанда, Шымкент – болашақтың ордасы, көк аспанда қыраны қалықтаған Қазақстанды сұлулығымен толықтырып тұрған көркем қалалардың бірі. Мен Шымкентіммен мақтанамын!

Ақмарал ІЗТІЛЕУ
12 «А» сынып оқушысы
Физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
Шымкент қаласы
Жетекшісі: Нұрсәуле Нұрмағамбетова
Просмотров материала: 2 693

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 194 578 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 194 165 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 193 683 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 193 740 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 194 089 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 325 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 421 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 715 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 155 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 263 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 610 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 454 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 576 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 388 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 226 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 709 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 472 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 161 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 562 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 338 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 265 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 097 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 241 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 163 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 661 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 472 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 994 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 249 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 625 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 004 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 946 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 033 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 994 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 198 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 357 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930