23 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"91" тобының фанаттары дәстүрлі өнер ХХ ғасырда қалып қойған деп, ұлттық өнерге тіл тигізіп жатыр

20 апрель 2018, 15:35
Жақында әлеуметтік желіде дәстүрлі әнші Сәуле Жанпейісованың "Қазақстан" РТРК" АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қаринге жазған ашық хаты туралы көп сөз болды. Осы мәселені тереңірек білу мақсатында ERNUR.KZ әншінің өзіне хабарласып, бірер сұраққа жауап алды.

- Сәуле ханым, дәл қазіргі таңда сіздің Ерлан Қарин мырзаға жазған ашық хатыңыз қызу талқыланып жатыр. Онда «Ұлтымыздың мүддесіне қайшы келетін еш мағынасы жоқ сөздермен былғанған жат ағымды музыка түрін насихаттап, жас қыздардың санасын улап, кімге қандай үлгі көрсетпек?» деген ойыңыз бар екен. Бұның соңы нақты неге соқтырады деп ойлайсыз?

- Жалпы, қай заманда да жастар еліктегіш, әрі кез келген нәрсені тез қабылдағыш келеді. Бұған дейін де Кеңес кезеңінің жастары шетел музыкасына еліктеген, бірақ оларды үлкендер түзетіп, ненің жақсы, ненің жаман екенін айтып тәрбиелейтін. Ал мемлекет тарапынан мұндай келеңсіз дүниелер мүлдем насихатталмайтын.

Мемлекеттік Ұлттық арнадан шынында да, жастардың санасын улайтын, мән-мағынасы жоқ жат өнер түрінің насихатталғанын бірінші рет көріп таң қалғаным рас. Бұл телеарна мемлекетіміздің саяси идеологиясын жүргізіп отырған айнасы емес пе? Әйтпесе, өзіміздегі басқа коммерциялық каналдар шоудың түр-түрін көрсетіп келеді ғой.

Жаңа жоба жасаушылар - өздерін қоғамда ерекше етіп көрсеткісі келетін, «жаңашылмыз» деп бұрынғы дәстүрлі, классикалық үлгіден тысқары өнер түріне еліктеуші топ. Бұларды субмәдениет өкілдеріне жатқызуға болады. Субмәдениет дегеніңіз – (суб – латын тілінде төменгі деген ұғымды білдіреді), яғни өнердің төменгі мәдениет үлгісі деген сөз.

Бұлардың негізі Еуропада жатыр, содан басқа мемлекеттерге тарап отыр. Мұндай топтағылардың көздегені өздерін «жаңашыл» етіп көрсетіп, Еуропаның түкке тұрғысыз төменгі өнері арқылы әлі санасы жетілмеген жасөспірімдерді соңдарынан ертіп, санасын улау.

Бұлардың түпкі мақсатын білмеген жасөспірімдер бұлардың мағынасыз, түкке тұрғысыз сандырағын жаңашылдық, ешкімге мойынсұнғысы келмейтін еркіндік деп түсінеді. Әлемдік практикада мұндай топтарға қандай адамдар еліктейді?

Өмірде өзін таба алмай жүргендер, өздерін елден ерекше етіп көрсеткісі келетін сән қуушылар, Еуропаға еліктеушілер немесе отбасында, ортада өзін таппағандар бұлардың мағынасыз өлеңдерінен жандарына таяныш іздейді, соны тапқандай болады.

Ең бастысы, бұлар жастардың психологиясына әсер етеді. Бұларды мүлдем іске алғысыз деуге келмейді. Иә, әуен-ырғақтарында адамды еліктіретін сиқыр бар. Әндерінің өңделуі жетілген техникамен жасалған болуы мүмкін.

Бірақ бізге жат деп отырғанымыз, ән мәтіні мен олардың имиджінде. Егер де бұлар ән мәтінін мықты ақындарға жазғызса, мүмкін ештеңе де болмас па еді? Бұл жердегі мәселе ән, бұларша айтқанда рэп мәтінінде жатыр. Бұл дегеніңіз жастарды ойсыздыққа, мағынасыз дүниелер жасауға итермелейді.

Мейлі, мұндайлар әр заманда бола береді, оған тіпті көңіл аударып та қажет емес шығар. Бірақ бұл жердегі үлкен қателік - еліміздің Бас телеарнасынан насихатталуында болып отыр ғой. Мұны біреулер рейтинг үшін десе, енді бірі мотивация деп жатыр.

«Қазақстан» Ұлттық арнасының негізгі көрермендері қала емес, ауыл халқы. Мұны көрген ауыл жастары ертең-ақ осыларға еліктеп, мәнсіз, мағынасыз дүниелерге бой ұрып, ата-анасын тыңдаудан қалады.

