30 марта 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Амал мерекесі қазаққа монғолдардан келген бе?

14 март 2018, 14:38
Шығыс күнтізбесінің Жаңа жылы – Наурыз мерекесіне де аптадан аз уақыт қалды. Ал, Қазақстанның біраз өңіріндегі жұрт жыл басын бүгін, 14 наурыздан бастап тойлап кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Еліміздің батысында жұрт Наурыздан бір апта бұрын бір-бірімен көрісіп, ыстан аман-есен шығуымен, жаңа жыл келгенімен құттықтайды. Соңғы жылдары көрісу күні әр аймақтан бір естіліп жатқанмен, "Амал" мерекесі деп аталатын бұл ғұрыпты Батыс Қазақстандағы халық қана сән-салтанатымен тойлайды.

"Амал" дәстүрін Ресеймен шекаралас қазақтар сақтап қалған
Сонда басқа аймақтарда бұл дәстүр неге ұмытылды, сол аймақтардың халқы бұл мерекені неге жаңғыртпады деген сұрақтың жауабын іздедік.Тарихшы, ҚР Ұлттық музейі "Қазақстан тарихы" бөлімінің жетекшісі Сырым Хасенов "Амал" мерекесі тарихта ғылыми тұжырымға ие болмаса да, адамдар арасындағы мейірімілік пен бауырмалдылықты оятатын мереке екенін айтады.

"14 наурыз – батыс аймағына тән көрісу күні. Әсіресе, Маңғыстау өңірінде "Амал" мерекесі ерекше тойланады. Сонымен қатар, Батыс Қазақстанның Ресеймен шекаралас қазақ жерлерінде сақталған өте көне мереке. Бұл мереке – ізеттілікке, мейірімділікке, ауызбіршілік пен бауырмалдылыққа бастайтын ерекше үрдістердің бірі", — дейді тарихшы.

Көрісу күнінің тарихы туралы халық арасында әртүрлі болжам, әртүрлі пікір бар. Қатынайтын көлік құралы ат пен арба болған заманда алды 3 ай, арты алты ай қыста бір-бірінен байланыс үзген ана жұрт пен мына жұрт қар еріп, күн жылынғанда қайта қауышып, көріседі екен.

Және де сол күн наурыз айының ортасына тұспа-тұс келген, сол дәстүрден осы Амал мерекесі пайда болды деген болжам бар. Сырым Хасенов "Амалдың" нақты ғылыми тұжырымдамасы болмаса да, тарихта осы күнге қатысты жазба-нұсқалардың барын айтты.

Наурыз ортақ, салт-дәстүр неге әртүрлі?
"Қазақ халқы жыл басын 22 наурыз, яғни, күн мен түннің теңескен уақытында қарсы алатыны белгілі. Ал бірақ батыс өңір жыл басын осы 14 наурыздан бастап кетеді. Неге? Отан тарихы ғылымында 14 наурыздың ғылыми тұрғыда тұжырымдалған нақты сипаты жоқ. Бірақ әртүрлі болжамдар мен жорамалдар бар.

Археолог ғалым Андрей Астафьев бұл дәстүрлі ғылыми тұрғыда түсіндіріп беруге тырысқан. Бұл ғалым Маңғыстау өңірін көп зерттеген адам. Сол зерттеулерінің негізінде ол "Амал мерекесінің тамыры моңғол мен тувалық халықтарда жатыр" деген қорытындыға келген.

Адай өңірінің аңыздары бойынша, бір заманда адамадар үстірт аймағы арқылы Маңғыстау өңіріне шығыстан келген деген жорамалын айтады. Яғни, шығыстан келген халық өздерімен бірге күнтізбелік жүйесін де алып келуі мүмкін деген болжамға тоқталған. Моңғолдардың күнтізбесіне сәйкес, бір аптада тоғыз күн болған және қыс 22 желтоқсаннан басталады деп есептелген.

Сонда күнтізбедегі төрт маусым тоғыз күннен тұратын кезеңдерге бөлініп, 23 желтоқсаннан 14 наурызға дейінгі уақыт тоғыз аптадан тұратын кезеңдерге бөлінеді екен", — дейді Сырым Хасенов тарихшының дерегіне сүйене отырып.

Сырым Хасеновтің айтуынша, Мәшкүр Жүсіп Көпеев те өз жазбасында сегіз күндік наурызнама өтетінін жазған. Ескіше осы сегіз күндік наурызнама 14-22 наурыз аралығына келеді екен.

"Тағы бір болжамдар бар. Кемеңгер ақын Абайдың інісі Шәкәрім қажының ұлы Ахаттың жазуынша, 14 наурыз ескіше 1 наурыз деп есептеліп, көктемнің басталғанын болжайды деп айтқан екен. Ескіше айтқанда, 1 март қазақша жаңа жыл екенін Шәкірім қажы айтып отыратын деп жазған Көпеев", — дейді Сырым Хасенов.

Кенжекей Тоқтамұрат
Просмотров материала: 4 028

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 193 149 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 192 716 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 192 250 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 192 306 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 192 650 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 237 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 342 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 626 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 049 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 156 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 533 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 419 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 560 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 374 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 207 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 656 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 451 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 138 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 543 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 309 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 250 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 085 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 218 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 146 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 646 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 428 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 975 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 236 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 606 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 990 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 932 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 017 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 970 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 186 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 340 Просмотров





Опрос


«    Март 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031