19 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ҰЛТТЫҚ ТАҒАМ НЕГЕ ҰЛЫҚТАЛМАЙ ЖҮР?

05 октябрь 2017, 10:13
ҰЛТТЫҚ ТАҒАМ НЕГЕ ҰЛЫҚТАЛМАЙ ЖҮР? Ас – адамның арқауы. Олай болса, біз қоғамдық тамақтану орындарында қандай асты арқау етіп жүрміз? Бұл жерде сапасын айтайық деп отырғанымыз жоқ, мәселе – олардың атауында. Даяшы ұсынған мәзір кітапшасындағы ас-ауқаттың географиясы орасан екенін көресіз. Еуразиядан Латын Америкасына дейінгі қаншама жұрттың аспаздық мәдениеті – алдыңызда. Ірі мейрамханалар мен дәмханалар көбінесе әлемдегі белгілі бір халықтың аспаздық дәстүріне басымдық береді. Бұл жерде қазақ тағамдарының бәсі төмен.

Ас-ауқат дегеніңіз – тек асқазанды жұбатып, ішіп-жеу ғана емес. Мұнда асты дайындау, ұсынудан бастап, тамақтану орнының қызметі, ғимараттың экстерьері (сыртқы пішіні мен безендірілуі) мен интерьері (ішкі безендірілуі мен жабдықталуы) – барлығы маңызға ие.

Үлкен қалаларымыздың көбінде ұшырасатын «Узбечка», «Хива», «Бухара» атаулы дәмханалар бұған жақсы мысал бола алады. Орыстың «Избушкасы» да ешкімнен қалысайын деп тұрған жоқ.

Үлкен қалалардағы сауда-ойын-сауық орталықтарында дайындалатын кипси, бургерлер тәрізді жылдам дайындалатындармен қатар, орыстың, өзбектің, қытайдың тағамдары самсап тұр. Тек қазақтыкі жоқ.

Рас, «Тайқазан», «Тағам», «Тәп-тәтті» т.б. асхана желілері бар, бірақ олар да көбінесе өзге ұлттардың дайын рецептілі тағамдарына басымдық беретінін байқайсыз.

Жарнама тақталардан, базар маңынан көбінесе орысша «плов по ташкентский», «лагман по дунганский, уйгурский, корейский» т.б. деген жазуларды көресіз. Бұл тағамдардың отырықшы өзбек пен ұйғырға, дүңгенге, кәріске тән екендігі, ғасырлар бойғы тіршілігі барысында белгілі бір дайындау тәсілін қалыптастырғаны рас қой.

Десе де, біздің қазақ халқы отырықшылыққа көшкелі де кемі екі ғасырдың жүзі болған жоқ па? Тіпті, сол ұйғыр мен дүңгеннің, кәрістің қазақ жеріне бауыр басқанына да алды жүз елу, арты сексен жыл болды.

Мәдениет алмасу жүрді, соның бірі – ас мәзірі. Ендеше, «лагман по кордайский, жаркентский» немесе «плов по сайрамский, туркестанский» т.б. деген атаулармен, өзіндік қоспалық ерекшелігі бар тағамдар әзірлеуге неге болмасқа? Баяғыдағы Хрущевтің «Дружба» шұжығы сияқты жасайық деген пікіріміз емес, дегенмен, халықтың емес, өлкенің атауымен белгілі тағам бренді дайындалса, өзі өмір сүріп отырған елге, жерге деген құрмет емес пе? «Шымкентше палау» барын білеміз, бірақ жалпыхалықтық түрде қолданысқа ене қоймаса керек.

«Біздің қазақтың еттен басқа ұсынатын тағамы бар ма? Оның өзін бешпармақ деп мазаққа айналдырып жібердік емес пе?», - дерсіз. Неге жоқ, қазақта? Біріншіден, қазақтың әр өңірінде дайындалатын тағамдар жетіп артылады. Оларды таныта алмай отырғанымызға өзіміз кінәліміз. Сол баяғы «қазақта түк жоқ, бұл біздікі емес» деген көрбалалық психология. Өзге жұрт жанталасып, өзгенікін өзіне теліп алуға құмар. Біздің қазақ өзінікінен безініп, кері итеріп әуре.

Мысалы, «ұн қуырдақ қазақтыкі», - десеңіз, бұл монғолдың цуйваны ғой», - дейтіндер бар. «Ұн көже – қазақтыкі», - десеңіз, жапонның рамэніне немесе орыстың суп с лапшойына т.б. бұрғысы келіп тұрады. Сонда деймін-ау, қазақтар ежелден тек ет асуды ғана білген бе? Олай болса тілімізде қолданыста бар, толып жатқан тағам мен ас үй атаулары мен халықтық жырлардағы дастархан сәнін қайда қоямыз?

Тарихи дәуірлер мен аумақтық, климаттық, экономикалық, шаруашылықтық т.б. факторларға байланысты Еділден Құбының құмына, Сібірден Жиделібайсынға дейінгі орасан алаптағы қазақтардың асүйлік салты да сан алуандыққа ие екені белгілі. Кейбір өңірлерде орыс, еуропа, өзбек немесе қытай асүйінің әсері анық сезілсе, ал бір өңірде етті тау төбе қылып астаумен тартып, енді бір өңірде кішігірім табақпен бір шөкім етіп әкеліп қойып жатса – мұның бәрі сол факторлардың айғағы болмақ.

Айтпар ойымыздың түйіні – қазақтың ұлттық тағамдары мен қазақстандықтардың тағам мәзірін, азық-түлік өнімдерін неге Отандық танымал бренд ретінде көтере алмай отыруымызға не кедергі деген сауал тастау еді.

Ұлттық, Отандық атаудағы тағамдарымыз қала мен ауылдың барлық жастағы тұрғындары күнделікті тұтынысқолжетімді ұлттық, Отандық тағамдар жүйесін кім көтереді?

Ұлттық, Отандық тағамдарымыз жалпы халықтық асмәзірлік тұтыну мәдениетінің ажырамас сұранысты бөлшегі ретінде тұрақты табыстың көзіне айналса – ұлттық бет-бейнеміз де айқын бола түсер еді ау! Не ішіп-жесең, соған ұқсайсың деуші еді...

Дереккөз: abai.kz
Просмотров материала: 3 588

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 196 144 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 195 743 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 195 254 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 195 303 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 195 661 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 418 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 510 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 804 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 292 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 387 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 690 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 496 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 598 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 400 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 244 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 739 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 485 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 179 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 577 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 357 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 278 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 112 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 960 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 264 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 176 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 677 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 516 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 014 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 265 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 641 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 017 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 959 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 053 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 016 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 213 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 371 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930