Жобаға қатысқан қыздардың сөзінен-ақ байқауға болады, «басында ата-анамыз қарсы болған, кейіннен рұқсаттарын берді» дейді. Мұның өзінен-ақ көп нәрсені байқауға болады. Мұндай ауру жұқпалы келеді. Дер кезінде емдемесе асқынып, түбі жаман ауруға айналып кетуі ғажап емес.

Негізі менің сөзім жастарға емес, халқымыздың сан ғасырлық тарихы бар дәстүрлі өнеріне бір бағдарлама арнай алмай отырған Ұлттық арна басшыларына арналған еді. Керісінше, біреулер мені Беделханмен белдестіріп қойғысы келеді.

Түп-тамыры қадым заманнан бастау алатын қазақтың абыз өнері Еуропаның ең төменгі үлгідегі түкке татымайтын, өнер деуге де келмейтін өресіздерімен қалайша белдеспек? Мені ашындырып отырғаны, осындай ешқандай ұлтқа жатпайтын өресіз өнер түріне Ұлттық арнаның дем беріп отырғандығы.

Бірнеше күннен бері "91" тобының фанаттары интернет арқылы халқымыздың дәстүрлі өнерін жерден алып, жерге салып жатыр. Шынайы ұлттық өнерімізге, бабамыздың асыл өнеріне тіл тигізіп жатыр. Бұл сорақылық емей не?

Мұндай бассыздыққа жол беруге не себеп? Олардың ойынша, дәстүрлі өнер өткен ғасырдың еншісінде екен де, ХХІ ғасырға сай болу үшін Q-pop ағымын таңдауымыз керек екен.

Бұл жобаны Ұлттық арна көрсетпесе, мен ештеңе демес едім, бұл өмірде мұндай топтардың барынан да бейхабар боп өтер ме едім? Енді міне, «көресіңді көрмей өлмейсің» дегендей жағдайға да жеттік.

- Бұл арада көрермен пікірі де екіге жарылып отыр. Олардың бір бөлігі «Музыкада тіл, өнерде шекара жоқ" дейді. Осыған қандай қарсы уәж айтар едіңіз?

- "Өнерде шекара жоқ» деген бұрыннан келе жатқан уәлі сөз. Шынында ол солай. Бізге бұған дейін шет мемлекеттерден келіп, бүгінде ұлттық өнерімізбен біте қайнасып кеткен өнер түрі көп. Сол Еуропадан симфония мен опера, балет, басқа да өнер түрлері келді.

Оны төбемізге көтеріп отырмыз. Өнердің басқа да поп, хип-хоп, рок, джаз, блюз, тағы не керек, бұлардың ешқайсысына ешкім шектеу қойып жатқан жоқ қой. Екіге жарылып отырған көрермен дегеніңіз, "91" тобының фанаттары мен оларға қарсы топ. Мен жастардың жаңа бағытта ізденгеніне қарсы емеспін.

Тек ол біздің ұлттық болмысымызға қайшы келмеуі керек. Мүмкін, бұл жастарға ән мәтінін дұрыс жазатын ақынмен жұмыс жасау керек шығар. Және Еуропадағы қызтекелердің имиджін насихаттаудың түкке керегі жоқ. Мәселенің бір ұшы осында жатыр. Біздің халықта қыз - қыз қалпын, жігіт - жігіт қалпын сақтау керек, ол заңдылық.

Бұлар сол заңдылықтан аттап кетіп отыр. Әр нәрсенің шегі бар. Халқымызда «Қызға қырық үйден тиым, қала берсе қара күңнен тиым» деген сөз бар. Көпшілік бұл мәтелді де ескірген дер, иә, бұл ХХІ ғасырдың мәтелі емес. Бірақ, қызы тәрбие көрмесе, ұлттың сорлағаны сонда болар. Тәнін сатқан қыздар қайдан шығып жатыр? Соның бәрі тәрбиесіздіктен, ойсыздықтан.

«Біріншіден не жаман?

Білімсіз болған ұл жаман.

Екіншіден не жаман?

Ананың тілін алмаған

Қасарысқан қыз жаман?» дейді бабаларымыз. Сондықтан, әр ата-ана қыздарына дұрыс тәрбие бере білуі керек, қала берді қыздардың тәрбиесіне бүкіл қоғам жауапты.

- «Q-pop» стилін ұлттық арнадан алып тастағанымызбен, қоғамнан алып тастай аламыз ба? Сіздің қандай ұсынысыңыз бар?

- Бұларды қоғамнан емес-ау, Ұлттық арнаның алып тастауының өзіне күмәнмен қараймын. Себебі, бұлардың мықты қолдаушылары болып отыр ғой. Болмаса неге біздің жобамыз өтпейді? Мен жастарға арналған жаңа жоба жасағалғанын қалаймын.

Бірақ ол мұндай жат ағымға емес, ұлттық санаға негізделу керек. Біз жастарымызға телеарна арқылы нені насихаттап отырмыз? 10 мен 18 жас аралығындағы жастарға арналған телебағдарламалар бар ма? Жоқ. Сондықтан да жастар «Q-pop idols» сияқты бағдарламаны қарайды.

Сосын одан қандай үлгі алады? Мұндай ағымды бір күнде қоғамнан алып тастай алмайсыз. Бұған тек мемлекет заңмен тиым салса ғана өзінен-өзі жоғалады. Кезінде небір діни ағымдар қазір қайда кетті? Оған мемлекеттің ғана күші жетеді.

- Сіздің ашық хатыңызды да, бұған дейінгі сұхбаттарыңызда да арна басшылары ұсынысыңызды қабылдамай жүргенін айтып келесіз. Оған не себеп болуы мүмкін?

- Білмедім, мүмкін бізге әнші ретінде қарайтын болар. Мұндай жобалармен телеарна саласының қызметкерлері айналысуы керек дейтін болар. Иә, рас бұрын біз мұндай істермен айналыспайтынбыз. Әр саланың өз қызметкерлері бар ғой деп қараушы едік.

Бір жылдары мені Ұлттық арна қызметке шақырып, «Қазақтың 100 әні» бағдарламасын ары қарай жүргізуімді өтінді. Себебі, ол кезде Ұлттық арнада басшылық ауысып, келеңсіз жағдайлар орын алған еді.

Бірақ телеарна мемлекеттік болғандықтан соған дейінгі басшылық жүргізіп келген бағдарламаны ары қарай жүргізуге келісім бердім. Бірақ бұрынғы басшылық шу шығарған соң, бағдарламаны «Бұл әнді білесіз бе?» деп атын өзгерттік. Мен жеті хабар жасадым.

Халықтың көңілінен шықты, алайда белгісіз себептермен келесі маусымда жабылып қалды, менің хабарымда айтылған шындық біреулерге ұнамай қалған болу керек. Сол кезеңдерде Ұлттық арнада дәстүрлі өнерге арналған «Сегіз қырлы», «Әлем-арт», «Дала-думан», «Жеті саз», т.б. тамаша бағдарламалар болып еді.

Соның бәрі бүгінде көзден бұлбұл ұшты. Жақында ғана «Мен қазақпын» дейтін жоба ашып еді, оның да ғұмыры келте болды. Таразда да «Қос ішек» атты авторлық бағдарламам болып еді, ол да халықтың көңілінен шыққанымен 10 хабардан арыға бармады.

Мәселе Ұлттық арнада менің жобам болмағандығында емес, осыған дейін болған тамаша бағдарламаларды жаңғыртып, солардың ізімен неге жаңа жоба дайындамасқа? Ең бастысы, халыққа ұлттық өнеріміздің дәріптелуі ғой. Әр басшы келген сайын жаңа жобалар жасауы дұрыс шығар.

Бірақ дәстүрлі өнерге мемлекет қолдау білдіріп, «Мәңгілік мұра» ретінде арнайы уақыт бөліп қойса артық етпес еді. Себебі, қазақтың ұлттық дәстүрлі өнері халықпен бірге жасай беретін өлмес мұрасы. Бұл – бабалардың аманаты, қазақта «Аманат, аманатқа қылма қиянат» деп бекер айтпайды.

- Осы жерде мына дүниені сұрайыншы, дәстүрлі өнерде жүрген майталмандардың да эстрадаға келуі неге жиілеп кетті?

- Себебі, эфир арқылы дәстүрлі өнер насихатталмайды. Қай арна болмасын, тек эстрадалық музыкаға басымдық береді, сондықтан халыққа танымал болу үшін дәстүрлі әншілер эстрадалық бағытта ән айтуға мәжбүр. Қаншама дәстүрлі әншілер жүр, ешкім оларды танымайды.

Өнер адамдарының танымал болуына көгілдір экранның ықпалы зор. Біздер, дәстүрлі орындаушылар өзімізді таныту үшін емес, көбіне дәстүрді, оның інжу-маржандарын ұрпақ санасына еге білсек қой деп еңбектенеміз.

Өкінішке орай, оны түсінетін басшылар аз. Сол себепті, дәстүрлі өнердің орнын «Q-pop» секілді жат ағымдар басып отыр. Бұл шындық.

- Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Қарашаш Есенбай
Просмотров материала: 3 829

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 293 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 125 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 766 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 790 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 098 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 476 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 653 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 720 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 909 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 054 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 433 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 321 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 649 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 353 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 455 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 653 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 113 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 291 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 167 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 364 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 130 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930